Просмотр содержимого документа
«"XXI ғасыр озаттары"»
Тақырыбы: «XXI ғасыр озаттары.»
Өткізілетін күні: 3.04.2017ж
Сыныбы: 1,2,3,4 «а»
Мақсаты:
Оқушылардың әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау;
Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдылыққа, жинақылыққа дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, ашық түрлі-түсті суреттер, мақтау қағазы, смайликтер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен амандасу;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Оқушыларды түгендеуҒ
- Көңіл-күйлерін, қал-жағдайларын сұрау.
Мғалім: Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайыстың аты «XXI ғасыр озаттары». Бұл сайыс 5 кезеңнен тұрады. Яғни, 1 кезең – «Жеті жұрттың тілін біл», 2 кезең – «Кім жылдам?», 3 кезең – «Жас логик», 4 кезең – «Бәйге» және шешуші кезең 5 кезең – «Жорға».Әр түрлі бағытта өткізіледі. Әр дұрыс жауап үшін сәйкесінше балл қойылып отырады, сайыстың соңында жеңімпаз топ марапатталады.
Психологиялық дайындық:
Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған, көңіл-күйді білдіретін смайликтер таратылады. Балалар осы смайликтер арқылы өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді. Мысалы: «Жасыл»- өте жақсы, «Сары»-орташа, «қызыл»- нашар.
II. Кіріспе
Балаларды 2 топқа бөлеміз.
1-топ 2-топ
Қарлығаш Иса
Нұралы
Кәусар
Малика
Жаңагүл
Гүлжанат
Әр топ өздеріне топ басшысын сайлап, топтарының атын қояды.
III.Негізгі бөлім
I-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл.»
Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылады, ал сайыскерлер жұмбақтың шешуін 3 тілде айтулары керек. Яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Әр дұрыс жауапқа сәйкесінше ұяшықтағы балл қойылады.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап, книга, book)
Футболшының алаңдағы ойын заты?
(Доп, мяч, ball)
Жүз теңгең болғанша,
Жүз ... болсын.
(Дос, друг, friend)
Жеті қазынаның бірі. Адамды қорғап жүретін досы.
(Ит, собака, dog)
Әр адамның шағын Отаны.
(Отбасы, семья, family)
Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем, весна, spring)
Тықырлатып тоқтайды
Түні бойы жатпайды.
(тышқан, мышь, mouse)
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінде табылған соң,
Далаға кіріп-шығар спары жоқ.
(мысық,кот,cat)
II кезең «Кім жылдам?»
Бұл кезең 1-ші сыныптарға арналған. Әр топтан 1-ші сыныптың оқушылары шығады.Бұл кезеңде әр сайыскерге түрлі математикалық фигуралар таратылады. Сайыскерлердің мақсаты, осы фигуралардан бір жануардың, жәндіктің немесе т.б бейнесін жабыстырып шығару.
Тапсырманы бірінші болып аяқтаған оқушының тобына 10 ұпай беріледі.
ІІІ-кезең «Жас логик»
Логикалық сұрақтар:
1.Бір қазақ қалаға бара жатып еді, жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барады?(1 адам)
2.Төрт жұмыртқа төрт минут піседі. Ал екі жұмыртқа қанша уақыт піседі? (4 мин)
3.Үйдің төрт бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Үйде неше мысық бар?(4 мысық)
4.Тауық 1 аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг тартады?(5 кг)
IV- кезең «Бәйге кезеңі» Бұл кезеңде оқушылар дыбыстық талдау жасайды.
1.Шелек
2.Ұстаз
V-кезең «Жорға»
Бұл кезеңде топ басшылары сайысқа түседі. Тап басшыларға сұрақтар қойылады, сайыскерлер сол сұрақтарға мүдіртпей жауап берулері керек.
I-топ.
а-5 өрнектің қай түріне жатады?
Үш кесіндіден тұратын фигура?
Ұйқтап жатып көресің?
Қазақстанның ең алғаш ұшқыш-ғарышкері?
Абай Құнанбаев кім?
Бұлттан бөлініп жерге түседі?
Ақ қауырсынды құс?
II-топ.
Тірі табиғатқа не жатады?
Ұя салмайтын құс?
Қос бүйірін таянып тұрған қай әріп?
Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
Құстар ұшады қайда?
15-5 өрнектің қай түрі?
Адамды жылатады?
Алманың жартысы неге ұқсайды?
IV.Қорытынды бөлім.
Топ ұпайлары саналып, қорытынды балл шығарылады. Жеңімпаз топтар марапатталады.
Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған, көңіл-күйді білдіретін смайликтер таратылады. Балалар осы смайликтер арқылы өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді. Мысалы: «Жасыл»- өте жақсы, «Сары»-орташа, «қызыл»- нашар.
Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы
КММ Ушаков орта мектебі
сыныптан тыс
іс-шара
Тақырыбы: : «XXI ғасыр озаттары.»
Өткізген: Турарова А.Т
2016-2017 оқу жылы