СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

За?ды білу-заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

???ы?ты?,демократиялы,зайырлы мемлекетімізді? азаматтары ?з ???ы?тарын білген жа?дайда же?ілдік болады.За? алдында ж?ртты? б?рі те?.За? ?ркімні? ???ы?ын ?ор?айды.Сонды?тан за?ды білу заман талабы.

Просмотр содержимого документа
«За?ды білу-заман талабы»

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Қадірлі қонақтар! №1 Д.А.Қонаев атындағы ЖББАГ мектебінде «Құндылыққа бағдарланған тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу жолы» тақырыбында өтіліп жатқан сыныптан тыс іс-шарамыздың келесі бөлімін ашық деп жариялаймыз.

«Заңды білу – заман талабы» деп аталатын сыныптан тыс іс-шарамызды назарларыңызға ұсынамыз.

Мақсаты:

Жүргізуші:1.-Танысып қойыңыздар!Сіздердің алдарыңызда ЖББАГ мектебінің 9 «а» ,10 «а»,10 «ә» қазақ гимназия сыныптарынан құралған топтар арасында сайыс түрінде өтілетін іс-шарамыздың басты қатысушылары «Заңгер» және «Ақиқат», «Әділет» топтары. Жүргізуші:2 –Топтардың білімдерін бағалап,өнерлерін саралаушы әділқазылар мүшелерімен таныстырып өтейін:------------------------------------------------------------------------ Жүргізуші:1 Бүгін бізде құрметті қонақта:-------------------------------------------------------------

Жүргізуші:2 Адамды ардақтап,қадір-қасиетін түсініп,күллі өмір-тіршіліктің тұтқасы деп біліп,оның құқығын қорғау 1789жылы француз революциясынан кейін ғана қолға алынып,құрылтай жиналысында адамдыазаматдеп жариялап,Адам мен азамат құқықтарының Декларациясын қабылдады.Фашизм мен нацизмнің екіншідүниежүзілік соғысы кезіндегі жантүршігерлік айуандығына адамзаттың үн қатуы түрінде 1948жылы 10 желтоқсанда Б Ұ Ұ «Адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясын»қабылдады. ХХІ ғасыр адамдардың құқықтарын қорғау ғасыры. 10желтоқсан-«Адам құқықтарының күні»- деп атап өтіледі.

Мемлекетіміздің Ата заңының 1 бабында»

ҚР құқықтық,зайырлы,демократиялық,әлеуметтік мемлекет,оның ең қымбат қазынасы- адам,оның өмірі,құқықтары мен бостандықтары»-деген қастерлі сөз кіргізді.Бүгінде ҚР-ның құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру заманында әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп,заң білімі саласынан мағлұмат алған дұрыс.Заңды біліп,қастерлеп,сыйлап,тура жолмен жүріп,еліне таза қызмет еткен адам ғана мұратына жетеді.Сондықтан заңдыбілу-заман талабы. - Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Визиткалық карточка» деп аталады.Аталуына қарай түсініп отырған боларсыздар,бұл жерде әр топ өзін таныстырады.Атын,ұстанымын/ұраны/, эмблемасын қорғайды.Жоғарғы балл-10 ұпай

беріледі.

-Адам және азаматтардың құқықтарын қорғайтын мына құжаттар туралы не білеміз?











Үш топқа ойлануға 3 секунд уақыт беріледі. Жоғарғы балл-10ұпай ./Құжаттың пайда болу, қабылдану тарихымен ,мазмұнымен таныстыру керек/

--Заңға бағыну- тәртіп,ал тәртіп бар жерде тәрбие,адамға тән қасиеттер бар екені,сол қасиеттер қоғамның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екені белгілі. Олай болса топтар арасында сайыс тапсырмамыз «Білу парыз» өнеріне кезек береміз. Тапсырма шарты: ҚР-ның заңынан қате мәтін беріледі,әр топ қатені түзеп,ҚР-ның қандай заңынан алынғанын табады.Жоғары балл-10ұпай.

