Жетісу облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
«Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жоба тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»
Бағыты: гуманитарлық
Секция: қазақ тілі мен әдебиеті
Жобаның авторлары: Нығымет Аяла, Оңдасын Санжар 2-сынып оқушылары «Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Жетісу облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
Ғылыми жетекшісі: «Оқыту және дамыту» орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы: Дуйсембекова Лязат Сейдимбековна
Жоба жетекшісі: Кушукбаева Динара Жабайхановна бастауыш сынып мұғалімі
Алмалы ауылы 2023жыл
Жоба тақырыбы:
«Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»
Андатпа
Бұл жоба қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәнін зерттеуге арналған. Ғылым мен техника дамыған заманда адамзат адами қасиеттерден алшақтай бастаған кезде, болашақ ұрпақ тәрбиелеу құралы ретінде атазаманнан жеткен қазақ ертегілерінің көмегіне жүгінуімізге тура келеді.
Екінші тарауда қазақ ертегілерінің балалардың санасына әсер етуін зерттеу экспериментінің нәтижелері берілген.
Жобаның қорытындысында зерттеу тақырыбы бойынша тұжырымдар ұсынылған.
Аннотация
В проектной работе исследуется роль казахских сказок в воспитании детей. Казахские сказки являются одним из главных направлений казахского устного народного творчества. В век развития науки и техники, когда человечество начинает отходить от духовных ценностей как никогда мы обращаемся к народным сказкам.
Во второй главе предлагается итоги исследовательской работы по изучению казахских сказок.
В заключении представлены выводы по теме исследования.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе................................................................................3-4
2. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ халық ертегілері, оның түрлері...........................6-11
2.2 Ертегілердің тәрбиелік мәні...........................................12-13
3. Қорытынды.........................................................................15-16
4. Зерттеу жұмысымыздың жаңашылдығы:
Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері..............16-17
5. Пайдаланылған әдебиет....................................................18
КІРІСПЕ
Жоба жұмысының өзектілігі
Біздің ұсынып отырған ғылыми жобамның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні». Біз бастауыш сынып оқушыларының көбі үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге қамқор болуды біле бермейміз. Өзара сыйластық, достық, қамқорлық қатынастары төмен болып көрінеді. Бірақ мұғалім олардан өзін-өзі қалай ұстауы керек екені туралы сұрағанда бәрі де дұрыс жауап беретін. Сонда, сұрақтың жауабын біле тұра, тәртіп ережесін дұрыс қолданбаймыз. Тағы бір байқағанымыз, барлық оқушының әдебиеттік оқу сабағында ертегіні оқып талдау кезінде қызығушылығы туады. Сондықтан біз сыныптастарымыздың тәрбиелі, ізетті, ақылды, мейірімді, еңбекқор болуына қазақ халық ертегілерінің көмегі зор деген тұжырымдамаға келдік. Біздің ойымызша адамдардың бойында тек қана жақсы қасиеттер болуы тиіс, ал осы қаситеттерге қазақ халық ертегілерін оқу арқылы қол жеткізуге болады. Сөйтіп біз қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін зерттемек болдық.
Мақсатымыз: Қазақ ертегілері балалардың тәрбиесіне қалай әсер ететінін байқау.
Міндеттеріміз:
- Қазақ ертегілерін оқу;
- Ертегі кейіпкерлерінің тәртіп ережесін ұстанбағандықтан олақ жағдайларға түсу кезеңдерін табу;
- Ертегі кейіпкерлерін жақсы қарым-қатынасқа, достыққа, еңбекқорлыққа үйрету үшін ертегішілер қандай тәсілдерді қолданғанын білу;
Зерттеу нысаны: Біз қазақ ертегілері негізінде тәжірибелік зерттеу жүргіздік.
Жұмыс барысында қолданылған әдіс-тәсілдеріміз:
- Бақылау әдісі
- Тарихи әдіс
- Салыстыру әдісі.
- Іздену әдісі.
- Зерттеу әдісі.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
Осы жұмыстың нәтижесінде балабақшаларда, мектептерде, қазақ халық ертегілеріне қызығушылықтары бар сыныптастарымызға, олардың ата-аналарына қолдануға болады.
Зерттеудің жаңашылдығы:
- Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.
- Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлердің суретін салса.
- Дәптер, күнделік қойын дәптер сыртында насихатталса.
- Шеколад қораптары сыртына суреттерін салу.
- Қазақ ертегілерінің дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.
- Қазақ ертегілерінің тереңірек білу үшін, ертегіні оқи отыра жағымды кейіпкерлерден үлгі аламын деген балаларға күнделікті көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың нәтижесі:
- Зертеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.