СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Зертханалық жұмыс №2.Операциялық жүйенің элементтерімен жұмыс

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Зертханалық жұмыс №2.Операциялық жүйенің элементтерімен жұмыс»

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ҚАРАТАУ ҚҰРЫЛЫС–ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_________С.С.Анарбекова










«Операциялық жүйе »

пәні бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

2

Операциялық жүйенің элементтерімен жұмыс













Қаратау 2020


Әдістемелік нұсқауды құрастырған: «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» оқытушысы Жұманалиева Г.С.


Әдістемелік нұсқау «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» отырысында қарастырылып колледждің әдістемелік кеңесінде бекітуге ұсынылды


«Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» ЦӘК меңгерушісі ____________ Т. Узақбаев


Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.


Әдістемелік нұсқау колледждің әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген


Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.



Колледждің әдістемелік

кеңесінің төрайымы ___________ Шуленбаева А.



Колледждің әдіскері ___________ Уртаева Ж.


Әдістемелік нұсқау колледж ішінде пайдалануға ұсынылған














Тәжірибелік жұмыс № 2


Тақырыбы: Операциялық жүйенің элементтерімен жұмыс

Мақсаты: WINDOWS операциялық жүйесінің негізгі элементтерімен жұмыс істеу

Бас меню Пуск батырмасын басқаннан кейiн экранда Бас меню пайда болады.

Бас меню соңында ашылған барлық программалар мен құжаттарды тез енудi қамтамасыз етедi.

Қандай да бiр программаны iске қосу үшiн келесi әрекеттер орындалады:

Пуск батырмасына басу.

  • Программы командасы таңдалатын Бас меню пайда болады.

  • Меню iшiнен қажеттi программаны таңда.

Тапсырмалар тақтасы

Тапсырмалар тақтасы программаларды жүктеу мен олардың арасына өту қызметiн атқарады және ол экранның төменгi бөлiгiнде жатық жол түрiнде орналасқан.

Тапсырмалар тақтасының сол жағында Пуск батырмасы, ортасында ашық тұрған құжаттың немесе программасның батырмалары, ал оның оң жағында уақыт, пернетақтаның тiлдерге ауыстыру жақтауы орналасқан.

Терезе – бұл экранның түрлi программаларды орындайтын тiктөртбұрышты аумағы және ол WINDOWS операциялық жүйесiнiң негiзгi объектiсi болып табылады. Терезенiң келесi түрлерден тұрады: программалар терезесi, құжаттар терезесi, анықтамалық жүйе терезесi, хабар алмасушы терезе.

Программалар терезесi программалардан немесе бумалардан тұрады. Бұл терезеде қолданбалы программалар орындалады.

Құжаттар терезесi терезенiң басқарау элементтерi мен WINDOWS объектiлерiнiң басқа да таңбалары енетiн құжаттарға негiзделген.

Хабар алмасушы терезесiне тек басқару элементтерi ғана енедi. WINDOWS операциялық жүйесi мен ондағы программалар осы терезенiң көмегiмен басқарылады.

Анықтамалық жүйе терезесiне WINDOWS операциялық жүйесiмен және оның программаларымен жұмыс жасау бойынша анықтамалық ақпараттар мен анықтамалық жүйенi басқару элементтерi енедi.