СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ж.А Қараевтың "Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі" педагогикалық технологиясы бойынша биологиядан дайындалған деңгейлік тапсырмалар жинағы. 7 сынып

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың білімдерін тексеруге, бағалауға және өздігінен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар.

Просмотр содержимого документа
«Ж.А Қараевтың "Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі" педагогикалық технологиясы бойынша биологиядан дайындалған деңгейлік тапсырмалар жинағы. 7 сынып»

1 тақырып

Зоология – жануарлар туралы ғылым. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы. Жабайы және үй жануарлары. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі. Жануарлар дүниесін қорғау


І деңгей

  1. Зоология ғылымы нені зерттейді?

  2. Жануарларды қай жерлерде кездестіруге болады?

  3. Бір және көпжасушалы жануарлардың айырмашылығы неде?

  4. Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша қандай болып бөлінеді?

  5. Жабайы және үй жануарлардың түрлерін ата.


ІІ деңгей

  1. Неліктен адамдар жануарларды қолға үйретті?

  2. Жануарлар дүниесін не үшін қорғау керек?

  3. Жануарлар дүниесі өсімдіктер дүниесінен немен ерекшеленеді?

  4. Жануарлардың табиғи бірлестігі ұғымын қалай түсінесің? Мысал келтір.

ІІІ деңгей

  1. Сирек және жоғалып бара жатқан жануарлардың қандай қорғаудың шараларын білесіңдер?

  2. Мектеп кітапханасынан Қазақстандағы Қызыл кітабына енгізілген жануарларды тауып, жазып келіңіздер.

  3. Жануарлар туралы аңыз әңгімелер, мақал- мәтелдерді ауызша дайында


2 тақырып

Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы

І деңгей

  1. Жануарларды неліктен жүйелі топқа жіктейді?

  2. Жіктеу ұйымдарын анықта?

  3. Жануарлар дүниесінің тармағынмен бөлінуін сызба арқылы көрсет

  4. Біржасушалы жануарларды неге қарапайым жәндіктер деп атайды?

  5. Жүйеге келтіру үшін қандай ғалымдардың еңбегін білесіндер?

ІІ деңгей

  1. Жануарлар құрылымы ортақ белгісі бойынша нешеге бөлінеді?

  2. Омыртқасыз жануарлардың жәндіктер деп аталу себебін көрсет

  3. Төменгі сатыдағы жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

  4. Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларға кіретін жануарларды ата?

ІІІ деңгей

  1. Жануарлардың жүйелік топтарға жіктеліп ғалымдардың үлесі?

  2. К.Линней жануарларлды жіктеуде қандай сызба нұсқаны қалыптастырды? Түр→Туыс→Отряд →Класс→Тип ұғымдарына мысалын салыңыздар

  3. Жіктеудің маңызы туралы ойынды ортаға сал.

3 тақырып

Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы

І деңгей

  1. ХІ ғасырда республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба деректерді кім қалдырып кетті?

  2. Қазақстанда алғашқы зоологиялық зерттеулер нешінші ғасырларда басталды?

  3. П.С.Паллас пен Э.А.Эверсманның қандай еңбектері бар?

  4. Грек ғалымы Гиппократ жануарларды жүйелеудегі үлесі қандай?

  5. Гректің ұлы ойшысы Аристотельдің жүйелеу ерекшелігі?

ІІ деңгей

  1. Неліктен ғалымдар жануарларды зерттей бастады?

  2. Жануарларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінің біз үшін маңызы қандай?

  3. Саған ғалымдардың еңбектерінің ішінде қайсысы қызықтырақ болды? Неліктен?

  4. Кітаптағы мәліметтерден басқа қандай қазақ ғалымдары жануарларды зерттеуде үлес қосқан?

ІІІ деңгей

  1. Ғалымдардың еңбектері мен жылдары бойынша кесте құрастыр.

  2. Чарльз Дарвиннің еңбектеріне қысқаша тоқталып кет.

  3. Топтарға бөліп реферат беру

  1. топ XI ғ. Махмұд Қашкари

  2. топ XVII- ХVІІІ ғ. Ш. Уалиханов

  3. топ XVIII – XIXғ. Қазақстандағы зерттеулер

4-тақырып

Кәдімгі амеба органим екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы. Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі

І деңгей

  1. Біржасушалы жәндіктер тобы неге қарапайымдылар деп аталады?

