СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Внеклассная работа "Аққулар ұйықтағанда"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (М. Мақатаев)

Сценарий:

Шымылдық ашылады.

Еденде бала ауырып, қасында әке мен ана тілеуін тілеп отырады. Аққула өзендегі видио ролик

Автор:

Өзен де жоқ сыймаған арасында,

Жылға да  жоқ даламен  жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың  тамшысындай,

Қалай біткен мынау көл тау  басына?!

Әлдилеп  ақ  төсінде, бермей  тыным,

Ақ  айдын ақ  мүсінін тербейтұғын.

Бұл  көлге мылтық алған  саятшы  емес,

Тірі жан  аяқ басып келмейтұғын.

Аққулар аман – есен  қайтқанынша,

Суына  «Жетім көлдің»  шөлдейтұғын.

( Суымен  сырқаттарын  емдейтұғын)

 

Бала жатыр төсекте күйіп – жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып.

Әке:

- «Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...

Ана:

  • - Аққумен баланы аластаңдар,

Деді – дағы жәйімен жөнеп кетті...»

 

Ана:

  • - Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

Әке:

  • Апыр – ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?...

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! – деп зарланады.

Амалы таусылған ана не істерін білмей:

Ана:

  • Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі! – деп мылтықты қолына алып сахынадан шығып кетеді.

Шымылдық.

Видео проектордан көл бетінде жүзіп жүрген аққулардың бейнесі көрсетіліп, автор дауысы естіледі.

 

 

 

Автор:

... Аққулар....

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

 Шошымай  шолжаң  өскен батырларың,

Ана  отырған  шыршаға жақындады.

Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,

Білмей  қалды  мылтықтың   атылғанын.

 

тарс еткен мылтық дауысы естіледі.

 

Ию – қию көл маңы, астан кестен,

Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.

Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,

«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен.

Тау жаңғыртып , тамаша  құстың әні,

Қош  айтысыпкөлменен,  ұшты бәрі.

Көл бетінде көлбендеп, жаралы  аққу,

Ұша  алмайды, ұшпақ  боп  күш  қылады....

 

«Жетім  көлдің»  басында жылқы  жатқан,

Дөңге  шығып, қарт тұрған  жылқы баққан:

Қария:

«... Апыр – ай, бұл кім болды, таң сәріде,

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

  • Ей !

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың , арың бар ма?!

Тастағың қаруыңды, келгін бері,

Келгің бері, кеуденде жаның барда!

Ана:

  • Мана  күндіз  тәуіп  шал келіп,кетті,

Әлде  өтірік, әлде шын  демеп  кетті.

Аққумен  баланы аластандар,деді дағы,

          Жайымен  жөнеп кетті.

  • Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой...

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..

Мін атқа, қайт ауылға , тағат  қыл да.

... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрыса саусағынды қанаттың ба?

Ана:

  • Жоқ, әлек боп, арпаласып сор- қайғымен,
  • Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...

Жасымнан естігенім бар – тын еді,

«Әтеуір аққу атқан оңбайды деп...

Қария:

  • Солай, солай...

Аманат бір құдайға...

Қай – қайдағы түседі құрғыр  ойға....

Құрғыр ойға....

Автор:

Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,

Өлі менен тірінің  арасында.

Өліп  жатқан  ұлына  қарасын  да,

Қалсын  ана «Жетім  көл»  жағасында,

Өлі менен тірінің   арасында.

Шымылдық ашылып, сахынада бала жанында отырған әке көрініп, қастарына еш амалы қалмаған ана келеді.

Ана: Күннің күркірегені дыбысталады

Жоқ!

Мен емес...

Мен атпадым...

Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»

Қасиет!..

О, қасірет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалындығы шашымдай ма ең!..

Қасиет!..

Автор: Аққула ұшып бара жатқан ролик

  • Орында  екен «Жетім көл»  жоғалмапты,

Ортаймапты  немесе  толаймапты.

Жағалауын  жауыпты  жасыл  жалбыз,

Қасиетті  аққулар  оралмапты.

Шымылдық.

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Внеклассная работа "Аққулар ұйықтағанда"»

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (М. Мақатаев)

Сценарий:

Шымылдық ашылады.

Еденде бала ауырып, қасында әке мен ана тілеуін тілеп отырады. Аққула өзендегі видио ролик

Автор:

Өзен де жоқ сыймаған арасында,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мынау көл тау басына?!

Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.

Аққулар аман – есен қайтқанынша,

Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын.

( Суымен сырқаттарын емдейтұғын)



Бала жатыр төсекте күйіп – жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып.

Әке:

- «Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...

Ана:

  • - Аққумен баланы аластаңдар,

Деді – дағы жәйімен жөнеп кетті...»



Ана:

  • - Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

Әке:

  • Апыр – ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?...

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! – деп зарланады.

Амалы таусылған ана не істерін білмей:

Ана:

  • Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі! – деп мылтықты қолына алып сахынадан шығып кетеді.

Шымылдық.

Видео проектордан көл бетінде жүзіп жүрген аққулардың бейнесі көрсетіліп, автор дауысы естіледі.







Автор:

... Аққулар....

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Шошымай шолжаң өскен батырларың,

Ана отырған шыршаға жақындады.

Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,

Білмей қалды мылтықтың атылғанын.

тарс еткен мылтық дауысы естіледі.



Ию – қию көл маңы, астан кестен,

Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.

Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,

«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен.

Тау жаңғыртып , тамаша құстың әні,

Қош айтысыпкөлменен, ұшты бәрі.

Көл бетінде көлбендеп, жаралы аққу,

Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады....



«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,

Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:

Қария:

«... Апыр – ай, бұл кім болды, таң сәріде,

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

  • Ей !

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың , арың бар ма?!

Тастағың қаруыңды, келгін бері,

Келгің бері, кеуденде жаның барда!

Ана:

  • Мана күндіз тәуіп шал келіп,кетті,

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.

Аққумен баланы аластандар,деді дағы,

Жайымен жөнеп кетті.

  • Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой...

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..

Мін атқа, қайт ауылға , тағат қыл да.

... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрыса саусағынды қанаттың ба?

Ана:

  • Жоқ, әлек боп, арпаласып сор- қайғымен,

  • Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...

Жасымнан естігенім бар – тын еді,

«Әтеуір аққу атқан оңбайды деп...

Қария:

  • Солай, солай...

Аманат бір құдайға...

Қай – қайдағы түседі құрғыр ойға....

Құрғыр ойға....

Автор:

Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,

Өлі менен тірінің арасында.

Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана «Жетім көл» жағасында,

Өлі менен тірінің арасында.

Шымылдық ашылып, сахынада бала жанында отырған әке көрініп, қастарына еш амалы қалмаған ана келеді.

Ана: Күннің күркірегені дыбысталады

Жоқ!

Мен емес...

Мен атпадым...

Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»

Қасиет!..

О, қасірет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалындығы шашымдай ма ең!..

Қасиет!..

Автор: Аққула ұшып бара жатқан ролик

  • Орында екен «Жетім көл» жоғалмапты,

Ортаймапты немесе толаймапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.

Шымылдық.

 

 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!