СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

сөздерді үйлестіре алу және олардың мағынасын: таза бұлақ, таза жан, таза дене; тілдерді байланыстырып сөйлеу; ашық, адал, болуды тәрбиелеу;

Просмотр содержимого документа
«Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ»»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық бойынша ересек топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім саласы: Әлеумет, қатынас. Көркем әдебиет, Тіл дамыту, Өзін өзі тану

Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ»

Мақсаты:сөздерді үйлестіре алу және олардың мағынасын: таза бұлақ, таза жан, таза дене; тілдерді байланыстырып сөйлеу; ашық, адал, болуды тәрбиелеу;

Билингвалдық компонент:родник – бұлақ, чистый –таза, мяч-доп, труд-еңбек

Құралдар: Ы.Алтынсариннің суреті, (бұлақ) суреті, доп

Кезеңдер

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс -әрекеті

Мотвациялық қозғаушылық

Қайырлы күн балалар! Балалар қуанышты шеңберге тұрып, бірі бірімізбен өздеріне ұнайтындай амандасайық.

Әр адамның амандасуы бірдей болсада интонациясы, мимикасынан өзгешелік бар.

Неге деп ойлайсыңдар? Өйткені біз адамдар әр түрліміз. Біз немен ұсқсас бола аламыз. Әр адам қайталанбайды,ерекше сондықтан адамдар арасында өмір сүру қызық. Адам Жер бетіндегі басқа тіршілктерден несімен ерекше?



Шеңберге тұрады. Амандасу сөздерін айтады.







Адамдар ақыл-ой арқылы ерекшеленетін естеріне түсіреді. Ол ойлай алады.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Ойлап және жауап беретін ойын ойнаймыз.

Сөзді айтып,допты ары қарай береміз.




«Таза жан» деп кімге айтады?

Кім біледі, бұлақ деген не?


Бұлақтың суреті бар суретті көрсетеді. Бұлақ ешқашан жұмысын тоқтатпайды, ылғи ағып жатады, жиналса көл болады. Адамдар бұлақтың суын ішкілері келеді- оның суы өте таза, өтіп бара жатқан адамдар шөлдерін қандырады.



Сергіту сәті «Жылға»


Ы.Алтынсариннің суретін көрсетеді. Оның «Таза бұлақ» шығармасын тыңдауға шақырады.



-Айтындаршы, үш жолаушының қайсысының позициясы сендерге жақын?

Минут бойы тыныштық.









«Елестетіндер, тамаша ашық жазғы күн. Тамаша шалғында жересіндер. Шөп жұмсақ және жасыл. Соның арасынан таза,мөлдір, мейірімді бұлақ ағып жатыр. Ол сылдыр қағып ағады, бізбен ойнайды. Қараңдаршы аспанда ашық көгілдір бұлттар. Олар аспанда қалықтап ұшып жүреді. Аспандағы жануарларға ұқсайтын бұлттарды тауып көріңдерші. Қолымен көрсетіңдер, бұлғап шақырындар Жеңіл жел. Бізге топқа қайту керек»

Қолында доп бар бала айтылған сөзге сөз қосып сөз тіркесін құрастырады,

«таза»: таза бет, таза киім, таза дене, таза бұлақ, таза жан

Ешқашан алдамайтын, шындықты айтады, қулық жасамайды, ешкімге зұлымдық жасамайды, мейірімді жан туралы

Бұл жердің астынан шығатын су. Бұлақтағы су таза, мөлдір,суық.










Балалар жылға ойынын ойнайды.


Қазақтың жазушысын таниды.

Әңгімені тыңдайды.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:

-Бұлақ қайда бар?

-Бұлақтағы су қандай?

-Жолаушылар бұлаққа неге келді?

-Онда қандай жазуды көрді?

- Бірінші жолаушы қалай түсінді?(көпес)

-Екінші жолаушы қалай түсінді?(молда)

-Үшінші жолаушы қалай түсінді?(жас жігіт)


Өз ойларын айтады.

Қолдарын тізелеріне қойып,орындықтың арқасына тіренеді, қол, аяқтары босансиды, көздерін жұмады.


























Рефлексивті -түзетушілік


Қорытынды шығарады: адам жақсылыққа талпынуы керек, «бұлақтан» үлгі алуы керек, не істеуі керек?




Еріншек болмау, жұмыс істеу, мейірімділік жасау, ашық болу.

Күтілетін нәтиже:

Қолданады: сөз тіркестерінің мағынасын: таза бұлақ, таза жүрек.

Түсінеді:оқылған шығармалардың мағынасын.

Қабылдайды:мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!