Кіріспе 3 мин | Оқушылармен амандасамын. Үй тапсырмасы «Биологиялық диктант» арқылы тексеріледі. (интерактивті тақтада және жеке дәптерде орындайды) 1.Жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы ........ алмасу деп аталады. 2.Биосинтез реакцияларының жиынтығы, жаңа жасушалар, жаңа заттар түзілуі ........ алмасу деп аталады. 3.Қорғаныш қызметін атқаратын нәруыздар........... . 4.Барлық ұлпалар мен мүшелерге оттегін тасымалдайтын нәруыз........ . 5.Құрамында ......... амин қышқылдары бар тағамдар толыққұнды деп аталады. 6.Организм ұлпасының жасушаларының түзілуіне қатысатын негізгі құрылыс материалы - ............ 7. .......... Адам денесіндегі массасының 10-20 пайызын құрайды. 8.1г май ыдырағанда ....... кДж энергия бөлінеді 9. ..... Дене массасының 1-2 пайызын құрайды. 10.Көмірсулар адам организмінде ........ дейін ыдырайды. 11.Көмірсулар жануар крахмалы- ....... түрінде қорға жиналады. 12.Қандағы глюкоза мөлшері ...... және ....... гормондары арқылы реттеледі. | Үй тапсырмасын еске түсіре отырып топтарға бөлінеді. Тапсырмаларды жеке орындайды. | |
Негізгі бөлім 15мин 5мин
5мин
4 мин
5 мин | 1. «Жұптағы әңгіме» әдісі Параграфты 4 топқа бөліп беремін: І топ: Витаминдердің ашылу тарихы. ІІ топ: С және В тобы витаминдері ІІІ топ: А және Д тобы витаминдері ІV топ: РР витамині Алдымен мәтінді түсініп оқу болады, содан кейін оқушылар жұпта әңгімелесіп, топтан бір оқушы әңгімелейді. 2."Адасқан азықтар" (Тақтада азықтардың суреттері тұрады.Оқушылар сол азықтарды тиісті витаминнің тұсына апарып орналастырулары қажет. Интербелсенді тақтада орындайды.Шашылған азықтар: Айран, ет, асбұршақ, сәбіз, қызанақ, балық, қырыққабат, өрік, апельсин, болгар бұрышы) "Жетіспейтін дәрумен" 1.Окулисттің қабылдауына 55 жастағы науқас келді. Науқас өзінің қас қарайған сәтте және түнгі уақыттардарда автомобиль жүргізу қиындық тудыратынын айтты.Ал күндізгі уақытта ешқандай қиындық туындамайтынын айтқан.Сонымен қатар науқас уақытылы тамақтанбайды.Осындай қауіпті белгілердің себебі неде деп ойлайсыңдар?Жауабы:Негізгі себептердің бірі - "ақшам соқыр", бұл ауру - А витаминінің жетіспеушілігінен туындайды.Ретинол қараңғы сәттерді көруді қамтамасыз ететін таяқшалар пигменті родопсиннің құрамына кіреді. 2.Терапевт дәрігерге тісінің қызыл иегі үнемі қанайтын, үнемі шашы түсетін науқас келді.Бұл науқасқа дәрігер шиповникты қайнатып, ұзақ ішу қажет деген ем тағайындады. Не себепті дәрігер бұлай істеуге кеңес берді?Жауабы:Бұл науқаста С витаминінің гповитаминозы байқалған. С витамині коллагеннің құрамына кіреді.С витаминінің жетіспеушілігін тез арада толтыру үшін дәрігер шиповникты жазып берген. Шиповникта С витамині өте көп. 3.Дәрігерге өт шығару жолы және ұйқы безінің жұмысы бұзылған науқас келді.Бұл жағдайда қандай витаминдердің авитоминозын күтуге болады?Жауабы:Өт және ұйқы безінің сөлі ағзаға майды липидтерге дейін ыдырату үшін қажет.Егер майлы тамақ өттің бөлінбеуіне байланысты дұрыс қорытылмаған болса, онда майда еритін витаминдердің авитоминозын күтуге болады.А,Д,Е,К. 4. Науқасқа "А витаминінің авитаминозы" деген диагноз қойылды.Не себепті дәрігер науқасқа көбірек қызылетті көкөністерді жеуге кеңес берді?(қызанақ, сәбіз, болгар бұрышы)Бұл көкөністерде А витамині жоқ қой?Жауабы: Азық түліктерде витаминдерден басқа, ағзаға түскен кезде витаминге айналатын заттар болады.Оларды провитаминдер дейді.Тура сондай заттар немесе каротиндер бар. Бұл каротиндер каротиназа ферментінің әсерінен А витаминіне айналады. "Сөздер банкасы" (Интербелсенді тақтада сөздер шашылып жатады. Әрбір сөзді тиісті витаминге апарып орналастыру қажет. ) 3.С деңгейіндегі оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақ қоямын: Оқушылар аспазшының рөліне ене отырып, төмендегі сұраққа жауап берулері тиіс: -Азықты қалай өңдегенде оның құрамындағы витаминдерді көптеп сақтап қалуға болады? *Тамақ дайындаған кезде қатты қайнатуға немесе қатты қуыруға болмайды! *Тамақты дайындау кезінде эмальмен қапталған ыдыстарда пісірген жөн! *Жеміс, жидектерді, көкөністерді кептіру, консервілеу, мұздату әдісі арқылы сақтауға болады! *С дәруменін сақтап қалу үшін, көкөністерді беті жабық ыдыста қайнатқан жөн. Егер буға пісірсе тіпті жақсы! *Көкөністердің құрамындағы дәрумендер жақсы сақталу үшін оларды салқын, қараңғы жерде сақтаған жөн! -Аспазшы ретінде қандай тамақтарды (салаттарды) дәруменге бай деп ұсынар едіңіз? *"венегрет" салаты *суға қайнатылып пісірілген картоп *тұздалған қырыққабат *алмадан дайындалған компот | Тақырыпты оқып болған соң, жұпта талқылайды, әңгімелеседі. Топта ақылдаса отырп, орындайды.Кейін топтан бір оқушы шығып тақтада орындап көрсетеді. Оқушылар топта ақылдаса отырып орындайды, топтан бір оқушы жауабын айтады. РР витаминіне қатысты сөздерді, сипаттамаларды тауып орналастырады. | Бір – бірін өзара бағалайды. Топтар бір-бірін "2жұлдыз, 1 ұсыныс" әдісі арқылы бағалайды Топтар бір-бірін "бас бармақ" әдісі арқылы бағалайды. Жұмыс жұпта орындалғандықтан, оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. |