СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

While, do…while, for цикл операторлары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Цикл дегеніміз алгоритмнің бір немесе бірнеше қадамдарының берілгендердің әр түрлі мәндері үшін қайталанып отыратын бөлігі.

Просмотр содержимого документа
«While, do…while, for цикл операторлары»

Ф.219

8. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

3 қысқ ВТ

05.10









Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.3. Тармақталу, таңдау цикл операторлары

Сабақтың тақырыбы: №8 While, do…while, for цикл операторлары

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Дәріс


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Амалдар. Меншіктеу операторы, cin, cоut енгізу шығару

Кәсіптік құзыреттілік

С++ тілінде операторлармен жұмыс істей білу

Арнайы

құзыреттілік

Бағдарламалар құру техникасын меңгеру


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Көпті таңдау, switch и break операторлары туралы түсінік, жазылу форматымен таныстыру


тәрбиелік

Оқушыларды бір-біріне көмек көрсете білуге, компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу

дамытушылық

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу қасиеттерін дамыту


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Қамтамасыз етілетін

Автоматтандрылған ақпараттық жүйесін бағдарламамен қамтамасыздандыру


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар


Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмыстар

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, С++

Әдебиет: негізгі

И.Г.Семакин, А.П.Шестаков «Основы программирования»

Қосымша

С.В.Симонович «Информатика. Базовый курс»


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2.

Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)

  1. Си тілінің шығу тарихы қандай?

  2. С++ тілін кім жасады?

  3. С++ тілінде қандай операторлар бар?

  4. С++ тілінің алфавиті қандай

Компьютерлік анаграммалар

  1. ДОК – (генетикалық, телеграфтық, машиналық) - КОД

  2. НАКАЛ – (байланыс сымы) - КАНАЛ

  3. ЛАПТА – (микросхеманы орнатуға арналған диэлектрлік пластина) – ПЛАТА

  4. КАМЫШ – ДК-дің сыртқы құрылғысы (мышка)

  5. ТЕНОР – принтер картриджіндегі зат (тонер)

  6. ИГОЛКА – ойлау заңдары мен формалары жайлы ғылым (логика)

  7. НИША – берілгендерді тасымалдауды қамтамасыз ететін электрлік өткізгіштер (шина)

  8. РЕВЕРС – желідегі басты компьютер (сервер)

  9. МИОНРОТ – компьютердің сыртқы құрылғысы (монитор)

  10. БАКЕЛЬ – қапталған бірнеше өткізгіш (кабель)

  11. АДРЕПАТ – (ДК мен сыртқы құрылғыны жалғастырушы) - адаптер

  12. МИРТАГОЛ – белгілі бір есепті шығару үшін оның қадамдарға бөлінуі (алгоритм)

  13. ФИРМАМЕТРО – компьютердің механикалық бабасы (арифмометр)

  14. ПИ ГРЕК ТЕСТ - өрмекті құжат (гипертекст)

  15. СЕЙФ РЕ НИТ – программа мен қолданушы байланыстыратын құрал (интерфейс)


Әзіл викториналық сұрақтар

  1. Неліктен мысықтарпрограммисттердің қолын жалағанды ұнатады?

  2. Компьютер құрылғылары оркестрінің дирижерін қалай атайды? (опрациялық жүйе)

  3. Неліктен программисттер тұмаумен жиі ауырып, жөтеле береді? (себебі олар ашық терезенің алдында көп отырады.)