  2. Амеба қалай қозғалады?

  3. Кәдімгі амебаның сыртқы құрылысы?

  4. Саркодиналар қандай жолмен қоректенеді?

  5. Амебаның ішкі құрылысы?

ІІ деңгей

  1. Неліктен амебаны тамыраяқтылар типіне жатқызады?

  2. Қарапайымдылардың табиғаттағы маңызы.

  3. Амеба түрлерінің арасындағы айырмашылықтар.

  4. Денесі тұрақсыз қарапайымдылардың негізгі ерекшеліктері.

ІІІ деңгей

  1. Қарапайымдылар сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.

  2. Саркодиналардың пайда - зиянын көрсет. Мысал келтір.

  3. Кәдімгі амеба тақырыбына шағын тест құрастыр.



5-тақырып

Жасыл эвглена жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар


І деңгей

  1. Стигма дегеніміз не?

  2. Хроматофор дегеніміз не?

  3. Жасыл эвглена қандай ортада тіршілік етеді?

  4. Өсімдіктекті талшықтылар дегеніміз не?

  5. Жасыл эвглена немен қоректенеді?

ІІ деңгей

  1. Жасыл эвглена мен кәдімгі амебаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  2. Неліктен жасыл эвгленаны балдырларға жатқызады?

  3. Талшықтылардың басқа бір өкіліне сипаттама бер.

  4. Эвглена мен бодоның айырмашылығы неде?

ІІІ деңгей

  1. Эвглена сөзіне ребус құрастыр.

  2. Жасыл эвглена мен кәдімгі амебаның айырмашылығы неде?

  3. Жасыл эвгленаның тіршілік әрекетіне сипаттама бер.


6-тақырып

Кірпікшелі кебісше – күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жыныстық процесс. Жоғарлап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін инфузориялар


І деңгей

  1. Инфузория сөзі нені білдіреді?

  2. Кірпікшелі кебісшенің ядроларының атқаратын қызметі қандай?

  3. Жанасу арқылы көбею дегеніміз не?

  4. Кірпікшелілердің негізгі қорегі не?

  5. Кірпікшелі кебісше қалай қозғалады?

ІІ деңгей

  1. Кірпікшелі жәндіктердің өзге де біржасушалы жәндіктерден артықшылығы неде?

  2. Неліктен тип кірпікшелілер деп аталады?

  3. Кірпікшелілердің жасыл эвгленадан қандай айырмашылығы бар?

  4. Кірпікшелі кебісше мен кәдімгі амебаны Венн диаграммасы арқылы көрсет.

ІІІ деңгей

  1. Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен тіршілік әрекетіне байланысты қысқаша хабарлама жаз.

  2. Ащы су мен тұщы судағы кірпікшелі кебісшенің тітіркендіргіштігі.

  3. Жанасып көбеюдің жыныссыз көбеюден айырмашылығын салыстыр.





7-тақырып

Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті


І деңгей

  1. Дизентериялық амеба қай мүшелерде өмір сүреді?

  2. Безгек ауруының қоздырғышы.

  3. Безгекпен ауырған адамның дене температурасы нешеге дейін көтеріледі?

  4. Қай жәндіктер адам ағзасында аурулар туғызады?

  5. Паразиттік аурулармен ауырмау үшін не істеу керек?


ІІ деңгей

  1. Паразитті қарапайымдылардың басқа қарапайымдылардан айырмашылығы неде?

  2. Неліктен жеке бас гигиенасын сақтау қажет?

  3. Ауру қоздыратын қарапайымдыларды тасымалдаушылар.

  4. Спораның маңызы қандай?


ІІІ деңгей

  1. Паразит қарапайымдылар тақырыбына қысқаша шығарма жаз.

  2. Адамға безгек қалай жұғады?

  3. Безгек масасын ызылдақ масадан қандай белгілері арқылы ажыратуғат болады? Өз пікіріңді жаз.


























8-тақырып

Ішкі типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы. Сыртқы құрылысы және мінез құлқы. Гидраның қоректенуі. Тыныс алуы. Тітіркенгіштігі


І деңгей

  1. Ішекқуыстылар типі бойынша жүйелеу топтарының сызбанұсқасын толтыр.

  1. Ішекқуыстылардың қозғалу тәсілдерін баянда:

  2. Ішекқуыстылардың жалпы саны қанша?

  3. Тип неге ішекқуыстылар деп аталады?

