СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Внеклассная работа "Атажұрт"

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Атажұрт» интеллектуалдық  ойыны

 

Мақсаты:                     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын  арттыру,

                        өз білімін өзге оқушылармен салыстырып,әрбір оқушы

                        өзінің білім деңгейін сайыста көрсете білуге үйрету.

 

Дамытушылық:        Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын

                                      дамыту.

 

Тәрбиелік:                  Оқушыларды өзін еркін ұстай білуге,бір-бірінің 

                                      пікірлерін сыйлауға, өз Отанының табиғатын

                                      қорғай білуге  тәрбиелеу.

 

Көрнекілік:                Интерактивті тақта,шарлар,плакат.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассная работа "Атажұрт"»

Кенжебаева Жанна Онгарбековна

Учитель географии

КГУ «СОШК №3»

Восточно-Казахстанская область,Город Семей


Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы:

«Атажұрт» интеллектуалдық ойыны


Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,

өз білімін өзге оқушылармен салыстырып,әрбір оқушы

өзінің білім деңгейін сайыста көрсете білуге үйрету.


Дамытушылық: Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын

дамыту.


Тәрбиелік: Оқушыларды өзін еркін ұстай білуге,бір-бірінің

пікірлерін сыйлауға, өз Отанының табиғатын

қорғай білуге тәрбиелеу.


Көрнекілік: Интерактивті тақта,шарлар,плакат.

1-жүргізуші:

Кең-байтақ Қазақстан туған жерім,

Кең пейіл мерейі мол дархан елім.

Көп ұлтты жинап алып құшағына,

Бір бесіктің әніне салған елім,-дегендей, «Атажұрт» интеллектуалдық ойынымызға хош келдіңіздер.Ойынға 9 "А" , 9 "Б" сынып оқушыларынан 2 команда қатысады. Әр командада 6 ойыншыдан, біреуі капитан болады.Алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1.Мектебіміздің директоры - Ахметкалиев Нұржан Ныгметоллаевич.

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Беркутова Әлия Мейрамгалиевна.

3.Тарих,география,химия,биология әдістемелік бірлестігінің жетекшісі-Капасова Гүлдана Рашидовна.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

(Сайыскерлер ортаға шығады)

Енді бүгінгі интеллектуалдық ойынның шартымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші:

Ойын ережесі: Капитандар таныстыруы.

Ойын 4 кезеңнен: «Өткел», «Белес», «Бекет», «Асу» және супер ойыннан тұрады.Бірінші кезеңде команда капитандарына 5 сұрақ қойылады,тез жауап беріп,алтын қорға ұпай жинайды.Бір сұраққа 1000 теңге беріледі.Келесі кезеңдерде бір рет көмек сұрауға болады.Бір рет нартәуекел жасауға болады.Егер қарсылас команда сұрақтың жауабын біліп кезек сұраса,онда

500 ұпай кезегін берген командаға қосылады.

1-жүргізуші: Олай болса ойынымыздың бірінші кезеңін бастайық.

1-кезең «Өткел» ( 1000 теңге)

1-команда капитанына сұрақ.

1.Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді? (1997ж.)

2.Қазақтан шыққан тұңғыш географ-ғалым кім? (Ш.Уәлиханов)

3.А.Йассауи кесенесі қай жерде орналасқан? (Түркістанда)

4.Қазақстанның жер көлемі қанша? (2,7 млн км 2)

5.Ебі желі қайдан соғады? (Ебі-Нұр көлінен)

2-команда капитанына сұрақ.

1.Қазақстан шекарасының ұзындығы (15000 км)

2.Шүлбі электр станциясы қай өзенде? (Ертіс)

3.Сайқан желі қайдан соғады? (Алакөл)

4.Іле Алатауының биік нүктесі (Талғар)

5.Маңғыстау облысында ұйымдастырылған қандай қорық? (Үстірт қорығы)

2-жүргізуші: Ойынымыздың екінші кезеңі «Белес». ( 2000 теңге)

Өткелден өтіп белеске жеттік.Мен сендерге ауызша сипаттама оқып берем,

Ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады.Егер дұрыс жауап бермесе,сондай-ақ келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді.Ойынды ұпайы көп команда бастайды. Бір сұраққа 2000 теңге беріледі.