  4. Қандай банкілерді тек программисттер құрады? (берілгендер банкісін)

  5. Желіге шығу қауіпті ме? (Иә, егер бұл 220 вольттық тоқ желісі болса)

  6. Әр оқу орнында кем дегенде үш шығатын жер болу керек: басты, қосыша (запастной) және ... (Интернетке шығатын)

  7. Интернетчиктер қыста не киеді: қолғап па, әлде перчатки ме? (перчатки, себебі мұнда өздеріне жақын сөз естіледі ғой)

  8. Компьютерлік ортада нені шыдамдылықтың шыңы деп атауға болады? (дұрыс емес парольды тере беру, компьютер келіспегенше)

  9. Адамның компьютерлік вирустан өлуі мүмкін бе? (Бұл оның кімнің компьютеріне вирус жұқтырғанына байланысты)

  10. Компьютерлік вирустардан сақтанудың ең жақсы әдісі қандай? (одноразовые компьютеры)


Гипервикторина

  1. АҚШ-тың Мальбора қаласындағы компьютерлер музейінде ХХ ғасырдың 50-жылдары жасалған алғашқы компьютердің есте сақтау құрылғысы қойылған. Оның қасында қазіргі заманғы микросхема қойылған. Осы экпозицияның қасындадағы тағы бір көмекші құрылғыны атаңыздар. (Микросхеманы дұрыстап көру үшін микроскоп қойылған )

  2. ЭЕМ-ға деген сенім бірден келген жоқ. Мысалы, бухгалтерияда компьютер шығарған еңбекақылардың есебін алғаннан кейін, олар бірден осы жұмыспен айналысқан. Бұл қандай жұмыс? (Бәрін қайтадан счетпен санау)

  3. Гроссмейстер Гарри Каспаровты 1994 жылы кім жеңды? (Компьютер)

  4. «Жер семуляторы» деген жапондық суперкомпьютер ауа райын және планетадағы осы құбылысты алдын ала болжау керек. Бұл қандай құбылыс? (Жер сілкінісі)

  5. Бір фантастикалық әңгімеде бүкіл жер шарындағы компьютерлер бір суперкомпьютерге бірігеді. Оған қойылған бірінші сұрақ мынадай болады: «Құдай бар ма?». Бұған компьютер қалай жауап береді? (Енді бар!)

  6. АҚШ-та бұларды бірінші кезекте көңіл көтеру үшін қолданады, екінші кезекте білім алу үшін, үшінші кезекте отбасылық бюджетті жүргізу үшін қолданады. Әңгіме не жайында? (Компьютер)

  7. Статистикалық ақпараттарға жүгінетін болсақ, үйлерінде компьютерлері бар адамдардың үштен екісі компьютерді бірінші кезекте осы мақсатта қолданады? Бұл қандай мақсат? (Ойын ойнау үшін)

  8. Ноутбукты қолданушыларға оның астына тесігі бар пластинаны қоюға кеңес беріледі. Неліктен? (Аяқты күйдіріп алмау үшін, себебі ноутбук қатты қызады.)

  9. Қандай белгіше әрқашан да жұмыс үстелінде тұрады және оны корзинаға лақтыруға болмайды? (Мой компьютер)

  10. «Үш саусақпен шығау» деген компьютерлік жаргонның мағынасы қандай?

  11. Атақты «Матрица» фильмі қандай компьютерлік процесті еске салады? (перезагрузка)

  12. Бұл екі термин латынның «currere» - «жүгіру» деген сөзінен шыққан. Бұл қандай терминдер? (курсив және курсор)

  13. Қай белгілі компьютерлік фирманың атын қазақша аударсақ, «кішкентай, жұмсақ» деп аударылады?

  14. Бұл компанияға Токио, Париж және Орландодағы өз бизнестерін жабуға тура келді. Себебі компьютерлік анимация қатты қарқынмен дамып кетті. Бұл қай компания? (Уолт Дисней студиясы)

  15. Бір американдық адам компьютер үшін арнайы программа ойлап табады. Егер пернетақтадағы бірнеше пернелер бірден басылып қалса, онда ДК берілген моментте жұмыс істеп тұрған программаны блокировать етіп, ысылдай бастайды. Бұл программа не үшін қажет? (Компьютердің пернетақтасын мысықтың басыуынан қорғау үшін.



3.

Жаңа сабақ (40 мин)

Курс тақырыбы: №1.3. Тармақталу, таңдау цикл операторлары

Сабақтың тақырыбы: №8 While, do…while, for цикл операторлары

  1. switch операторы

  2. break операторы


4.

