СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Заттар интернеті" баяндама

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Заттар интернеті" баяндама»

«Заттар интернеті» ұғымы (ағылш. «Internet of things» немесе қысқаша түрде IoT) ғылым мен сандық әлемдегі ең жиі қозғалатын тақырыптардың біріне айналуда. Бұл біздің қалай өмір сүретінімізге және жұмыс істейтінімізге мардымды өзгеріс әкелетін жаңа концепция.

Біздің қоғамда аталмыш ұғымды білмек түгілі ол туралы мүлдем естімегендер де жетерлік. Дегенмен, «Заттар интернеті» ұғымын жаңалықтарда сан мәрте кездестіретін белсенді интернет-пайдаланушылар бар, кейде тіпті солардың өзі жаңа терминнің түпкі мәнін білмей жатады.  Біреулер Заттар интернеті адамның қатысуынсыз жүзеге асады десе, басқалары керісінше пікір білдіреді.

Жоғары жылдамдықты интернет кеңінен қолжетімді болып барады, оның үстіне интернетке қосылудың құны төмендеуде, көптеген құрылғылар wifi-ға қосылу мүмкіндігімен бірге шығарылуда, технологиялар арзандауда, смартфондар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда. Осының бәрі Заттар интернетін құруға өте қолайлы жағдай туғызып отыр.

Заттар интернеті – ақпарат жинауға және алмасуға мүмкіндік беретін электроникамен, арнайы бағдарламамен, сенсорлармен және интернетке шығу мүмкіндігімен жабдықталған физикалық объектілердің желісі. Мұндай физикалық объектілер қатарына: ұялы телефон, кофеқайнатқыш, кір жуғыш машина, көлік, мұздатқыш және осы секілді көптеген заттар кіреді. Осы заттардың барлығы, егер олар интернетке шыға алса, Заттар интернетінің мүшесі бола алады.

Ақпараттық технологияларды зерттеумен айналысатын Gartner компаниясының мәліметі бойынша, 2020 жылға қарай интернетке қосылған құрылғылар саны 26 миллиардтан аспақ (кейбіреулер құрылғылар санын одан жоғары – 100 миллиардтан көп деп бағалайды). Яғни, Заттар интернеті дегеніміз – өзара байланысқан «заттардың» (соның қатарында адамдар да бар) алпауыт желісі. Бұл өзара байланыс адам және адам, адам және заттар, заттар және заттар арасында болады.

Заттар интернетінің мысалдары өте көп. Сіз кездесу бағыт алдыңыз делік, осы уақытта сіздің көлігіңіз күнтізбеңізге қарап, межелі жерге жетудің оңтайлы жолын таңдап қояды. Егер дәл сол жолда кептеліс болып жатса, көлігіңіз күтіп алушы тарапқа сіздің кешігетініңіз жайлы хабарлама жібереді. Сіздің оятқышыңыз сізді таңғы 6:00 уақытында оятып, бірден кофеқайнатқышқа кофе қайнатуды бастау жөнінде ақпарат жібереді. Осы секілді мысалдарды тоқтаусыз келтіре беруге болады.

Заттар интернетінің кең көлемде қолданылуының үздік мысалы – смарт қалалалар. Ондай қалалардың барлығы өзара байланысқан және қажетсіз ысырап пен ластану болмайды. Бұл жағдайда Заттар интернеті бізге қалай өмір сүретінімізді және жұмыс істейтінімізді түсініп, оны жақсартуға мүмкіндік береді. Төмендегі ағылшынтілді графикада смартқаланың қалай жұмыс істейтіні көрсетілген.