1-командаға сұрақ.

Бірінші сұрақтарыңыз.

Бұл жота Ертіс өзенінің сол жағында Сарыарқамен шектеседі.Тау төбелері жұмырлау,беткейлері әбден тілімделген,кей жерлері жазық болып келеді.Бұл қандай жота?

Көмек: Ең биік нүктесі-Сарышоқы (1558 м)

Жота батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі.

Жауабы: Қалба жотасы

Екінші сұрақтарыңыз.

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ шөл,ойлы-қырлы панасы бар,

Сол шөлде ел жоқ,күн жоқ өсіп-өнген,

Жәндіктің киік деген баласы бар.

Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,

Ен жайлау,өзен,яки көл болмайды.

Бұтасы ши болады,қара жусан,

Көк орай бетегелі бел болмайды.

Өлең шумағында Қазақстанның қай жері,қандай табиғат зонасы айтылған?

Көмек: С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» поэмасынан алынған өлең шумағы.

Жауабы: Бетпақдала, шөл зонасы

Үшінші сұрақтарыңыз:

Бұл өзеннің атауы қалмақ және түрік сөзінің қосындысы,яғни «жер тесер» деген болжам бар.Кейінгі болжам осы өзен суы Монғол Алтайының батыс баурайынан басталып,Алтай тауын тесіп,жарып өтеді деген ұғым береді.Қандай өзен жайлы айтылған?

Көмек: өзеннің ұзындығы 4248 м. оң жағында Кенді Алтай,сол жағында Сарыарқа жатыр.

Жауабы: Ертіс өзені

Екінші командаға сұрақ.

Бірінші сұрақтарыңыз.

Сарыарқаның аласа тауларының бірі,Палеозой эрасында сыртқы күштердің әсерінен жақсы мүжілген.бұл қай тау?

Көмек: Кеңгір өзені бар және сол жерде Алаша хан,Жошы хан мазарлары орналасқан?

Жауабы: Ұлытау

Екінші сұрақтарыңыз.

Ш.Уәлихановтың жерленген жері.

Көмек:Алматы облысы

Жауабы: Алтынемел тауының баурайында.

Үшінші сұрақтарыңыз.

Ойпат Жалпы Сырт қыраты,Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында орналасқан.Жайық өзені мен оған құятын шағын салалар ойпат

арқылы өтеді.Олардың біразы жазда тартылып,бөлек-бөлек көлшіктер мен қара суларға айналады.

Көмек: Оңтүстік шығысында ойпат Үстіртке және Маңғыстау өңіріне

жалғасады.

Жауабы: Каспий маңы ойпаты

1-жүргізуші:

Ойынымыздың үшінші кезеңі: «Бекет» ( 1-ден 10 ұпайға дейін беріледі)

Бұл бөлімде команда жанашырларына сұрақ қойылады.Қол көтеріп жауап беру керек.Дұрыс жауап берсе ұпайлары команда ұпайларына қосылады.

1-команда жанашырларына:

1.Бұл өзен Ақтөбе ,Атырау облыстарын басып өтеді.Ұзындығы 800 км.Еділге жетпей құмға сіңіп кетеді.Негізінен қар суымен қоректенеді. (Ойыл өзені)

2.Пайдалы қазбаларға өте бай тау.Қойнауында қорғасын,мырыш,қалайы, вольфрам,күміс,сынаптың мол қоры бар.Ұзындығы 500 км ( Кенді Алтай)

3.Қазақтың тұңғыш академигі,геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан Қ.И.Сатпаев қай жерде дүниеге келген? (Павлодар облысы,Баянауыл ауданы)

2-команда жанашырларына:

1.Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі.Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде.Қытай тілінде «Тәңір шыңы», «Аспан тауы» деген мағынаны білдіреді.Қазақстанға солтүстік батыс бөлігі кіреді.Ұзындығы 350 км,орташа биіктігі 4000 км. (Тянь-Шань)

2.Әбу-Насыр-Әл-Фараби қай жерде дүниеге келген?Сол жердің көне аты.