  4. Ішекқуыстылар қорегін қалай аулайды? Олар қорегін қалай қорытады?


ІІ деңгей

  1. Ішекқуыстылар денесінің симмертриясына мысал келтір.

  2. Қандай ортақ белгілері бойынша жәндіктер ішекқуыстыларға жататынын мысалдар арқылы дәлелде.

  3. Ішекқуыстыларда алғаш пайда болған жүйе және оның маңызы туралы баянда.

  4. Қарапайымдылар мен ішекқуыстылардың тыныс алу мүшелерінің ұқсасатықтарын салыстыр. (Венн диограммасына салыңдар).


ІІІ деңгей

  1. Регенерация деген не? Ішекқуыстыларда регенерация қандай рөл атқаратынын сипатта.

  2. Ішекқуыстылар өмір сүруге қалай бейімделген? Гидра, қызыл маржан, актиния және медуза мысалында түсіндір.

  3. Гидра сөзіне ребус құрастыр.














9-тақырып

Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма мен энтодерма. Жасушалардың әртүрлілігі


І деңгей

  1. Суретке қарап гидра денесінің қабаттарын тауып, бағдарша арқылы қабаттардың атауларын жаз.

  2. Эктодерма................ қабаты

  3. Эндодерма................қабаты

  4. Әр қабаттың қандай қызметін атқаратынын сипатта:

  5. Атпа жасушалары қай қабатта орналасқан?


ІІ деңгей

  1. Тұщы су гидрасын басқа ішекқуысты жануарлармен салыстыр.

  2. Неліктен гидра қозғалмайды?

  3. Эктодерма мен энтодерманың айырмашылығы.

  4. Гидраның жасушаларының әртүрлілігін қалай түсіндіруге болады?


ІІІ деңгей

  1. Су астында қаңқаларының үйіндісінде пайда болатын түзілістер қалай аталады? Олардың қандай түрлері бар.

  2. Медуза құлағы деген не?

  3. Гидраның қармалауыштарының санының көп болуының себебі неде?





10-тақырып

Гидраның көбеюі, ренегерациясы. Табиғаттағы маңызы


І деңгей

  1. Регенерация дегеніміз не?

  2. Регенерацияның маңызы неде?

  3. Гидраның табиғаттағы маңызы қандай?

  4. Гидраның көбеюі қалай жүреді?

  5. Гидрадан басқа қандай жануарлар регенерацияға ие?


ІІ деңгей

  1. Гидротәріздестердің көбею сызба нұсқасы (кітаппен жұмыс).

  2. Ішекқуыстылардың тіршілік әрекетін бір бірімен салыстыр.

  3. Гидраның қарапайымдыларға қарағанда көбеюінде қандай айырмашылықтар бар?

  4. Ішекқуыстыларға жататын жануарлардың көбею ерекшеліктері.


ІІІ деңгей

  1. Ішекқуыстылардың табиғаттағы рөлі туралы баянда.

  2. Регенерация құбылысын ішекқуыстылар типіне байланысты басқа тірі ағзаларда болуына мысал келтір.

  3. «Гидраның маңызы» атты тақырыпқа шағын эссе жаз.




11-тақырып

Олардың көптүрлілігі және маңызы. Маржан полиптері және медузалар. Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы


І деңгей

  1. Гидратәріздестердің тіршілік әрекеті қандай?

  2. Табақшатәріздестердің қандай мүшелері жақсы дамыған?

  3. Отырықшы ішекқуыстылар қандай мүше арқылы бекінеді?

  4. Шоғырланып тіршілік ететін көпқармалауышты маржандарды ата.

  5. «Теңіз гүлі» деп қандай маржандарды атайды?


ІІ деңгей

  1. Неліктен тип табақшатәріздестер деп аталады?

  2. Не себепті рифтер түзіледі?

  3. Көпқармалауышты маржандар не түзеді? Сызбанұсқасын сыз.

  4. Ғалымдардың медузаларды зеттеу себебі неде?


ІІІ деңгей

  1. Рифтердің шаруашылыққа келтіретін зияны.

  2. Маржандардың пайдасы.

  3. Неліктен медузаларды қауіпті жануарлар деп атайды?
































12-тақырып

Ақ сұлама – емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялылығы. Дене жамылғысы. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Тыныс алуы. Көбеюі


І деңгей

  1. Гельментология ғылымы нені зерттейді?

