СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

WORD мәтіндік редакторына арналған практикалық тапсырмалар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Компьютермен практикалық тапсырмалар орындауға арналған. 

Просмотр содержимого документа
«WORD мәтіндік редакторына арналған практикалық тапсырмалар»

Тапсырмалар.

  1. WORD мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен бұрын сақтаулы тұрған құжатты ашыңыз (Ол құжаттың алдында белгісі немесе файл атының типі doc болуы керек).

    1. Терезенің стандартты элементтерімен танысыңыз және ашылған құжаттың неше беттен тұратынын, басқа да осы құжатқа байланысты мәліметтерді қалып - күй қатарынан анықтаңыз. Дәл осы мәліметтерді Сервис – Статистика командаларының көмегімен орындауға болатынына көз жеткізіңіз.

    2. Мәтін соңына екі жол сөз қосыпфайлды Файл – Сохранить как... командасы көмегімен МЕН деген атпен сақтаңыз.

    3. Мәтінді кәдімгі режимінен Электрондық құжат, Құрылым, Бетті белгілеу, режимдеріне ауыстырыңыз, қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.

    4. Саймандар панелінің барлық батырмаларын алып тастаңыз, сонан кейін Стандартты және Форматтау тобының батырмаларын іске қосыңыз, қандай өзгерістер болғанын айтып беріңіз.

    5. Терезедегі тік және көлденің белдеулерді алып тастаңыз және қайта экренға шығарыңыз.

    6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып қойыңыз, қайта қалпына келтіріңіз. Болған өзгерістерді түсіндіріңіз.

    7. Ашылып тұрған құжат терезесін жабыңыз, сонан кейін WORD программасынан шығыңыз.

  2. WORD мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, Абай Құнанбаевтың бір өлеңінің үш шұмағын жазып шығыңыз.

    1. Сол мәтінді АБАЙ деген атпен дискіге сақтап жазып қойыңыз.

    2. Көлденің белдеу арқылы бірінші шумақтың алдынан 2 см, екінші шумақтың алдынан 3 см, ал үшіншісінің алдынан 2 см бос орын қалатындай етіп өзгертіңіз.

    3. Мәтіннің көрсетілу масштабын Вид – Масштаб командас арқылы 75%, сонан 100% етіп өзгертіңіз. Сол команданы орындау барысында Произвольный деген өрісті тышқанмен шертіп, оған 110 санын енгізіңіз. Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.

    4. Мәтінді тағы да дискет бейнесі тұрған батырма арқылы қайталап дискіге жазыңыз.

    5. Файл – Құру командасы арқылы терезедегі Кәдімгі (Обычный) сөзін, онан кейін ОК батырмаларын таңдап, жаңа терезе ашыңыз да, Мұқағали Мақатаевтың мынадай бір шумақ өлеңін жазып шығыңыз:

Көзің қайда көшеден мені іздеген,

Сөзің қайда екеуіміз егіз деген?

Терезеңнің алдына келіп тұрмын

Кептердей қысты күні жем іздеген.

    1. Бұл құжатты Мои документы бумасынан тысқары С: дискісінің түбіріне Махаббат деген атпен сақтаңыз.

    2. Бұл терезеден бұрынға Абай терезесіне Окно командасы арқылы көшіңіз де, мұны да дискіге жазып, WORD редакторынан шығыңыз.

  1. WORD мәтіндік редакторын үш – төрт түрлі тәсілмен іске қосуға болатынын көрсету керек. Ол үшін мынадай іс әрекеттерді орындау керек:

    1. Басты менюдің (Пуск батырмасы) Программы командасы арқылы WORD редактоырн жүктеңіз де, ашылған терезеге өз өмірбаяныңызды қысқаша түрде жазып шығыңыз.

    2. Терілген мәтінді Биография деген атпен Файл – Сақтау командасы арқылы дискіге жазып қойыңыз.

    3. Биография терезесін жабыңыз, сонан соң WORD редакторынан шығыңыз.

    4. Басты менюдің Документы – Биография қатарлары арқылы WORD редакторын және бірден өз өмірбаяныңызды жүктеңіз де, ашылған мәтін соңына өз есіміңіз бен әкеңіздің атын жазып шығыңыз.

    5. Толықтырылған мәтінді Сақтау батырмасын шерту жолымен дискіге жазып қойыңыз да, саймандар тақтасындағы әр батырманың өң жақ төменгі бұрышына курсорды орналастырып, олардың атқаратын қызметін мәтін түрінде экранға шығарып танысыңыз.

    6. WORD редакторын оң жақ жоғары бұрыштағы батырма көмегімен жауып одан шығып кетіңіз.

    7. Жұмыс үстелінде Проводник программасы терезесін ашыңыз да, біртіндеп ProgramFils – MicrosoftOffice – Winword бумасы ішіндегі Winword қосымша прогамма файлында тышқанда екі рет шертіңіз.

    8. WORD редакторына қайта кірген соң, өмірбаяныңыздың соңына немесе арасына тағы бірнеше жол мәтін енгізіңіз де, оны қайта сақтап жұмысты аяқтаңыз.

  2. WORD редакторын жүктеп, ашылған терезеге Қазақстан Республикасының Гимнінің бір шумағын теріп жазыңыз да, оны файл ретінде Менің құжаттарым бумасына Гимн деген атпен сақтаңыз.

    1. Мәтін жазылған терезені кішірейтіңіз, жасырып қойыңыз, қайта қалпына келтіріп оның көлемін өзгертіңіз.

    2. Alt+F4 пернелерін басыңыз, қандай әрекет атқарылғанын түсіндіріңіз.

    3. WORD редакторында Пуск –Документы- Гимн қатарлары арқылы кіріңіз.

    4. Терезе ашылып, оған Гимн мәтінді шыққаннан кейін оған қайырмасын қосыңыз да, Сақтау батырмасы арқылы толықтырылғын мәтінді дискіге жазыңыз.

    5. Саймандар тақтасындағы батырмасының қызметін айтып беріңіз, оны қалай анықтадыңыз.

    6. Файл менюінің қандай командаларын саймандар тақтасындағы батырмалар қайталанаьынын анықтаңыздар.

    7. WORD редакторынан шығыңыздар.