«Тоқтамыс орта мектебі» КММ




Өткізген: Кудайбергенова Л.Б.
2014-2015
Интеллектуалды ойын: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі туралы білімдерін пысықтау;
Оқушылардың логикалық, шығармашылық, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды зеректікке, ептілікке тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасауға, тапқырлыққа, зейінділікке баулу. Тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: Қима қағаздар, әртүрлі жұмбақтар жинақтары, интербелсенді тақта
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сайыс-сабақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
– Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңдер!
Сайыс болған соң, жауаптарымызды, тапсырмаларды орындауымызды жұлдызша алу арқылы бағалап отырамыз.
Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен оқу жарысып, тәрбие-тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім озат, сол алда, -дей отырып, қатысушыларды екі топқа бөлінуге ұсынамыз. Оқушылар сурет арқылы екі топқа бөлінеді.
“Сөз тапқанға...”
“Ойлан тап”
“Сен білесің бе?”
“Жұмбақтар”
“Қызықты сұрақтар”
“Мақалды жалғастыр”
І – кезең «Сөз тапқанға»
1-топ
Сенің досың кім?
Суды немен ішесің?
Сүйікті жануарың қандай?
Сенің есімің кім?
Бүгін сенде неше сабақ?
Қандай тағам ұнатасың?
Арманың қандай?
Қай көшеде тұрасың?
Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
Қай ауылда тұрасың?
2-топ
Қандай мамандықтарды білесің?
Киноға кіммен барасың?
Тақтаға немен жазасың?
Алтын астында не бар?
Сүйікті пәнің?
Әкеңнің әкесі кім?
Сенің есімің кім?
Сенің көршің кім?
Қандай мультфильм білесің?
Қыздың есімі?
ІІ – кезең «Ойлан тап»
“Алтыбақан” 2 минут ішінде сөздер құру
ІІІ – кезең « Сен білесің бе?»
І топ
ІІ топ
ІV кезең «Жұмбақтар»
1. Тал басында
Тундіксіз отау
2. Күндіз тіпті ұшпайды
Түнде тышқан ұстайды
3. Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең –
Дүниені бүлдірер
4. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар
5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған
V кезең «Қызықты сұрақтар»
1-топ
Суда туып, құрғақта өмір сүреді? БАҚА
Өрмекшіде қанша аяқ бар? СЕГІЗ
Қай құс ерте келеді? ҚАРЛЫҒАШ
Қалталы аң? КЕНГУРУ
Бақа қыста не жейді? ЖЕМЕЙДІ, ҰЙЫҚТАЙДЫ
Пингвин құс па, аң ба? ҚҰС
Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді? ТАСБАҚА
2 топ
Басын төмен қаратып ұйықтайтын құс? ЖАРҒАНАТ
Шайдың отаны болып табылатын мемлекетті ата? ҮНДІСТАН
Бұғы көктем сайын несін жоғалтады? МҮЙІЗ
Қандай қар тез ериді: таза ма, әлі кір ме? КІР
Жер жүзінде ең ірі аң? КИТ
Қоңызда қанша аяқ бар? АЛТЫ
Дүние жүзіндегі халықтың саны ең көп мемлекетті ата? ҚЫТАЙ
VІ кезең «Мақалды жалғастыр»
Ақылды адам........... дос
Ашу –дұшпан, ақыл- ......., ақылыңа ақыл қос. ерінбейді
Ақылдан .......... дос бар ма? тозбайды
Ақыл азбайды, білім......... жақын
V Қорытындылау
Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Марапаттау.
- Біздің бүгінгі интеллектуалды ойын «Ұшқыр ой мен шешен тіл» аяқталады. «Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында, бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз, сондықтан білімді болуға тырысайық, - деп сабақты аяқтау.