Жаңа сабақты бекіту (13 мин)


Тәжірибелік жұмыс


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)



6

Үйне тапсырма беру (4 мин)

  1. 34 бет





Оқытушы __________ Г.К.Мукушова

































Дәріс №8


Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.3. Тармақталу, таңдау цикл операторлары

Сабақтың тақырыбы: №8 While, do…while, for цикл операторлары


      1. Циклдік құрылымды алгоритм

      2. Циклдік алгоритмнің түрлері


Цикл дегеніміз алгоритмнің бір немесе бірнеше қадамдарының берілгендердің әр түрлі мәндері үшін қайталанып отыратын бөлігі.

Циклге күнделікті өмірден мысалдар келтірейік.

Кейбір жағдайларда нәтижеге жету барысында белгілі бір әрекет бірнеше рет қайталануы мүмкін. Шегені қағу үшін балғамен бірнеше рет ұру керек. Бір сынып бөлмесінен келесі сынып бөлмесіне бару үшін бірнеше қадам жасау керек.

Циклдің үш түрі бар: параметрлі (арифметикалық) цикл, шарты алдын-ала берілген цикл, шарты соңынан берілген цикл.

Ең бірінші параметрлі циклге тоқталайық. Егер орындалатын әрекеттің қайталану саны белгілі болса, онда параметрлі цикл қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында мұғалім сендерге стадионды айнала үш айналым жасап жүгіруді тапсырды делік. Бұл тапсырманы орындау үшін сендер бір айналымды үш рет қайталауларың керек. Басқа мысал: математикадан үйге берілген тапсырмада бес есеп шығару керек болсын. Яғни, мұнда «есепті шығару» әрекетін бес рет орындау керек. Параметрлі циклге мысал келтірейік:

2 3, 2 4, 2 5, 2 6, 2 7

y=2x






















Бірақ көпшілік жағдайда негізгі әрекетті орындау үшін, орындалатын әрекеттің қайталану саны белгілі бола бермейді. Мысалы: «Өлең жаттау» керек. Бұл жағдайда өлеңді жаттау үшін бір рет оқып есте сақтауға да болады. Ал қарсы жағдайда өлеңді екі рет және үш, төрт рет оқып жаттауға болады, бұл жағдайда сендерге өлеңді жаттау үшін неше рет оқу керек екені алдын ала белгісіз.

Циклдің бұл түріне қайталау саны белгісіз, бірақ әрекет орындалу үшін алдын ала берілген қандай да бір шарт тексеріліп барып, орындалатын әрекеттер жиыны жатады. Мысалы, сіз сорпа ішуге дайындалдыңыз. Тарелкадағы сорпаны толығымен ішіп тауысу үшін қасықпен неше рет көсіп алу керек екені бізге алдын ала белгісіз. Сондықтан сіз тарелка босағанша қасықпен сорпаны ала бересіз. Ал егер тарелка бастапқыда бос болса, сіз тарелкадан қасықпен сорпа алар ма едіңіз? Әрине жоқ, ол мүмкін емес. Осыдан, циклдің бұл түріне мынадай тұжырым жасауға болады: ол нөл рет орындалады. Бұл циклді шарты алдын ала берілген цикл деп атайды.

Шарты алдын ала берілген цикл қойылған шарттың орындалу-орындалмауына байланысты белгілі бір амалдар жиынын қайталап орындайды. Шарты алдын ала берілген цикл шарттың ең бірінші орындалмай қалғанынша қайталанады.




































