Білімділігі: оқушыларға компьютерлік вирустардан қалай қорғану керек екендігін түсіндіру, вирустың не екендігін, ол қайдан пайда болатыны жайлы мағұламат беру; Дамытушылығы: оқушыларға дидактикалық материалдар, тапсырмалар беру арқылы, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, c абаққа деген қызығушылығын арттыру ; Тәрбиелігі: оқушыны жинақылыққа, ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ “Ғажайып алаң” ойыны(үй тапсырмасы)
ІІІ Жаңа тақырып
1) Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)
2) Мағынаны тану (жаңа тақырып)
3) Ой толғаныс (қорытынды, бекіту)
ҮІ Үй тапсырмасын беру. Бағалау
- өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар.
Ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Компьютерлік вирус
Компьютерлік вирустар – арнайы құрылған программа. Бұл программа өздігінен басқа программаға қосылып өзінің көшірмесін көбейтеді. Негізгі мақсаты бумалардағы файлдарды жою, жұмыс жасау барысында кедергілер келтіру.
- Қалыпты жұмыс істеп отырған программаның дұрыс жұмыс жасамауы;
- Компьютердің ақырын жұмыс жасауы;
- Операциялық жүйенің дұрыс жүктелмеуі;
- Файлдардың жоғалып кетуі;
- Файл өлшемдерінің өзгеруі;
- Дискіде файлдар санының кездейсоқ көбеюі;
- Экран бетіне түсініксіз хабарлар мен суреттердің пайда болуы.
- Ақпарат тасымалдаушы құралдар арқылы
Мақсатына
қарай
Жұмыс жасау
қабілеті
мен мақсатына
қарай
Логикалық бомбалар
Ұстауыш-вирустар
Жұмыс жасау қабілеті
мен мақсатына
қарай
Құрттар
Троян аттары
Шантаж жасаушы
Бейсауат
- мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар»
онша қатты зияны
жоқ вирустар
Мақсатына қарай
Мағынасыз
Насихатшы
әсері төмен вирустар
«өзін көрсету»
мақсатында жасалған
Жүктейтін
Файлдық
Макровирустар
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар
Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады.
Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады.
Melissa вирус (Дэвид Смит шығарған) – әйел атымен аталған жаңа «құрт» вирусы. Ол Word документтеріне жабысып, макеттерді бүлдіріп, өзін Microsoft Outlook кітапшасына жіберген. Ол 2004 жылдың 3-30 наурыз аралығында әрекет еткен.
Mydoom вирусы желілерде тарала отырып, жаңа құрт – вирус Mydoom B құрып алды. Эксперттердің айтуы бойынша Mydoom B вирусы әлемде көп таралған өте қауіпті вирус болып табылады. Ол әлемдегі компьютерлердің 30% – ін қамтыған. Тіпті ол ең бірінші рет желіге кірісімен желіге 100 млн электрондық хат жіберген.
Вирус жұққан компьютерлер
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.
Қазіргі қолданыстағы вирусқа қарсы (антивирустық) программалар
Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды
төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады:
Детекторлар
Полифагтар
Ревизорлар
Міндеті: вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі уақытта сирек қолданылады
Қызметі: вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпа-лы программа-дан жою.
Міндеті:
программалардыңкаталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау
Детектор программалар – тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді
Полифагтар . Олардың қызметі-вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою. Өте қуатты полифаг-сканер И.Данилов құрған Dr. Web (Doctor Web) болып табылады. Ол вирустарды жақсы айырып таниды, бірақ оның базасында вирусқа қарсы күресетін құралдар басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз. Жалпыға әйгілі полифаг Е.Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti-Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі.
Ревизорлар – міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д.Мостов дайындаған программа-ревизор ADif жақсы танымал.
Сүзгі программалар- компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Вакцина программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
Антивирус Касперского 6.0
Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы (антивирустық) программаларды тұрақты жаңалап тұру қажет.
Есіңізде болсын ! Компьютерлік вирустардың программасын жазатын «программашылар» немесе хакерлер қорғау құралдарын жеңу және бөтен компьютерлерге кіру үшін тұрақты түрде жаңа вирустардың программасын жазады. Бірақ мұндай әрекет барлық мемлекеттерді заң жүзінде қудаланады.
Бүлінген хатты қалпына
келтіру
1-хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені пернетақтамен көптеген құжаттарды басып шығаруға болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.
Компьютерлік вирус - өздігінен ________ қабілетті арнайы ______________, ол компьютер _____________сақталатын программалар мен файлдарды _________, _________және компьютерді _______________ мүмкін.
Компьютерлік вирустармен күресу үшін ______________________________ программаларды тұрақты __________ тұру қажет.
Адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыр.
Салыстыр
Адам
жұқпалы ауру түрлері
Компьютер
пайда болу белгілері
емдеу жолдары
сақтану жолдары
Үйге тапсырмасы: 5.5 тақырыпты оқып, 51-беттегі сұрақтарға ауызша жауап беру, интернет беттерінен вирус және вирусқа қарсы программалары туралы қосымша мәліметтер алып, дәптерге жазып келу.