  2. Жалпақ құрттар типі бойынша жүйелеу топтарының сызба нұсқасын толтыр.

  1. Тип неге жалпақ құрттар деп аталған? Қысқаша сипаттама жаз.

  2. Ақ сұламаның сыртқы құрылысына сипаттама бер.

  3. Мезодерма дегеніміз не?


ІІ деңгей

  1. Ақ сұлама мен тұщы су гидрасының сыртқы және ішкі құрылысын салыстыр.

  2. Ақсұлама денесінің көлденең қимасынан үш қабатты тауып, олардың әрқайсысын түсіндір.

  3. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардың денесінің айырмашылығын атап, сипаттап бер.

  4. Кірпікшелі құрттардің тіршілік әрекетін түсіндір.


ІІІ деңгей

  1. Еркін өмір сүретін және паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар тіршілігіндегі ерекшеліктерді сипатта.

  2. Ақсұламаның көбею жолдары. «Пілә » дегеніміз не?

  3. Ақсұламаның ішекқуыстылардан тыныс алудағы айырмашылығын атап көрсет.
















13 тақырып

Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі және паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыруы


І деңгей

  1. Эндопаразит дегеніміз не?

  2. Сиыр цепені қай класқа жатады?

  3. Сиыр цепенінің тіршілік циклі қандай?

  4. Сиыр цепенінің сыртқы құрылысы қандай?

  5. Сиыр цепені ауруының жұғу жолдарын ата.


ІІ деңгей

  1. Сиыр цепенінің ақ сұламадан қандай айырмашылығы бар?

  2. Сиыр цепенінің атауын түсіндір.

  3. Сиыр цепенінің тіршілік циклінде қандай ерекшеліктер бар?

  4. Сиыр цепенінің ең ұзының қай жануардан табуға болады?


ІІІ деңгей

  1. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасына тигізетін зияны.

  2. Қосымша мәліметтер іздестіріп, ортаға салыңдар.




14-тақырып

Сорғыш құрттар. Даму циклы және иелерін алмастыруы


І деңгей

  1. Сорғыш құрттар класының құрттары қандай жолмен өмір сүреді?

  2. Сорғыш құрттардың сыртқы құрылысы қандай болады?

  3. Бауысорғыштың аталу себебі?

  4. Гермафродит дегеніміз не?

  5. Бауырсорғыштың даму айналымын айтып бер.


ІІ деңгей

  1. Неліктен тип сорғыштар деп аталады?

  2. Бауырсорғыштың басқа жалпақ құрттардың айырмашылығы неде?

  3. Сенің ойынша бауырсорғыштан сақтану үшін не істеу керек?

  4. Жұмыртқа аралық иесіне түспеген жағдайда даму процесі жүре ме?


ІІІ деңгей

  1. Сорғыш құрттардан сақтану үшін қандай алдын алу шараларын жүзеге асыруға болады?

  2. Мысық сорғышын ашқан орыс ғалымы К.Н.Виноградов қандай ауру туралы сипаттап жазды.

  3. Бауырсорғыштың зияны жайлы шағын шығарма жаз.



15-тақырып

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым қатынасы


І деңгей

  1. Жұмыр құрттардың типі жүйелеу топтарының сызбанұсқасын толтыр.


  1. Аталық пен аналықтың айырмашылығы неде?

  2. Гиподерма дегеніміз не?

  3. Жұмыр құрттардың сырты құрылысы?

  4. Жұмыр құрттардың ішкі құрылысы қандай мүшелерден тұрады?


ІІ деңгей

  1. Тип неліктен жұмыр құрт деп аталған?

  2. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы неде?

  3. Неліктен ішексорғы қауіпті құрт болып табылады?

  4. Жұмыр құрттардың түрлерін ата. Олар қандай ауруларды тудырады?


ІІІ деңгей

  1. Паразитизим түсінігінің мәнін аш.

  2. Паразит құрттар жөнінде мақала жаз.

  3. Паразиттік құрттармен қалай күресуге болады?

















16-тақырып

Адамның және ауыл шаруашылық жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану

І деңгей

  1. Адам және өсімдікте болатын ауру тудыратын құрттарды ата.

  2. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразитті ата.

  3. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіріп, ауру туғызады. Олар:

тер астында ...........................

бұлшықеттерде.......................

ішекте.......................................

  1. Жасөспірімдердің тоқішегінде үшкірқұрт орнығады. Оған сипаттама бер.