----Мектеп оқушыларының саяси - құқықтық сауаттылығы,білімдерін бағдарлау барысында алынған интервьюден үзінді слайд арқылы көрсету.

Құқықтық сауаттылық

- Конституциялық,азаматтық,әкімшілік,отбасылық,
еңбек,қылмыстық құқық негіздерінің қазіргі заман адамдарының өмірлік қызметіне қажеттілері және оларды өмірлік практикада пайдалану
- Адам құқығы мен еркіндігін сыйлау
- Құқықтық құндылықтар негізінде адамдардың өркениетті қатынас жасай алуы

Құқық жоқ жерде- бостандық та, демократияда жоқ. /Н.Ә.Назарбаев/

әр топ өз ұстаным,түсінік,білімдерін көрсету үшін жауап береді.Толық жауап 5ұпай алады.

- Заң,құқық тақырыптарынан әр топқа 10 сұрақтан берілетін сайыс түрі «Жорға» деп аталады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілетінін ескертеміз. «Жорға» сайысының сұрақтары жылдамдыққа,дұрыс жауап беру шарты бойынша жүргізіледі.

Сұрақтар: «Заңгер» тобына 1.Қазіргі қолдаып жүрген ата Заңымыз қашан қабылданды? /1995жыл/ 2.ҚР-ның Конституциясы неше бөлімнен,неше баптан тұрады? /98баптан,9 бөлімнен/ 3. «Жеті жарғы»заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? /Тәуке/ 4.ҚР-да биліктің бірден –бір қайнар көзі..... табылады /халық/ 5.Еңбек дауларын қарайтын бастауыш орган атауы /кәсіподақ/ 6.ҚР-ның Конституциясында ҚР-сы өзін зайырлы мемлекет деп жариялаған нешінші бапта және зайырлы мемлекет дегеніміз... қандай мемлекет? /1бапта және діндердің барлық түріне тыйым салынған мемлекет/ 7.Этатизацияланған мемлекет ұғымы нені білдіреді? /жеке меншік пен нарықтық қатынастар дамыған мемлекет/ 8.Адамдардың әрекет қабілеттілігі толық түрде қай жастан басталады? /18жастан/ 9.Басқару тұрпаты бойынша ҚР-сы қандай мемлекет? /президенттік/ 10.Мемлекет егемендігі дегеніміз.../мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясатты өз еркімен жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі/

«Ақиқат» тобына 1.Балалар құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды? /1989жылы 20қарашаБҰҰ Бас ассамблеясының 47 сессиясында/ 2.Қылмысты санаттарына қарай қалай бөлеміз?/онша ауыр емес,ауырлығы орташа,ауыр қылмыс,ерекше ауыр қылмыс / 3.ҚР-ның рәміздері туралы Конституцияның нешінші бабында қаралған? /9бап/4.Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы./Қ.К.15бабы-16жастан адам қылмыстық жауапқа тартылады,14жастан ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін жауапқа тартылады/ 4.ҚР Конституциясының 1бабы,1тармағы/ҚР өзін демократиялық зайырлы ,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі ,құқықтары менбостандықтары/ 5.Тәуке ханның шығарған заң жинағы /Жеті жарғы 6/ .Түрік қағанатының ең жоғарғы билеушісінің атауы/қаған/ 6.Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын қай ұйым,қашан қабылдады/БҰҰ 1948жылы/ 7.Құқықтық мемлекеттің белгісін ата/құқықтық заңның үстемдігі және тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының ақиқаттылығы/ 8.Конституция сөзінің аудармасы/латынның құрылым,өкілім/ 9.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?/Президент қол қойғаннан кейін/ 10.Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган?/парламент/

«Әділет» тобына сұрақ: 1.ҚР-ның тәуелсіздігі туралызаң қашан қабылданды?/1991жыл 16 желтоқсан/ 2.ҚР-да «Баланың құқығы туралы заң»қашан күшіне енді?/2002жыл8тамыз/ 2.ҚР әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет/унитарлы/ 3.Унитарлы терминінің мағынасы нені білдіреді?/

