СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Заттардың белгілі бір шамасын санау" ҚМҰҚ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы/Тема:  «Заттардың белгілі бір шамасын санау»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: жылдамдыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: математикалық жұмбақтарды шешуге, логикалық ойындарға ойланып, нақты жауап беруге дағдыландыру.

3.Оқыту – обучающая: цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; Заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру (10 саны көлемінде) ; сандарды ажырата білуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Заттардың белгілі бір шамасын санау" ҚМҰҚ»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Теңіздер мен мұхиттар әлемі»

Тақырыбы/Тема: «Заттардың белгілі бір шамасын санау»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: жылдамдыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: математикалық жұмбақтарды шешуге, логикалық ойындарға ойланып, нақты жауап беруге дағдыландыру.

3.Оқыту – обучающая: цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; Заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру (10 саны көлемінде) ; сандарды ажырата білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары, суреттер, таяқшалар, карточкалар.

Көптілділік/Полиязичие: бір – один - one, екі – два - two, үш – три - three, төрт – четыре- four, бес –пять - five


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар бүгін бізге Жұмбақпай ата математика елінен тапсырмалар беріп жіберіпті. Ол тапсырмаларды орындасақ, сендерге сыйлық жіберетінін айтыпты.

Тәрбиеші: Балалар, сендер тапсырмаларды орындайсыңдар ма?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

1 – тапсырма: Сандарды тура және кері санау.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

2 – тапсырма: суретпен жұмыс.

Балалардың назарын жемістер бейнеленген суретке аудару.

-Суретте бірінші не тұр?

-Екінші не тұр?

-Үшінші не тұр?

-Ал алмұрт нешінші тұр?

-Бесінші не тұр?

Жеке жұмыс: Самрат суретте алма нешінші тұр?

3 - тапсырма: Логикалық есептер

3 қоянның құлағы нешеу?

2 сиырдың мүйізі нешеу?

Арсеннің әжесі базардан дәптер, қайшы, қалам өшіргіш, сызғыш, желім әкелді. (Сонда қанша зат әкелді)

Сергіту сәті

1,2,3 қарлығаш боп ұш,

4,5,6 қарлығаш боп қалқы.

7,8,9,10 қарлығаш боп қон.

4 - тапсырма: «Заттарының санын цифрмен қосу»

Шарты: заттар бейнеленген суреттер беріледі, астында сандар жазылған. Балалар заттардың санына сәйкес цифрмен қосады.

Көптілділік: бір – один - one, екі – два - two, үш – три - three, төрт – четыре- four, бес –пять - five

5 – тапсырма: -Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.

Таяқшалардан 4 санын құрастыру.

Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.

Жеке жұмыс: Дияр сен қандай пішін құрастырдың?

6 – тапсырма: Ойын: «Шатасқан сандар»

Шарты: 1 - ден 10 – ға дейінгі сандар орны ауыстырылып беріледі. Балалар сандарды өз ретімен қоя білуі керек. (Балалар сандарды тауып рет-ретімен қояды).

Д.о: «Заттарды сана»

Шарты: Балаларға суреттер бейнеленген карточкалар үлестіріледі. Балалар суреттегі заттарды санап, дөңгелекке санын жазуы тиіс.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық?

Жұмбақпай ата сендерге өте риза.

Мен сендерге Жұмбақпай атаның жұлдызшаларын сыйлаймын.