Мотивациялыққозғаушылық кезеңі. | Қуан, шаттан! Алақай! Қуанатын келді күн. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін де күн! Балалар бір-біріне қарап күлімдеп, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тырысады. | Күн | Бәрі қосылып айтады. |
Ұйымдастыру кезеңі. Әңгімелесу. Дәрігер Салауаттың кеңестері. Ойын ойнау. | -Адамдар неліктен бір-біріне күлімдейді? -Тіс күтудің қандай ережесін білесіңдер? -Адамға тіс не үшін қажет? Адам ағзасы белгілі бір уақытта ас қабылдап үйренгендіктен, күнделікті сол уақытта асқазанда ас қорытатын арнайы сөл бөлініп шығады. Асқазан сөлінің жоғалып кетпеуі үшін күнделікті уақытында дұрыс және жүйелі тамақтану қажет. Адамның денсаулығы мықты болуы үшін, пайдалы тамақ жегені дұрыс. Себебі ол өзінің ағзасына керекті заттарды, дәрумендерді тамақтан алады. Егер адам бір-ақ түрлі тағаммен ғана тамақтанса, әлсіз және жиі ауырғыш болады. Балалар дені сау болып өсуі үшін, әртүрлі толық құрамды тағаммен тамақтануы керек. Жеміс-жидектер мен көкеністерді қажетінше көп жеу керек. Олардың құрамындағы дәрумендер бойдың өсуіне, ағзаның дұрыс дамуына және көздің көруі жақсаруына көмектеседі. -Тамақтың алдында қолыңды жу. -Жеміс-жидекті жуып же. -Тамақтану тәртібін сақта. -Тамақты әбден шайна. Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген бөлікті салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратады. «Саяхатшы нан» өлеңін оқып, талдау. Ас қорыту ағзаларын атаңдар: -Ауыз. -Жұтқыншақ. -Өңеш. -Асқазан. -Ішек. -Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек – ас қорыту жүйесіне жатады. -Ас қорыту жүйесінің шарты – дұрыс, уақытымен тамақтану. -Тамақтанар алдында қолыңды жу. -Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту керек. | Ас қорыту , тамақтану суреттері Адам гигиенасы суреттері Күн тәртібі Ас қорыту мүшелерінің суреттері. Валеология әліппе дәптері. | Сұрақтарға жауап береді. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Дәрігер Салауаттың кеңестерімен танысады. Ойын ойнайды. Өлеңмен танысып, талдайды. -Ауыз. -Жұтқыншақ. -Өңеш. -Асқазан. -Ішек. мұқият тыңдайды. |