4.Қр-сындағы «Баланың құқығы»туралы заң неше баптан,неше тараудан тұрады?/10тарау 53баптан/ 5. «Жетіжарғыда бір құнның мөлшері қанша/мың қой/ 6.ҚР-ның қоланыстағы Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас?/Францияның/ 7.1789жылы құрылтайда адамды азамат деп жариялап адам мен азаматқұқықтарының Декларациясын алғаш қабылдаған мемлекет/Франция/ 8.Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?/президент пен парламенттің/ 9.Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция нене рет қабылданды?/ 2рет /1993.1995жылдары/ 10. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?/халық билігі/

Әрбір адам бала кезінен:Қазақстан –менің Отаным,оның мен үшін жауапты екені сияқты,мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн. /Н.Ә.Назарбаев/

----- «Үй тапсырмасын» тамашалайтын сәт туды. «Менің құқығым»-9 «а»қг, «Құқық әділет пен парасат жолы»10»а»қг, «Бала құқығы асыл қазына»-/10»ә»қг / атты слайд –шоу «презентация» Әр топ өз шығармашылығымен таныстырады.Жарыс шарты: қорғау мазмұны,безендіруі,фотосуреттер заң баптарымен сәйкестігі ,сөйлем құраулары т.б.Жоғары балл 10 ұпаймен белгіленеді. ----- «Тапқырлық»сайысы бойынша топ басшыларына тапсырма беріледі.15секунд уақыт беріледі.Ұпайлары аз топ басшысы шығып тұрады.Ұпайы көп топ басшысы жауап береді.Соңынан ұпайы аз топ басшысы жауабы тыңдалады.Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі./ «Үш аманат» тапсырмасын оқу./ ----Отаным деп танып,оның заңдарына бағынған адамның белгілі бір мемлекетті-елжандылық,азаматтық жауапкершілікке байланысты,өз елінің алдындағы азаматтық борышы.Келесі бөліміміз «ҚР-ның азаматтық» Кодексіне байланысты «жағдайаттық сұрақтарға» кезек береміз.Дұрыс жауапқа 5 ұпай белгіленеді.

---- «Тіл өнер»сайысында мақал жазылады,ішінен бір сөз яғни құқықтық заң термині жасырылады.Сол сөзді тауып,дұрыс айтылуына назар аударылады.Әр дұрыс жауап бір ұпай алады -------«Мектептегі құқық» бөлімінде бейнелі/рөлге кіру/ сұрақ беріледі.Адам құқықтарының бұзылуы,қорғалуы жақтарымен байланыстыра қарсы топ жауап беру керек.Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. ------- «Жасөспірім және қылмыс» айдарының шарты қонақтарымызға сұрақ қою. Әр топ 4 сұрақтан қояды.Сұрақтың мазмұнды,дұрыс қойылуын ескере отырып әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

Қорытынды:Құқығымызды қорғайтын мемлекетіміздің заңдарын білу,орындау ,құрметтеу баршамыздың борышымыз.Құқымыздың қорғалуын талап ете отырып,өз міндеттерімізді де орындауымыз керек.Сайысымызда айтылғандарды саралай келе,еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуымен қатар құқықтық мәдениеті қалыптасып,орныға түскен құқықтық мемлекетіміздің саяси-құқықтық біліммен қаруланған жастары көп болса құндылыққа бағдарланған тәрбиеміз іске асып,құқық бұзушылыққа жол берілмейді.Д.А.Қонаев атындағы ЖББАГ мектебі 5 сыныптан бастап жүргізілетін азаматтану курсы,құқықтану пәнін негізге ала отырып көрсеткен сыныптан тыс іс-шарамыз соның айғағы десе болады.Семинарға қатысушы қонақтарымызға еңбекте шығармашылық табыс,зор денсаулық тілейміз.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. «Заңды білу-заман талабы» атты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.