Сабақтың тақырыбы: “WORD PAD” мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты: “WORD PAD” мәтіндік редакторын түсіндіру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыра отырып, құжаттың құрылымы және Word Pad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыра отырып, құжаттың құрылымы және Word Pad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды әрбір істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, дербес компьютерлер, тест, электронды оқулық, слайдтар
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, компьютермен жұмыс жасау
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Үй тапсырмасын тексеру;
3. Жаңа сабақты түсіндіру;
4. Тапсырмаларды орындау;
5. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау;
6. Үйге тапсырма беру;
7. Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі. Оқушылардың сабаққа дайындықтары тексеріледі. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
“WORD PAD” мәтіндік редакторына анықтама беріледі.
“WORD PAD” мәтіндік редакторының терезесіне сипаттама беріледі.
ІV. Тапсырмаларды орындау.
«Ауыстырмақ» және «Алдар Көсе» атты сергіту сәттері ұйымдастырылады.
V. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау.
Компьютермен жеке жұмыс
1 – тапсырма.
Мәтінді теріп, қайталанған сөздерді «буферге көшіру, буферден қою» құралдарын пайдаланып жаз. Осы мәтіндегі «саулық» сөзін қызыл түске өзгерт. Мәтін өлшемі – 20, орта бойынша туралауда орында.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»
2 – тапсырма.
Мәтіннің өлшемін – 16, түсін – жасыл, сол жақ туралауда, түрін – жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені — сынғаны»
3 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. Мәтін өлшемі – 22, түсін – көкпен өзгертіңіз. Мәтіннің көшірмесін орындап, «Білім» атымен сақтаңыз.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
3 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. Мәтін өлшемі – 22, түсін – көкпен өзгертіңіз. Мәтіннің көшірмесін орындап, «Білім» атымен сақтаңыз.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын.
Жауабы: 7 қате
Шығармашылық жұмыс
“Мен болашақта...!” немесе “Жастық шақтан - болашаққа” тақырыбына шағын шығарма жаз.
а) Қаріп түрі - Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, шығарма тақырыбын ортаға турала және қалың жазумен жаз.
Ә) Мәтінді пішімде және суреттер кітапханасынан шығарма тақырыбына сай сурет кірістір.
б) Құжатқа өз қалауыңша уақыт пен күнді қой. Құжатты өз атыңда сақта. (10 ұпай)
Сабақты қорытындылау
1.Мәтіндік редактор қалай іске қосылады?
2.Файл, Түзету, Түр, Анықтама-жазылған Тақырып жолы қатар қалай аталады?
3.Терезені жабу үшін қандай батырма Меңзер басады?
4.Word Pad мәтіндік редакторының Іске қосу-Бағдарламалар-Стандартты- Word Pad элементтерін көрсет.
5.Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады?
6.Мәтінді ең бірінші рет сақтағанда, қандай Меню жолы амалдар орындаймыз?
7.Өшіп-жанып тұратын тік сызықша.
8.Терезенің ең үлкен бөлігін бос кеңістік х, Файл-Шығу қалай аталады?
9. Word Pad терезесіндегі ең жоғарғысында Терезенің тақырыбы, меню жолы, стандартты қандай элемент тұрады?
10.Компьютерді өшіру қалай іске қосады?
VІ. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Бағалау.