СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Внеклассное мероприятие на тему: "Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру «Ақиқат пен аңыз» романының мазмұнын, ерекше жазу стилін, кейіпкерлер әлемін білгізу; Тәрбиелік: Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесі арқылы оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу;  Дамытушылық: шығарманың композициясына, сюжетіне талдай білуге үйрету, басты кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау;  Сабақтың түрі : ақпараттық, жаңа білімді меңгеру Сабақтың әдісі: ой қозғау,сұрақ-жауап,талдау, «Топтастыру» стратегиясы. Көрнекілігі:Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог, кеспе қағаздар   

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие на тему: "Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог"»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні:

Тобы:

Оқытушы:

Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру «Ақиқат пен аңыз» романының мазмұнын, ерекше жазу стилін, кейіпкерлер әлемін білгізу;
Тәрбиелік: Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесі арқылы оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу; 
Дамытушылық: шығарманың композициясына, сюжетіне талдай білуге үйрету, басты кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау; 
Сабақтың түрі : ақпараттық, жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: ой қозғау,сұрақ-жауап,талдау, «Топтастыру» стратегиясы.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог, кеспе қағаздар 
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы 
Көрнекілігі: Кино: «Мәскеу үшін шайқас» 
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа сабақ:
Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы . Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық - күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі" (1957), "Халықтар достығы" (1984), 3-дәрежелі "Даңқ" ордендерімен "Ерен еңбегі үшін" (1995) медалімен марапатталған. Жұбайы - Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары - Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған ), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған ), экономист; ұлдары -Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған ), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған ), инженер-электрик.2011 жылдың ақпанында қайтыс болған. 
лан – біздің республикамыздағы, үлкен одақ көлеміндегі жақсы танылған
Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз.Жазушының «Ақиқат пен аңыз» деп аталатын кітабы Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Автор Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері совет армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңіне Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында баяндаған. Романның жазылу формасы ерекше. Шығарма бастан аяқ автор мен кейіпкердің диалогіне құрылған. 
Қысқаша мазмұны

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.

Шығарманың басты кейіпкері

Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Міне, өмірге осындай тамаша туынды әкелген Әзілхан Нұршайықов әлем әдебиетіндегі алып тұлға. Оқырман қауым ардақтап, қадір тұтатын, көпшілікті өзіне үйіре алатын, көпке үлгі бола білетін жазушы қазақ халқы үшін қашан да биікте.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:



Жылдар


1922 жыл

ШҚО, Жарма ауданындағы Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.

1941-1945 ж.ж

Ұлы Отан соғысына қатысты .

1956 жыл

Алғашқы әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» шықты.

1964 жыл

« Махаббат жыры» повестері

1977 жыл- 

«Автопортрет» әдеби портреттер

1970 жыл

« Махаббат қызық мол жылдар» романы

1976 жыл

« Ақиқат пен аңыз» роман –диалогі

1980 жыл

«Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді

2011 жыл

ақпан айында дүниеден өтті.



V.Үйге тапсырма беру.

VІ. Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.