Сыныбы:10 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
2. Дамытушылық:
Өз ойларын дәлелді айта білуге үйрету. Танымдық ой-
дағдыларын, оқушылардың алған білімдерін әр түрлі
тапсырмалар арқылы жүйелеп айтуға, оқушыларды тез
ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге үйрету.
3. Тәрбиелік:
Оқушының тіл байлығын жетілдіру, Ы.Алтынсарин секілді өз елін, жерін сүйе білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің суреті, кітаптар, өлеңдер жинағы, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Шоқан-қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап, зерттеуші» тақырыбында зерттеу жұмысы.
III. Өткен сабақты пысықтау.
1. Шоқан кім?
2. Оның білім алу қабілеті қандай еді?
3. Артында қалған өшпес мұраларын ата.
4. Шоқан еңбегіне қандай баға берілді?
Қызығушылықты ояту.
Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің "ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор,"- деп баға береді.
ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту немесе мағынаны тану.
1.Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері жайлы түсінік беріледі.
2.Егемендіктің ең алғашқы шарты-білім.Білім-қай заманда да маңызды да өзекті мәселе.
3.1864 жылы алғаш рет Торғайда мектептің ашылуы.
4. Ыбырайдың шығыс зерттеушісі,профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хаты.
5. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының шығарылуы.
6.Ыбырайдың қоғамдық-педагогикалық ғылыми әдістемелік көзқарастарының қалыптасуына орыс достарының әсер-ықпалы.
V. Поэзия минуты. Оқушылар ақынның өлеңдерінен жатқа үзінді оқиды.
VІ. Сабақты пысықтау «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс
1.Зерттеңіз: Ы.Алтынсарин кім? Ассоциация әдісі бойынша жұмыс. Оның «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы мақсаты не?
2.Салыстырыңыз: Ы.Алтынсарин мен Ш. Уәлихановтың білім алуы мен оқуға деген қабілеттілігін салыстыр.
3.Дәлелдеңіз: «Ыбырай жалаң үгіттің ақыны емес, ол-өз кезінің ең әсерлі, ықпалды жаңашыл жазушысы» деп аталу себебін дәлелде.
4.Байланыстырыңыз: Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды...
Өлең жолын бүгінгі күнмен байланыстыр.
5.Талдаңыз: Ы. Алтынсариннің Ильминскийге жазған бір хатын оқулықтан оқып талдау.
6. Суреттеңіз. Ыбырай өмірінің елеулі кезеңдерін ата.
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Категориялы топтастыру стртегиясымен жұмыс.
VІІІ. Оқушыларды бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: Ы.Алтынсариннің өлеңдерін, әңгімелерін оқып, талдау. Аудармаларын зерттеу.