СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Зертханалық жұмыс №6.Ішкі және сыртқы құрылғылар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Зертханалық жұмыс №6.Ішкі және сыртқы құрылғылар»

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ҚАРАТАУ ҚҰРЫЛЫС–ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_________С.С.Анарбекова










«Операциялық жүйе »

пәні бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

6

Ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс













Қаратау 2020


Әдістемелік нұсқауды құрастырған: «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» оқытушысы Жұманалиева Г.С.


Әдістемелік нұсқау «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» отырысында қарастырылып колледждің әдістемелік кеңесінде бекітуге ұсынылды


«Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» ЦӘК меңгерушісі ____________ Т. Узақбаев


Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.


Әдістемелік нұсқау колледждің әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген


Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.



Колледждің әдістемелік

кеңесінің төрайымы ___________ Шуленбаева А.



Колледждің әдіскері ___________ Уртаева Ж.


Әдістемелік нұсқау колледж ішінде пайдалануға ұсынылған














Тәжірибелік жұмыс № 6


Тақырыбы: Ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс Мақсаты: Ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс жасауды үйрену.

Ішкі құрылғылар деп жүйелік блоктың ішінде орналасатын құрылғыларды айтады.

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы тақтасында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Аналық тақша – дербес компьютердің ең үлкен тақшасы. Аналық тақшада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – шина орналасады.

Аналық тақшаның шинасы компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын өзара байланыстырып тұрады. Аналық тақшаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.

Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылармен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы


Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:

  • жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді

  • енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.

Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.


Орталық процессор (ОП) немесе орталық процесорлық құрылғы (ОПУ) (ағылш. central processing unit — CPU). Микропроцессор – дербес компьютердің негізгі микросхемасы. Барлық негізгі есептеулер осы микросхемада орындалады



Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді уақытша сақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады.

Компьютерді ажыратқанда – оперативті  жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді

Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады.






Қатқыл дискіге  «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың танымал мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.

Қазіргі заманғы компьютерлердің барлығында дерлік ақпаратты сақтау үшін негізгі құрылғы ретінде қатқыл диск қолданылады.




Коммуникациялық порттар

Коммуникациялық порттар. Жүйелік блокты принтер, сканер, тышқан, пернетақта секілді сыртқы құрылғылармен байланыстыру үшін осындай порттар қолданылады. Порт дегеніміз – жай ғана сыртқы құрылғыны қосатын шұңғыл тесік емес, олардың кейбіреулерінде шағын микросхемалар орналасып, программалық басқарылады.

П орт түрлері

  • COM (тізбекті порт)

  • LTP (параллель порт)

  • USB (жоғары жылдамдықты тізбекті порт)

  • PS/2 (тышқан мен пернетақтаны жалғайтын әмбебеп порт)