| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі | Мектеп: |
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Меркибаева Д.Ш. |
| Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | §4. Заттың агрегаттық күйі. |
| Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру |
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты: | 7.1.1.4. Заттардың агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Заттардың агрегаттық күйлері туралы біледі. Қатты, сұйық, газтәріздес заттарға мысал келтіре алады; Басым көпшілігі: Кейбір оқушылар: |
| Бағалау критерийі | Заттарды таниды. Температураның өзгеруіне байланысты бөлшектер қозғалысының әр түрлілігін біледі. Заттардың агрегаттық күйге ауысуын сипаттайды. |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Заттардың агрегаттық күйлерін түсінеді. Пәндік лексика және терминология: Заттардың күйі, қатты, сұйық, газ тектес, физикалық, химиялық, балқыту, қатыру, қайнату, буландыру, булану, еріту, жандыру, айналдыру, қату, қайнау, булану, балқу, сублимация, конденсациялану Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Су буға айналады, себебі, ....... Бу сұйықтыққа айналады себебі, .... Заттың үш агрегаттық күйі болады, себебі ....... |
| Құндылықтарға баулу | Бірін-бірі сыйлау, өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің ойын сабырлықпен тыңдау және сұрақ қоя білуге тәрбиелеу. |
| Пəнаралық байланыс | Физика, жаратылыстану |
| Алдыңғы білім | 7.1.1.3 –физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату. |
| Сабақ барысы |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
| Сабақтың басы 4 мин 3 мин | І.Ұйымдастыру «Тілек гүлі» арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады. Топқа бөлу. Оқушыларды бу, су, мұз суреті салынған қима қағаздар бойынша «Газ», «Сұйық», «Қатты» деп үш топқа бөлу.
ІІ.Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» Сын тұрғысынан ойлау әдісі қолданылады. Партанын үстіне темір , су, шар қойылады. 1.Су қандай зат? 2.Темір қандай зат? 3.Шардың ішіне не толтырылған? |
Бу Су мұз |
| |  | |
| Сабақтың ортасы 10 мин 13 мин 5 мин 2 мин | 1-тапсырма : Жұптық жұмыс. «Мұғалімнің сыйы» деп аталатын сабаққа байланысты бейне үзік көрсетіледі , оқушылар «Ойлан», « Жұптас», «Бөліс» әдісі бойынша талқылайды.    2-тапсырма: Топтық жұмыс І. Топ : Заттардың агрегаттық күйлері. ІІ. Топ: Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. ІІІ. Топ: Плазма 3-тапсырма: Ұжыммен жұмыс «Химиялық диктант» 1. Зат үш күйде болады: қатты, сұйық және газ тәрізді. Бұл күйлерді заттың ....... деп атайды. 2. Егер сұйықтықты бірнеше минут қайнатсақ, оның көлемі .... . Бұл процесс ... деп аталады. 3. Сұйықтың қатты күйге өтуі ... деп аталады. 4. Заттың қатты күйден газ тәрізді күйге өту процессі ... деп аталады. 5. Заттың агрегаттық күйі ... құбылыс. 6. Заттардың тағыда төртінші күйі бар, оны физиктер агрегаттық күйлердің біріне жатқызады. Кейбір айрықша жағдайларда зат ... күйде болады. Жауабы: агрегаттық күйлері; азаяды; кристалдану; сублимация; плазмалық. | Дескриптор | | А.Берілген заттардың күйін біледі | | Ә. Әр күйдегі бөлшектердің қозғалысын сипаттай алады | | Б. Судың табиғаттағы айналымын суреттеп, бейнелейді | 4-тапсырма: Жеке жұмыс. Берілген заттарды агрегаттық күйіне байланысты топтастыр: су,тас, мұз, бу, сүт, шай, кірпіш, пропан, алтын, бензин, мұнай, табиғи газ. | Дескриптор | | Заттардың физикалық қасиеттерін ажыратады | | Берілген заттарды агрегаттық күйіне байланысты кестеге толтырады | | Интер -белсенді тақта Бейне үзік  «От шашу»   |
| Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс ББК | Білемін | Білдім | Білгім келеді? | | | | | | |
| Қосымша ақпарат: |
| Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
| Заттардың агрегаттық күйге ауысуы жайлы тапсырмаларға байланысты кейбір оқушылар су молекулаларының температураға байланысты өзгеруін түсінеді. Оқу дағдысы төмен оқушылар заттардың әр түрлі күйде болатынын физикалық қасиеттерін салыстыра отырып суреттеуге тапсырма бердім. Қабілетті оқушыларға суретпен жұмыс , «дұрыс орнын тап» әдісін пайдаланып суретпен жұмыс берілді. | Оқушылады сабақ барысында критерийлер арқылы құрылған дескрипторлар бойынша бағаланады. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалар қойылады. | Оқушылар сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтай отырып тәжірибелік жұмыс атқарады. |
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? | |
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды? 1.-------------------------------------------------------------------------------------------- 2.-------------------------------------------------------------------------------------------- Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? 1.-------------------------------------------------------------------------------------------- 2.-------------------------------------------------------------------------------------------- Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге қалай көмектесетінімді білдім? |