| Сабақтың тақырыбы: | Ыбырай Алтынсарин «Өзен » өлеңі |
| Ойлаудың деңгейлері (Б.Блум бойынша) | Мақсаты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Жұмыстың түрі | Нәтижесі | Бағалау |
| 1.Білу | Жалпы түсініктерін байқау | Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады, топқа бөледі,бақылайды, | Берілген әс-әрекетке белсене араласу, қатысу , мәселені шешуге талпыну | Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Топтық жұмыс 1.Тапсырма: «Миға шабуыл» Видеоролик көрсету.Өзен ағысы.Мұндай көріністә көрген оқушы болса өз ойымен бөлісу. | Ынтасы артады, өз ойын айтуға үйренеді | 1.Толық анықтама берді-2 ұпай 2.Жартылай анықтама берді -1 ұпай 3.Мүлдем ештеңе айтпады ,орындамаған- 0 ұпай |
| 2.Түсіну | Берілген тапсырманы жете түсіну, жеткізе алу | Алғаш білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға итермелеу,қайтадан топқа бөлу | Тапсырманы түсінуге тырысу | Топтық 2.Тапсырма: 1.Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып шығады.Әр топқа мына тақырыпшалар беріледі: 1-Топқа: Ыбырай өмірі.(Ғаламтор пайдалану) 2-Топқа: Өзен өлеңі.(Өлеңді талдау) 3-Топқа: Өлеңдегі түсініксіз сөздерді жазу.Түсіндірме сөздік пайдану. 4-Топқа: Өлеңдегі көркем сөздерді табу. | Оқушының белсенділігі мен қызығушылығын арттыру | Түсінігін толық айтып жеткізді-3 ұпай Түсінігін жартылай жеткізді-2 ұпай Түсінігін дұрыс жеткізе алмады-1ұпай Мүлде ештеңе айтпады-0ұпай |
| 3.Қолдану | Жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдану | Бақылап, бағыт-бағдар береді | Жеке, жұптық, топтық жұмыстарға қатысу | Топтық 3-Тапсырма: «Шығармашылық жұмыс». Өзің көрген,шомылған өзендегі немесе көлдегі қызықты сәтті баяндау. | Сенімділігі артады, жауапкершілікті сезінеді | Ойларын толық айта алды-3 ұпай Ойларын жартылай айта алды-2 ұпай Ойларын дұрыс жеткізе алмады-1ұпай Ойларын мүлде айта алмады-0 ұпай |
| 4.Талдау | Негізгі ойды анықтау, өз мақсатына жету жолдарын талдай алу | Жағдаяттық шығу жолдарын түрлі тапсырмалар арқылы жетектеу (Тағы топқа бөлу) | Пікірін айтады, ойын еркін жеткізе бастайды | 4- Тапсырма: «Кім шапшаң» ойыны арқылы өлеңнің буын өлшемі және ұйқас түрлеріне талдау.Топтық жұмыс. Тау-лар-дан ө-зен а-ғар сар-қыр -а –ған 11б,(а).... | Проблеманы өз дәрежесінде шешеді, өзгені тыңдай білу дағдысы, өз пікірін талдай білу дағдысы қалыптасады | 1.Талдаудың дәлелдері толық ашылды-2ұпай 2.Жартылай ашылды-1ұпай, 3.Мүлдем ашылған жоқ- 0ұпай |
| 5.Синтездеу | Қорытынды жасауға машықтандыру | Оқушылар өз ойларын жинақтап айтуға итермелеуді ұйымдастырады | Өз мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады | 5-Тапсырма: Тақырып негізінде өзен көрінісін суреттеу. постер жасау, қорғау. | Білімдерін жинақтап, нәтижесін бағалай алу | Ойларын толық айта алды-3 ұпай Ойларын жартылай айта алды-2 ұпай Ойларын дұрыс жеткізе алмады-1ұпай Ойларын мүлде айта алмады-0 ұпай |
| 6.Бағалау | Оқушылардың сабаққа қатысуы мен белсенділігін, үлгерімі, тапсырмаларды орындауына орай толтырылған «Бағалау кестесі» бойынша білімдерін сараптау, бағалау | «Бағалау кестесі» арқылы оқушыларды бағалау. Оқушылардың білімін сараптап, қорытындылау | «Бағалау кестесін» толтырып,ұпайла рын анықтайды | Әр оқушының белсенділігін, білімін анықтау, бағалау. Үйге тапсырма: Өзен өлеңін жаттау.Ыбырай Алтынсарин жөнінде мәлімет жазып келу. | Өз нәтижесіне көз жеткізеді Өз біліміне сараптама жасайды | Өзіндік бағалау |