| Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. З дыбысы мен әрпі. | Мектеп: Қызылжар орта мектебі Мұғалім: Жукенова Г.Е. |
| Күні: Сынып: 1 «а» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
| Тілдік құзыреттілік | Табиғатқа саяхат. З дыбысы мен әрпі. |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
| Сабақтың ортасы 8 минут | №1 Жаңылтпашты жаттап ал. Үйден мысық шықты, Үйшіктен күшік шықты. Күшік мысықтан күшті шықты, Мысық күшіктен ықты. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны. Шарт:.Допты қағып алған бала з әріпі бар сөз ойлап айтуы керек. Мысалы: зығыр, зәйтүн, т.б. №2 Сөзжұмбақты шеш. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
| Сергіту сәті 1 минут | Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. | |
| Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 10 минут | №3 Мақалды оқы. Мағынасын бір-біріңе түсіндір. Оқу-инемен құдық қазғандай. №4Ойлан,тап. Түзу ағаш. Таза жейде. Аз жапырақ. Қисық ағаш. Кір жейде. Көп жапырақ. | Оқулық, дәптерлер. |
| Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
 | Смайликтер |