  2. Ішексорғының паразиттік ерекшелігін көрсет.


ІІ деңгей

  1. Ауыл шаруашылық жануарларында паразиттік құрттардың қандай түрлерін кездестіруге болады?

  2. Жануарлардың паразиттік құрттардан жұқтыруынан сақтаудың жолдарын ата.

  3. Егер жануар паразиттік құртты жұқтырып алса, қандай әрекет жасауға болады?

  4. Адамда паразиттік құрттарды жұқтырса, оның салдары қандай болуы мүмкін?


ІІІ деңгей

  1. Тіршілік әрекеттерін пайымдау арқылы жұмыр құрттардан пайда болатын аурулардан сақтану шараларынан қысқаша хабарлама жазыңдар.

  2. Жұмыр құрттардың ауылшаруашылығында пайдасы мен зияны.

  3. Паразиттік құрттардан сақтану жолдары атты тақырыпқа шағын шығарма жаз.


17-тақырып

Паразиттік құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы


І деңгей

  1. Паразит құрттардың табиғаттағы маңызы қандай?

  2. Паразит құрттардың адам өміріндегі маңызы қандай?

  3. Паразит құрттардың қандай иелері болады?

  4. Паразит құрттарды жоймаса, оларға мән бермесе, не болуы мүмкін?

ІІ деңгей

  1. Неліктен құрттарды паразит деп атайды?

  2. Сен тұрып жатқан жерде қандай паразит құрттар болуы мүмкін?

  3. Жасөспірімдерде жұмыр құрттардың қай түрі кездеседі?

  4. А.П.Федченконың суыртқы құрттың даму айналымын зерттеу бойынша қандай деректер білесің?

ІІІ деңгей

  1. Дигельментизация процесі не үшін қажет?

  2. Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттарды салыстырып, типтік атауының неге негізделгенін дәлелде.




18 тақырып

Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы

І деңгей

  1. Құрттарды қандай ғылым зерттейді?

  2. Буылтық құрттар неше класқа бөлінеді?

  3. Гирудин деген не?

  4. Соңғы қуыстың қызметтерін атаңдар.

  5. Буылтық құрттардың өкілдерін атаңдар.

ІІ деңгей

  1. Неліктен бұл тип буылтық құрттар деп аталады?

  2. Буылтық құрттардың жұмыр құрттардан негізгі айырмашылығы неде?

  3. Денедегі соңғы қуыстын алғашқы қуыстан айырмашылығы неде?

  4. Буылтық құрттарды кластарына ажыратыңдар:

Керекті сөздер: шұбалшаң, сүлік, нереида, құмқазар

Кластар

Өкілдері

Көпқылтанды


Азқылтанды


Сүлік



ІІІ деңгей

  1. Не себептен медицинада сүлікті қолданады.

  2. Шұбалшаңға электр шамымен жарық түсірсе қалай жауап береді?

  3. Егер сен жауын құртты інінен суырып алып, денесін үзіп алсаң не болады?


19 тақырып

Шұбалшанның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбейуі және дамуы

І деңгей

  1. Шұбалшанның қанайналым жүйесі қандай?

  2. Шұбалшаңның зәр шығару жүйесі.

  3. Шұбалшанда оттегі барлық денеге қалай тасымалданады?

  4. Пілде дегеніміз не?

  5. Шұбалшаң қандай жолмен көбейеді?

ІІ деңгей

  1. Тұйықталған қантарату жүйесі дегенді қалай түсінеміз?

  2. Шұбалшанның асқорыту жүйелерін тап:

  1. Ауыз, жұтқыншақ, ішек

  2. Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ішек

  3. Ауыз тесігі, ішек қуысы, асқорыту вакуолі

  1. Шұбалшанды неліктен гермафродит дейді

  2. Шұбалшанның жынысты көбеюі қалай жүреді?

ІІІ деңгей

  1. Шұбалшанның көбеюінде өрмекшіден қандай өзгешілік бар?

  2. Көбеюдің биологиялық мәні, маңызы неде?

  3. Шұбалшаңды күнделікті өмірде кездестіру мүмкін бе?

20 тақырып

Шұбалшаңның биогеноценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы оры мен маңызы



І деңгей

  1. Шұбалшаңның топыраққа қандай әсері бар?

  2. Құстарға қандай пайдасы бар?

  3. Шұбалшаң қандай класқа жатады?

