СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ыбырай Алтынсарин "?аза? хрестоматиясы"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсарин - ?аза? балалар ?дебиетіні? атасы. Б?л саба?та Ыбырайды? "?аза? хрестоматиясына" енгізген шы?армалары таладанады.

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин "?аза? хрестоматиясы"»

Бекітемін:

Күні: 9.02.2016 жыл Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы. 9 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: «Қазақ хрестоматиясы» жинағының мазмұнымен таныстыру, өлеңдері, әңгімелері, аудармалары және халық аузынан жинаған әдебиет үлгілері туралы білім беру, алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуге үйрету;

дамытушылығы: әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын орындай алуға үйрету, оқушылардың өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білу қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру;

тәрбиелігі: ағартушы шығармалары арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету, басқалардың көзқарасын сыйлауға баулу.

Сабақтың түрі: іздену сабағы

Сабақтың әдістері:  баяндау,өздік жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, халықтық педагогика, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, шығармалары,интербелсенді тақта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жан-жақты білімін тексеру (Сыныпты төрт топқа бөлу.)

  1. Ы.Алтынсариннің өмір жолына хронологиялық кесте негізінде шолу жасау

Жылдар

Маңызды оқиғалар

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық

орыс-қазақ мектебіне барған.

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

Торғайдағы мектепті ашады.

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.


  1. Тест – интервью

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

  2. Оның шығармаларын ата.

  3. Ыбырайдың болашағынан үміт күтіп, оны оқуға жетелеген кім?

  4. Ыбырай қандай қызметтер атқарды?

  5. Ыбырай қандай бағытта жұмыс жасады?

  6. Ыбырай туралы кімдер зерттеді?

  7. Ы.Алтынсарин туралы жазылған «Дала қоңырауы» атты поэманың авторын ата.

1. Ой ашар

- Әңгіме жанры туралы не білеміз? (Әдебиет теориясы)

- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.

Әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша үлгісі. (З.Қабдолов)

Ең парасатты проза – дәл және қысқа жазылған проза. (А.С. Пушкин)

2. Мұғалім сөзі

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Оның шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.

Ағартушы 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың қазақ – орыс мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім".

Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар:

  1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер.

Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан,

көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

  1. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

  2. Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

  3. Қазақтың мақал –мәтелдері.

"Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. Ыбырай бұл еңбегінде халық-ағарту идеясын көтерді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгіме – новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу – өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға үндейді.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

«Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.

«Қазақ хрестоматиясы» - қазақтың ана тілінде оқу кітаптарын шығарудың мүмкін екенін тарихи дәлелдеген, қазақ тілінің тарихы мен өміршеңдігін қорғаған бірінші еңбек.

3. Оқулықпен жұмыс

Әр топқа тапсырма беру.

  1. «Қазақ хрестоматиясы»

  2. Өлеңдері

  3. Әңгімелері

  4. Аудармалары

4. Хрестоматиямен жұмыс

Оқушылар әңгімені оқып, өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

  1. «Сәйкестендір» стратегиясы («Жан-жануарлардың дауласқаны»)

Кейіпкерлер

Дұрысы

Шығармадан үзінді

1.Жылқы.Мен болмасам, адам үйіне немен жабар еді; жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күпі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады.

2.Түйе.Мен болмасам, сенің көбіңді не ұры ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді, сенің бәріңнің мал бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп-абалап, иеме хабар беремін.

3.Сиыр.Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді, мен таңертең тұрып шақырып, хабар айтамын, таң атты деп...

4.Қой. Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

5.Ит. Мен, адам үстіме мінсе алысын жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма шейін арқан істейді, адамға менен пайдалы мал жоқ...

6.Тауық ...Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын, көде болса – көде, жусан болса – жусан, не кез болса соны қорек етіп... жүре беремін...

7.Тышқан. Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май алады.

Сатылай кешенді талдау («Бақша ағаштары»)

3.Әңгіме негізінде көрініс қою («Таза бұлақ»)

4.«Үш жақты күнделік» стратегиясы («Асыл шөп»)

  1. Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді

  2. Түсініктеме беру

  3. Лайықты мақал (топ оқушылары бірлесе отырып, қорғайды)

5. Тарих беттеріне үңілгенде...

Ыбырай Алтынсариннің қазақ тарихындағы орны, оның салған мектептері, мұражайы таныстырылады (слайд)

6. Ыбырай Алтынсарин туралы ойлар...

1. Ыбырай Алтынсарин қазақ арасына әуелі Еуропаның білім-ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан болды. («Оренбургский листок» газеті, 1889 жыл)

2. Ірі ағартушы, өнерлі ақынның артына қалдырған ізіне қарап отырсақ, көңілге алғысқа толы ойлар келеді. (М.Әуезов)

3. Ыбырай қалдырған мұралардың құнды бір саласы – оның хаттары. Жазушының хаттары үлкен суретшінің зор бейнесін айқындай түсетін мәнді еңбектер. Бұлар, әсіресе, ақынның дүниеге көзқарасын, қоғамдық ойларын, әлеуметтік бетін, саяси бағытын айқындау үшін қажетті материал. (Х.Сүйіншәлиев)

ІV. Жаңа білімді меңгергенін тексеру

Кубизм әдісі

1. Суретте (Ыбырай шығармаларында не туралы айтылады?)

2. Салыстыр (Ы. Алтынсариннің шығармаларына ұқсас қандай шығарманы білесің?)

3. Зертте (Ы. Алтынсарин туралы тағы не білесің?)

4. Қолдан (Шығарманың ұнаған жерінен үзінді келтір)

5. Есте сақта (Қандай деректер білдің?)

6. Талда, қолда, қарсы шық. (Ағартушы еңбегіне деген өзіндік көзқарасың)

V. Сабақты бекіту кезеңі

«Ой салыстыру» стратегиясы

(Қазақ сахарасының жұлдыздары: Ыбырай, Шоқан, Абай)

VІ. Сабақты қорытындылау

«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы

- Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы... (Оқушылар жалғастырады)

VІІ. Үйге тапсырма

«Еркін жазу» стратегиясы бойынша ой-толғаныс:

«Тәрбие басы – тал бесік» Ыбырай әңгімелері бойынша шағын эссе жазу.

VІІІ. Рефлексия кезеңі
Өз-өзіме хат: «Бүгінгі сабақтан өзіме не алдым?»





Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебі












Сабақ үлгісі

Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

9 «Г» - сыныбы








Өткізген: Баделова Шолпан,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



















Аққыстау – 2016 жыл








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!