Просмотр содержимого документа
«Зертханалық жұмыс №3.Терезе құрылымы»
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҚАРАТАУ ҚҰРЫЛЫС–ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_________С.С.Анарбекова
«Операциялық жүйе »
пәні бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
№ 3
Терезе құрылымы
Қаратау 2020
Әдістемелік нұсқауды құрастырған: «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» оқытушысы Жұманалиева Г.С.
Әдістемелік нұсқау «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері»
отырысында қарастырылып колледждің әдістемелік кеңесінде бекітуге ұсынылды
«Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» ЦӘК меңгерушісі ____________ Т. Узақбаев
Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.
Әдістемелік нұсқау колледждің әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген
Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.
Колледждің әдістемелік
кеңесінің төрайымы ___________ Шуленбаева А.
Колледждің әдіскері ___________ Уртаева Ж.
Әдістемелік нұсқау колледж ішінде пайдалануға ұсынылған
Тәжірибелік жұмыс № 3
Тақырыбы: Терезе құрылымы
Мақсаты: Терезе құрылымымен танысу және оны білу
Терезе құрылымы
Терезе бумасы келесi құрылымнан тұрады:
Берiлген бумаға объектiлер белгiсi орналасқан жұмыс аумағын бумалар терезесiн құрайды;
Командалар атауы тақырып қатарында орналасқан. Тақырып қатарына тышқан көрсеткiшiн алып барып, оны кез келген бағытқа жылжытуға болады.
Терезе жақтауы. Тышқан көрсеткiшiн терезе жақтауына алып барып, терезе өлшемiн кез келген бағытқа өзгертуге болады.
Тақырып қатарының сол жағында жүйелiк меню белгiсi орналасқан. Бұл белгiге бiр рет басқанда терезенi басқару командалырың тiзiмi ашылады, оның көмегiмен жылжытып, өлшемдерiн өзгертуге болады.
Тақырып қатарының төменгi бөлiгiнде меню қатары орналасқан. Онда терезенiң жұмыс аумағында бейнеленген объектiлердi басқаруды қамтамасыз ететiн командалар тiзiмi орналасқан.
Құралдар тақтасы программалар командаларында жиi қолданылатын батырмалар мен белгiлердi тез жiберуге негiзделген.
Егер жұмыс аумағы шеңберiнде терезе объектiлерi түгелiмен орналаспаса, онда терезеде автоматты түрде тiк және көлденең айналдыру жолақтары пайда болады.
Терезе элементтерi
Ол тақырып қатарының оң жақ бұрышында орналасқан батырмалардан тұрады:
| Жабу батырмасы. Осы батырмаға басу арқылы терезе жабылады. |
| Кiшiрейту батырмасы. Тапсырмалар тақтасына терезе батырма ретiнде бүктелiп, уақытша жабылады. Оған қайтадан басу арқылы оны қалпына келтiруге болады. |
| Үлкейту батырмасы. Экранның аумағына дейiн үлкейтуге мүмкiндiк бередi. |
| Қалпына келтiру батырмасы терезенi бастапқы қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. |