  4. Шұбалшаң қай жерлерде мекендейді?

  5. Олар немен қоректенеді?


ІІ деңгей

  1. Шұбалшаңның табиғаттағы рөлін түсіндір.

  2. Сызбаға жауын құрттардың маңыздылығын жаз.

Шұбалшаң


маңызы


  1. Неліктен жауын құрттар топырқата кездеседі?

  2. Шұбалшаңның құмқазардан қандай айырмашылығы бар?


ІІІ деңгей

  1. Жауын құрттар жоқ жерде өсімдіктер нашар өседі және өнімі төмен болады. Себебі не?

  2. Шұбалшаңның жануарлар дүниесіндегі даму тарихы туралы не білесің?

  3. Буылтық құрттарда регенерация құбылыс қалай дамыған, мысал келтіріп баянда.























21 тақырып

Типтің жалпы сипаттамасы. Олардың алуантүрлілігі. Бауыраяқтылар класы. Үлкен таспа ұлулар және жалаңаш шырыш. Олардың тіршілік орталары, құрылысы. Қоректенуі


І деңгей

  1. Ұлулар типі бойынша жүйелеу топтарының сызба нұсқасын толтыр.

  1. Ұлулар денесі неше қабаттан тұрады?

  2. Ұлудың денесі неше бөліктен тұрады?

  3. Ұлуларды неге былқылдақдерелілер деп атаған.

  4. Олардың неше түрі бар деп есептеледі?


ІІ дейгей

  1. Ұлуларды неліктен Былқылдақденелілер типі деп атайды?

  2. Бауыраяқтылар класы неліктен өкпемен тыныс алады?

  3. Неліктен таспа ұлулар мезгіл-мезгіл су бетіне көтеріледі?

  4. Биогеоценоздағы рөлі неде?


ІІІ деңгей

  1. «Ұлулар» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.

  2. Бауыраяқтылардың сыртқы құрылысындағы өздеріне тән белгілер бойынша қорытынды жаса.

  3. Ұлудың тіршілік әрекетіне байланыстытыныс алудың жүзеге асуы туралы сипаттама бер.















22 тақырып

Айқұлақ және мидиялар. Олардың тіршілік орталығы. Құрылысының ерекшеліктері, қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы, көбеюі. Биоценоздағы рөлі


І деңгей

  1. Айқұлақ, мидия қай класқа жатады?

  2. Бұл класқа жататын тағы қандай өкілдерін білесіңдер?

  3. Ғаламшарда көпжақтаушылардың қанша түрі бар?

  4. Айқұлақ, мидия немен тыныс алады?

  5. Планктон ұғымын түсіндір. Қоректену жүйесінің жүзеге асуы қалай жүреді?

ІІ деңгей

  1. Қосжақтаулы ұлулардың басқа кластардан ерекшелігі неде?

  2. Неліктен бұл класс осылай аталады?

  3. Айқұлақтың ас қорыту мүшесінде өзге класстан өзгешіліктері неде?

  4. Биоценоздағы рөлін түсіндір.

ІІІ деңгей

  1. Теңізде тіршілік ететін қосжақтаулы ұлулардың маңызы.

  2. Тіршілік ету ортасына байланысты тыныс алу ерекшеліктері.

  3. Қосжақтаулы ұлулардың даму сатысын көрсет.



23 тақырып

Сегізаяқтар, кальмарлар, каракатицалар. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер. Қозғалуы. Қоректенуі. Мінез құлығы. Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы

І деңгей

  1. Басаяқты ұлуларды ата.

  2. Басаяқтыларды басқа ұлулардан ажырататын белгілерді жаз.

  3. Каракатици, кальмар калай қозғалады?

  4. Сиқырлап ұйықтау деген не?

  5. Олар немен қоректенеді?

ІІ деңгей

  1. Не себепті басаяқтылардың бақалшағы болмайды?

  2. Кальмардың шапшаң жүзуіне не көмектеседі?

  3. Неліктен басаяқтылардың ауыз қуысында тұмсық тәрізді екі берік ауыз жақтары болады?

  4. Ұлулардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын кестеге түсіріңдер.

ІІІ деңгей

  1. Кәсіптік мақсатта қолданылатын басаяқтылардың маңызы туралы баяндама жазып келіңдер.

  2. Сегізаяқ қорғану кезінде денесінен нені бөліп шығарады?




