СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

XXI ғасыр көшбасшысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл негізінде интелектуалды сайы сабақ. Сабақ негізінде 2 сабақтан құралған. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. 

Просмотр содержимого документа
«XXI ғасыр көшбасшысы»

Тақырыбы: «XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйесі

Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір оқушы шығып отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жорға»
Негізгі бөлім:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 10 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
10 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (с. Бегалин)
10 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
10 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?
20 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
20 ұпай: Лондон олимпиадасында неше алтын алды?
20 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір.
30 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
30 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
30 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын ата?
4 - кезең: «Жорға»
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
11. 1 дм неше см?
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?


1.Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?
14. «Сұлба» деген не?
15. Ауаның негізгі қасиеті?
16. Буын дегеніміз не?
17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
19. 1 метрде неше см?
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?


1.“Абай жолы” романын жазған кім?
2.Олимпиада чемпиондарын марапаттайтын медаль металдарын атаңыз?
3.Күй атасы кім?
4.Суды елекпен қалай тасуға болады?
5.Жылқы атасы. Зеңгі Баба

6.“Күз”,”Қыс”,”Жаз”,”Жазғытұры” өлеңін жазған ақын. А.Құнанбайұлы
7.Бокстан Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы
8.Париж халқын өз өнерімен тамсандырған қазақ кім?
9.Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
10.Жер күн жүйесінде нешінші планета? 3

11.“Адамдық борышың” шығармасының авторы? Ш.Құдайбердіұлы
12.Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз? Тоғызқұмалақ
13.Қорқыт атаның аспабы
14.Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
15.Монументтің атауы
16.“Адам болам десеңіз” өлеңнің авторы? Абай Құнанбайұлы
17.Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады?
18.«Адай» күйінің авторы кім?
19.Жердің ортасында не бар?
20.“Бәйтеректің” биіктігі қанша метр?

1. 1924 - жылға дейін Қазақстанның астанасы болған қала? Қызылорда
2. Дала жұлдызы атанған адам ?Ыбырай Алтынсарин
3. Әлемдегі ең үлкен мұхит? Тынық мұхиты
4. Қазақстанның тұрғындары көп қала Алматы
5. 1916 - жылы ұлт азаттық көтерілісін бастаған батыр? Амангелді батыр
6. Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңіндегі бірінші бақытын ата “......, Тілім, Отаным” халқым
7. Ауданы 100 м² шаршы қабырғасының ұзындығы? 10 м
8. Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі? Ресей
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы? Ш. Ниязбеков
10. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? 1992 жылы
11. Құрлықтағы ең биік сүтқоректі Африкалық жирафтың биіктігі қанша метр? 6м
12. Бұл витамин баланың қалыпты өсіп дамуына, әсіресе көзге, теріге жағымды әсер етеді, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару жүйелерінің кілегейлі қабығына ықпалын тигізеді А витамин
13. Қалалықтардың сөзіне неше жалғау жалғанған? 2

14. Көкжиектің неше тұсы бар?

15. 1 жылда неше күн?

16. Дауыссыз дыбыс түрлерін ата

17. Санды өзіне - өзін бөлсе, неше шығады?

18. 1 тоннада неше центнер?

19. Мектебім сөзіне қандай жалғау жалғанған?

20. Олимпиада чемпиондарын марапаттайтын медаль металдарын атаңыз?

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)

5.Азаттық жолында күрескен кім?   (Тоқаш Бокин)

6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?          (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті.  ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын   ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың?         (үшінші)

10.Кімнің баласысың?

11.Адам денесінің тірегі            Қаңқа

12.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде

13.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы

14.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

15.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

16.Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)

17.Басты байлық. ( денсаулық )

18.12 ай (жыл )

19.Күйді орындаушы адам ( күйші )

20.Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)



Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады. Ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

































































Тақырыбы: «XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйесі

Сайыстың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер!

- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір оқушы шығып отырады.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 3 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңыздар.

1 – ойыншы Дәуренұлы Дастан – болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы Елтай Гүлім— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы Ерікұлы Олжас— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы Мұхитұлы Эльдар— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді
5 – ойыншы Сағымбай Айғаным— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді
6 – ойыншы Мейірхан Әлия – заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы Асылбаев Олжас- болашақта ұстаз болуды армандайды
8 – ойыншы Нұралы Нұрислам - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»

«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер. –деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)

Әділ қазылар өз бағаларын береді.
Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында каны жоқ
Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
12. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
Әділ қазылар осы кезең бойынша өз бағаларын береді. Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

Келесі сайымыз «Жорғада» келіп жетті
1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)

5.Азаттық жолында күрескен кім?   (Тоқаш Бокин)

6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?          (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті.  ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын   ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың?         (үшінші)

10.Кімнің баласысың?

11.Адам денесінің тірегі            Қаңқа

12.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде

13.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы

14.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

15.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

16.Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)

17.Басты байлық. ( денсаулық )

18.12 ай (жыл )

19.Күйді орындаушы адам ( күйші )

20.Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)

Әділ қазылар алқасы өз баллдарын береді.Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым, - дей келе келесі сайымыз «Жас қалам» кезеңіне көшеміз

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Иә,дұрыс айтасыңдар Тұңғыш Президент күні.

Осы Президент күніне орай елбасы жайлы эссе жазыңдар. Балалар келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк түсті байрақ, желбірейді көгімізде.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!