(Фараб,қазіргі аты-Отырар)

3.Еуропалық ғалымдардың бірі.1856-1857 жылдары еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақты зерттеп,соған байланысты оған осы таудың аты берілген.Ол қандай тау? (Тянь-Шань тауы)

2-жүргізуші:

Ойынымыздың төртінші кезеңі: «Асу» (5000 теңге)

Бұл кезеңде Қазақстанның 10 облысы туралы сұрақтар бар.10 терезедегі сандарды әр команда кезекпен таңдайды.

1.Оңтүстік Қазақстан облысы.Әулиеата, қазіргі Тараз қаласының маңын зерттеген ғалым кім? (И.В.Мушкетов)

2.Солтүстік Қазақстан облысы.Елімізде ең көп өндірілетін кен бар,ол қандай кен,қай облыс жерінде? (Темір кені,Қостанай облысы)

3.Шығыс Қазақстан облысы.Еліміздегі ең ірі СЭС қай жерде орналасқан?

(Бұқтырма)

4.Алматы облысы.Көркіне көз тоймайтын тау көлдері,сарқырамасы,ағыны қатты тау өзендері туристерді қызықтырады.Етегінде ару қала Алматы орналасқан.Бұл қандай тау? (Іле Алатауы)

5.Атырау облысы. Еуропа мен Азия арасында орналасқан,жер шарындағы ең тұйық көл,үлкендігіне қарап оны теңіз деп те атайды.Ол не? (Каспий теңізі)

6.Қарағанды облысы.Сарыарқа өңіріндегі ең биік тау.Биік нүктесі Ақсораң деп аталады.Ол қандай тау. (Қызыларай тауы)

7.Маңғыстау облысы. Бұл қорық 1984 ж.құрылған. Қорықты ұйымдастырудағы мақсаты-Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі құстар мен аңдарды қорғау және сақтау,жабайы қойдың ерекше түрі-Үстірт муфлоны қорғауға алынған. Бұл қандай қорық?

(Үстірт қорығы.)

8.Қарағанды облысы.Ертіс өзенінен ұзындығы 400 км-ге дейін тартылған канал.Ол қандай канал? (Ертіс-Қарағанды)

9.Қызылорда облысы.Қазақстандағы ең лас өзен,шаруашылық мақсатқа пайдалану салдарынан экологиялық проблемалар туындап отыр.Бұл қандай өзен? (Сырдария өзені)

10.Көп орман,көркем тоғай маужыраған,

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас,маржан,ақық,меруерт тас,

Төгіліп көл жиекке жаудыраған.

І.Жансүгіровтың поэмасынан алынған өлеңде қай жер туралы айтылған?

(Көкшетау)

1-жүргізуші. Ойынымыздың соңына да таядық. Соңғы айналым

Супер ойын. ( Тапқан командаға 10000 теңге)

Екі командаға бірге қойылады.Командалар тез жауап беру керек.

Ұлы Абайдың 150 жылдығына арнап,1995 жылы «Зерде»кітабы шығарылған.Оның көлемі 64х85см,салмағы 85 кг,бірінші парағында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тілегі жазылған.Осы кітап қай қалада, қандай мұражайда сақталады деп ойлайсың? (Абай мұражайы,Семей қаласында)

Музыкалық үзіліс.

Ән:

Би:

Әділқазылар бағасын береді.

2-жүргізуші:

Осымен «Атажұрт » интеллектуалдық ойынымыз аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен –көп рахмет.