СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Визуальды өнер.. Бейнелеу өнерінің қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін түрлері мен жанрлары анықтау және зерделеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Визуальды өнер.. Бейнелеу өнерінің қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін түрлері мен жанрлары анықтау және зерделеу»

Бөлім «Визуалды өнер»

Тақырып Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары

Оқу мақсаты 5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

Бағалау критерийі Білім алушы  Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер түрлерін ажыратады  Қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін ақпараттарды қолдана отырып ажыратыңыз және зерделеңіз.

Mысалы:

Дескриптор Білім алушы - қолөнер мен дизайн туындыларын ақпаратты қолдана отырып, жұпта талқылайды; - туындылардың ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады; - альбомдарында (скетчбуктерінде) жазба жұмыстарын жүргізеді.

5

Тақырып Классикалық өнердің үздік туындылары

Оқу мақсаты 5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттықкоммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Бағалау критерийі Білім алушы  Шығармашылық идеяларды ақпарат көздерімен жұмыс істеу арқылы зерттейді және дамытады  Ақпарат көздерінен (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы) өнердің үздік туындыларының түрлерін анықтайды  Өнердің үздік туындыларын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Өнердің үздік туындыларын зерттеп, идеяларыңызды дамыта отырып, Мона Лиза портретін сипаттаңыз.

Мысалы: Леонардо да Винчи Мона Лиза

Дескриптор Білім алушы  жұпта интернет желісін қолдана отырып өнердің үздік туындыларын анықтайды;  альбомдарында (скетчбуктерінде) жазба жұмыстарын жүргізеді;  Леонардо да Винчи туындысы Мона Лиза портретін сипаттайды.

6

Тақырып Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы

Оқу мақсаты 5.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы  Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды түсіндіреді  Қазақстанның атақты суретшісі Ә.Қастеевтің шығармашылығымен танысады  Суретшінің туындыларын талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Қазақстанның атақты суретшісі Ә.Қастеевтің өмірбаянымен танысыңыз, оның «Шоқан Уәлихановтың портреті» атты шығармасын талқылаңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы  Қазақстанның атақты суретшісі Ә.Қастеевтің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысады;  суретшінің «Шоқан Уәлихановтың портреті» атты шығармасын топта талқылайды.

7

Тақырып Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Оқу мақсаты 5.3.3.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы  Пәндік терминологияны қолданады  Өнер туындыларының жанрлары мен түрлерін анықтайды  Өнер түріне байланысты қолданылатын әдістәсілдерді сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Бейнелеу өнерінің терминологиясын қолдана отырып, суретшілердің, қолөнершілердің, дизайнерлердің жұмыстарындағы жанрлар мен түрлерін анықтаңыз және қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттаңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы  пәндік терминологияны қолданады;  суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттайды;  жұмыстардың жанрлары мен түрлерін анықтайды;  альбомдарында (скетчбуктерінде) жазба жұмыстарын жүргізеді.

8

Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт

Оқу мақсаты 5.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Бағалау критерийі Білім алушы  Натюрморт композициясының нобайын салады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Ұлттық бұйымдардан құралған натюрморт композициясының нобайын салыңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы  нобайды салады;  натюрморт композициясын кұрастырады.

9

Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт

Оқу мақсаты 5.1.6.4 Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі Білім алушы  Таңдаған материалдарын пайдаланып, натюрморт композициясын құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Кеңсе заттарын (желім, түсті қарындаштар, сызғыш, қалам, қарындаш немесе циркуль) қолдана отырып, натюрморт композициясын құрастырыңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы  композицияны құрастырады ;  заттарды орналастыру заңдылықтарын көрсетеді.

10

Тапсырма

Графика көркем тәсілін қолданып, қазақтың ұлттық музыкалық аспабын көркемдеп салыңыз.

Мысалы: 1. Көркемделген музыкалық аспапты көру. 2. Музыкалық аспапты қарындашпен салыңыз, көркемдеңіз.

Дескриптор Білім алушы  сурет салу ережелерін қатаң сақтайды;  қарындаш, тушь және басқа да графика құралдарымен жұмыс істейді;  сызба нұсқаларының салу тәсілдерін көрсетеді.

Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт

Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы  Шығармашылық идеяларын графика көркем өнер тәсілі арқылы жеткізеді  Визуалды элементтерді таңдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

11

Тапсырма

а) Натюрморт нұсқасына мұқият қараңыз. ә) Көрсетілген натюрморт нобайын(эскизін) қағаз бетіне түсіріңіз. б) Акварель бояуларын қолданып, әр заттың түсіне сәйкестендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояңыз.

Мысалы:

Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт

Оқу мақсаты 5.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Бағалау критерийі Білім алушы  Натюрморт композициясын салады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

12

Дескриптор Білім алушы  қағазға орналастыру заңдылықтарын орындайды;  натюрморт композициясының нобайын салады;  нұсқадағы заттардың түстерін анықтайды;  көлеңке жарығын белгілейді;  акварель бояуымен жұмыс істейді.

13

Тапсырма

Визуалды өнер элементтерін сипаттаңыз және берілген табиғат суреттерін талдаңыз, өзіңізге ұнаған жыл мезгілін бейнелеңіз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы  топта композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдікті талқылайды;  табиғатты бейнелеудегі визуалды сипаттаманы талдайды;  визуалды өнер элементтерін сипаттайды;  пейзаж суреттерін талдайды;  альбомдарында (скетчбуктерінде) табиғат элементтерінің нобайын салады;  ұнаған табиғат мезгілін бейнелейді.

Тақырып Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы

Оқу мақсаты 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

Бағалау критерийі Білім алушы  Визуалды өнер элементтерін зерделейді  Пейзаж жанрындағы суретті талдайды  Өз ойымен әр түрлі мезгілдегі табиғатты бейнелейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

14

Тапсырма

Пейзаж жанрында салған суретті зерттеп, сипаттаңыз. Әуе перспективасын көрсете отырып, пейзаж салыңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы  топта композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдікті талқылайды;  табиғатты бейнелеудегі визуалды сипаттаманы талдайды;  әуе перспективасын көрсетіп, пейзаж салады;  альбомдарында (скетчбуктерінде) жазба жұмыстарын жүргізеді.

Тақырып Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы

Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы  Өзінің ішкі сезімдеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның визуалды бейнесін зерттеп, сипаттайды  Әуе перспективасын өз жұмысында түстер арқылы көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

15

Тақырып Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

Оқу мақсаты 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

Бағалау критерийі Білім алушы  Пейзаж түрлерін ажыратады  Пейзажда визуалды элементтерді қолданады  Шығармашылығында өнердің әртүрлі тәсілдерін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Акварель немесе гуашь бояуын қолданып, өз қиялдарыңыздан шыққан қала пейзажын бейнелеңіз.

Мысалы:

Акварель Гуашь

Дескриптор Білім алушы  акварель және гуашь бояуымен жұмыс жасайды;  бояу түстерін дұрыс таңдайды;  пейзажда түс үйлесімділігін көрсетеді;  жеке шығармашылық жұмыс жасайды.

16

Тақырып Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы  Пейзажда визуалды элементтерді қолданады  Шығармашылығында өнердің әр түрлі тәсілдерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Акварель бояуын қолданып, қалаңыздағы ең көрнекті ескерткіштерді, архитектуралық сарайларды немесе мұражайлардың суретін салыңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы - индустриялды пейзажды басқа пейзаждан ажыратады; - бояу техникасын түрлендіреді; - суретте түстік үйлесімділікті көрсетеді; - үйлестіру заңдылықтарын қолданады; - бояумен ұқыпты жұмыс жасайды.