III. Жаңа сабақты меңгерту 1)«Сиқырлы таяқша»әдісі арқылы (Ж) а) Біз қай елде,қай облыста тұрамыз? ә)Кім қайда тұрады? б)Біздің жерімізде қандай байлықтар бар? в)Маңғыстау облысы несімен ерекшеленеді? 2) Жаңа сабақты түсіндіремін. Қазақстан таулары,зерттеуші ғалым Шоқан Уәлиханов туралы мәліметтер айтып,географиялық карта,көрікті жерлер жайында айтамын. Географиялық орын-сенің қалаң немесе ауылың орналасқан жер. Көрікті жерлер-елдімекендегі ең көрікті және ерекше орындар. Ойлан. (Ж) (Бұл тапсырма арқылы оқушыларда картографиялық дағдыны дамыту) Картадан Қазақстан қалаларын тауып,атайды,көрсетеді.Қалаларды санайды. Тапсырма. Суретке қара. Данияр қай көшеде тұр? Ол мектепке жету үшін қай көшемен жүруі тиіс? Бағытын сызып көрсет. (Ж) Дескриптор: Оқушылар мектепке дейінгі қысқа жолды табады. Бағытын сызады. ( ҚБ)
Оқулықпен жұмыс Елестет. «Сократ шеңбері» әдісі. -Өзіңді осы жерлердің біріндемін деп ойла. Өз көргеніңді басқаларға әңгімелеп бер. Дескриптор:Оқушылар таулар туралы біледі, оларды сипаттайды. Сергіту сәті. Музыка әуенімен еліміздің көрікті жерлеріне саяхатқа шығу. Тапсырма: (Ж) Жолыңды бағдарла.Өзің барғың келетін қаланы анықта.Жолыңды бағдар сызықпен қос. Дескриптор: Олар картадан өздері тұратын Қазақстанның бөлігін немесе қаланы көрсетеді.Өздерінің қалауы бойынша бір қаланы таңдап,келесі қалаға дейін маршрут сызады.(ҚБ) Тапсырма (Т) 1 топ. Бейнеу туралы әңгімелеу. 2 топ. Болашақтағы Бейнеу туралы өз ойларын айту. 3 топ.Бейнеудің табиғатын әңгімелеу. Дескриптор:Тұрғылықты жерінің ерекшелігін әңгімелейді.Географиялық картадан орнын анықтап береді. |