Енді циклдің үшінші түрі – шарты соңынан берілетін циклге тоқталайық. Циклдің бұл түрінде қайталану саны белгісіз, бірақ алдыңғы циклден айырмашылығы, онда әрекет орындалмас бұрын алдын ала шарт тексерілетін болса, ал мұнда әрекет орындалғаннан кейін шарт тексеріледі де, әрекет қайталауға беріледі. Шарты соңынан берілетін циклдің орындалуын айқындау үшін, өлшемдері көздерінен үлкен болатын жұмсақ шарлар салынған електі көз алдарыңа елестетіңдерші. Егер шарларды секіртетін болсақ, соғылу нәтижесінде олардың өлшемдері кішірейе береді делік. Осы әрекет қашан шарлардың өлшемдері електің көзінен өтетін болғанша қайталанып орындала береді. Яғни шардың диаметрі електің көзінің өлшемдеріне сәйкес болғанша шарты орындалады.

Шарты алдын ала тексерілетін циклдің шарты соңынан тексерілетін циклден айырмашылығы – циклдің бірінші түрінде әрекет Шарт=Ақиқат болғанда орындалады. Ал екінші түрінде Шарт=Ақиқат болғанда цикл әрекеті жұмысын тоқтатады.

Шарты соңынан берілген цикл бойынша циклдің денесі шарттың алғашқы дұрыс болғанында тоқтайды.

























For операторы

For операторының форматы:

for ( өрнек 1 ; өрнек 2 ; өрнек 3 ) денесі

Өрнек 1 әдетте циклды басқаратын айнымалылардың бастапқы мәндерін орныту үшін қолданылады. Өрнек 2 – бұл цикл денесінің орындалу шартын анықтайтын өрнек. Өрнек 3 әрбір циклдың денесі орындалғаннан кейін циклды басқаратын айнымалылардың өзгеруін анықтайды.

For операторының орындалу схемасы:

1. Өрнек 1 орындалады.

2. Өрнек 2 орындалады.

3. Егер 2 өрнектің мәні 0-ден өзгеше болса (ақиқат), онда цикл денесі орындалады, 3 өрнек мәні есептеледі де, 2 пунктке өтеді. Егер 2 өрнек мәні 0-ге тең болса (жалған), онда басқару for операторынан кейінгі операторға беріледі.

Шартты тексеру циклдың басында орындалады. Бұл дегеніміз – цикл денесі бір де орындалмауы мүмкін.

Мысал:


int main()


{ int i,b;


for (i=1; i


b=i*i;


return 0;


}


Мысалда 1-ден 9-ға дейінгі сандардың квадраттары есептеледі.

while операторы

while операторы шарты алдынан берілген циклдің операторы болып табылады және жазылу форматы төмендегідей:

while (өрнек) денесі ;

while операторының орындалу схемасы төмендегідей:

1. Өрнек есептелінеді.

2. Егер өрнек жалған болса, онда while операторының орындалуы аяқталады да, одан кейінгі келесі оператор орындалады. Егер өрнек ақиқат болса, онда while операторының денесі орындалады. Процесс 1 пунктен басталады.

for (выражение-1; выражение-2; выражение-3) тело ; түріндегі операторды while арқылы келесідей жазуға болады:

өрнек-1;


while (өрнек-2)


{ цикл денесі


өрнек-3;


}


for операторындағы секілді, while операторында алдымен шарт тексеріледі.

do while операторы

do while опеаторы шарты соңынан берілген циклдың операторы болып табылады. Онда цикл денесі міндетті түрде бір болсын орындалады.

Форматы: do цикл денесі while (өрнек);

do while операторының орындалу схемасы:

1. Цикл денесі орындалады (ол құрама болуы мүмкін).

2. Өрнек есептеледі.

3. егер өрнек жалған болса, онда do while операторының орындалуы аяқталады да, келесі кезектегі оператор орындалады. Егер өрнек ақиқат болса, онда оператордың орындалуы 1 пункттен басталады.

Шарт жалған болғанға дейін циклдың орындалуын тоқтату қажет болса, break операторын қоладуға болады.

while және do while операторлары қабаттасқан болуы мүмкін:

мысал:


int i,j,k;


...


i=0; j=0; k=0;


do { i++;


j--;


while (a[k]


}


while (i




Оқытушы __________ Г.К.Мукушова