Просмотр содержимого документа
«"Zat esim otbasy"»
Зат есім отбасы
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде.
Баяғы бір заманда «Морфология» елі болыпты. Ол ел бірнеше ауылдан тұрады екен. Олардың бірі «Сөз табы» ауылы. Ол ауылда тоғыз отбасы тұрыпты және олардың ең дәулеттісі «Зат есім» отбасы болған. Ол отбасында екі егіз бала дүниеге келген екен.Басында ата-анасы оларға ат қоймай, «еркетайым, қошақаным» деп атап жүріпті.
Бір күні балалардың анасы күйеуіне:
-Балаларымыз ержетіп келеді, біз ақылдасып оларға есім қоюымыз керек,-дейді. Күйеуі оған келіседі.Олар ұзақ ойланып, ат таппаған соң, мінезіне байланысты ат қоймақшы болады. Үлкен баласы өз өнерімен ел көзіне түсіп жүретін, сауыққой, көбінесе көпшілікті жақсы көретін болған. Ал, кішісі у-шуды жақтырмайтын, өзі ешкімге ізденіп соқтықпайтын, қиындық туа қалса,жалғыз өзі отырып жеке шеше алатын,елдің арасында жалпы аталмай, атын жеке шығарып, атақты болғысы келетін бала болыпты.Осыдан кейін ата-анасы балаларының мінезіне ұқсас есім ойлап табады. Олардың үлкеніне Жалпы, ал кішісіне Жалқы деген ат қойыпты.Осыдан кейін зат есім мағынасына қарай «Жалпы» және «Жалқы» болып бөлініп кеткен екен.
«№188 жалпы білім беретін мектеп»
7 «Ә» сынып оқушысы
Ендибаева Алия
Жетекшісі: Озганбаева Г.Т
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Есімдік
Өте ертеде түлкі құйрығы бір тұтам, қошқар мүйізі бір орам болған кезде Есімдік деген аға болыпты. Есімдіктің жеті інісі бар екен. Олар: Жіктеу,Сілтеу, Сұрау, Өздік, Жалпылау, Болымсыздық, Белгісіздік.Олар туралы мынадай аңыз пайда болған екен.Інісі Жіктеу бір күні адамның жіктелетіні туралы күрделі сөздер ойлап табады.Оны бір ғана Есімдік ағасы білді. Сондықтан атын күрделі етіп, жіктеу деп қойыпты.Ал Сілтеу өте жалқау болыпты, әрі жұмыстың бәрін басқа біреуге сілтей салатындықтан оның аты «Сілтеу» деп аталыпты.Сұрау өмірдегі барлық нәрсені білгісі келіп, сұрағысы келген затын сұрай береді әрі сұраудан еш жалыққан емес екен.Сол себепті аты «Сұрау» делінген. Өздік-өзімшіл және өркөкірек ,бәрін өзім шешем деп сол сөзді аузынан тастамайды екен.Сол үшін оны «Өздік» деп атаған.Жалпылау –жалпы халықтың қамын ойлаймын, жалпы достарының арасында жүретіндіктен «Жалпылау» деп атын сол себепті қойған екен. Ал енді екі егіз бауыры болымсыздық пен белгісіздік туралы да айтты ағасы. Болымсыздық – оның ешетеңеге қолы жеткен емес, сондықтан ол тек мен президент боламын, барлық маман иесі боламын деген арман қиялдың жетегінде ғана жүргендіктен, сол үшін «Болымсыздық» қойған. Ал Белгісіздік –оның болашақта кім болатынын және кімнің жолын қуатынын білмегендіктен, оны «Белгісіздік» деп атап кеткен екен. Ал ата-аналары үлкен ағасының атын Есімдік қою себебі, оған ат қою кішкене қиындық тудырыпты сондықтан киналмаяқ оның есімі Есімдік болсын депті.Бірақ ағасы осы есімі үшін де достарының арасында және таныстық жағдайларында қатты қиналыпты.
Қазіргі таңда қазақ тілінде есімдік деген сөз табы бар. Ол жетіге бөлінеді деп осы есімдіктің атына байланысты қойған делінген.
«№188 жалпы білім беретін мектеп»
7 «Ә» сынып оқушысы
Муси Темірлан
Жетекшісі: Озганбаева Г.Т
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.