СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ыбырайдың өмірі мен педагогикалық қызметі

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ағартушы Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі мен өмір жолы туралы мәлімет беру

Просмотр содержимого документа
«Ыбырайдың өмірі мен педагогикалық қызметі»

2.02.16 ж.9-сынып, қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин өмірі мен педагогикалыық қызметі. »Қазақ хрестоматиясы» оқулығының мәні мен маңызы

Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсарин жайлы мәлімет беру , Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып,идеялық мазмұнынына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау,меңгерту;

ә) оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны қалыптастыру,ақын тіліне деген көзқарасын білу;

б) қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,ойынеркін айта алатын қолайлы орта туғызу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер,кітаптар, видео-ролик,слайд т.б. т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақ. Топтастыру

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?


Ақын ағартушы педагог

Ыбырай Алтынсарин



Жазушы оқулық авторы


Ғұлыма шағын әңгіме шебері


1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.

3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.


  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау. Видео-ролик арқылы түсіндіремін.

Жылдар

Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.


1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.


Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал –мәтелдері.

Топтастыру:

өлеңдері әңгімелері


Ыбырай шығармалары





Аудармалары мақалалары




Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады. Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды .Слайд көрсетіледі.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Іnsert : Таблицаны толтырады.


Не білетін едім

Не үйрендім

Нені білгім келеді





Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын оқып келу.