24 тақырып

Типтің жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Кластың жалпы сипаттамасы


І деңгей

  1. Буынаяқтылардың сыртқы жабыны.

  2. Буынаяқтылардың неше класы бар?

  3. Буынаяқты қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?

  4. Буынаяқтылар қалай қоректенеді, көбейеді, қалай дамиды?

  5. Демтүтік дегеніміз не?


ІІ деңгей

  1. Буынаяқтылардың буылтық құрттан айырмашылығы неде?

  2. Буынаяқтылар қандай белгілері бойынша ажыратуға болады ?

  3. Буынаяқтылардың сыртқы құрылысы мен ішкі мүшелері қандай қызмет атқарады ?

  4. Буынаяқтылар қалай қоректенеді, көбейеді, қалай дамиды ?


ІІІ деңгей

  1. Буынаяқтылар типі туралы ребус жаса

  2. Буынаяқтылардың табиғатта рөлі қандай ?

  3. Буынаяқтылар туралы хабарлама жазып келу




25 тақырып

Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы


І деңгей

  1. Өзен шаянның тіршілігінде қандай маңызы бар ?

  2. Өзен шаяндардың табиғаттағы рөлі ?

  3. Адам ағзасында өзен шаянның рөлі ?

  4. Өзен шаяны орын ауыстырып қозғалуын қамтамасыз ететін қандай мүшелері бар ?

  5. Шаян бас жағын алға қаратып жүзе ала ма ? Неге ?


ІІ деңгей

  1. Қазақстанда өзен шаянның неше түрі белгілі ?

  2. Өзен шаяндар қатты ма, бұжырлы ма, әлде тегіс пе, қалай ойлайсың ?

  3. Ең алғаш өзен шаянның түлеу үдерісін сипаттаған ғалым?

  4. Шаянтәріздестердің ең ірісі қай мемлекетте табылды және қалай аталды ?


ІІІ деңгей

  1. Қара теңізден Каспий теңізіне балыққа ілесіп, ірі асшаян – адсперзус және ұсақ шаян – элеганс қай жылдары табылды ?

  2. Ең кішкентай шаянтәріздес қалай аталады ?

  3. Өзен шаянның сызбанұсқасын дәптерге салып, тұсына атауларын жазыңдар . Оқулықтың суретімен салыстырыңдар.





26 тақырып

Өзен шаяны құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі. Тыныс алу. Көбеюі

І деңгей

  1. Шаянтәріздестердің сыртқы құрылысы мен ішкі мүшелері қандай қызмет атқарады?

  2. Ең кішкентай шаянтәріздес.

  3. Өзен шаянының суретіне қарап, ішкі құрылысы мүшелерінің атауларын жаз.

  4. Жүру аяқтары нешеу, олар қалай аталады?

  5. Шаян қалай қолзғалады?

  • Судың түбінде

  • Судың қалың қабатында

ІІ деңгей

  1. Неліктен шаяндарды ыстық суға салғанда қызарады?

  2. Неліктен шаяндар түлейді?

  3. Не себептен зәр шығару мүшесін «жасыл бездер» деп атаған?

  4. Шаянтәріздестердің дене бөліктерін ажыратып, сипаттап жаз.

ІІІ деңгей

  1. Өзен шаянның сызбасуретін дәптерге салып, тұсына атауларын жаз, оқулықтағы суретпен салыстыр.

  2. Кейде шаян асқазанның қабырғасынан ақ түсті жұмыр тастарды диірмен тастарды табуға болады, бұл не, олар оған не үшін керек? Жауабын түсіндіріп сипаттап жаз.

  3. Өзен шаянның түрлеріне кроссворд құрастыру


27 тақырып

Басқа шаянтәрізділер. Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы


І деңгей

  1. Шаянтәріздестердің класына жататын жәндіктердің сан алуандылығын көрсет, ата.

  2. Хитин дегеніміз не? Қандай қызмет атқарады?

  3. Дафния мен циклоп қалай қоректенеді, қай жерде кездеседі?

  4. Шаянтәріздестер табиғатта қандай рөл атқарады?

  5. Шаянның есту мүшесі қайда орналасқан?

ІІ деңгей

  1. Неліктен өзен шаяны мен таңқышаянның жабыны өте қалың?

  2. Таңқышаян, омар, асшаян, өзеншаян жәндіктер табиғатта санитарлық рөл атқарады. Оны қалай түсінесін?

  3. Ұсақ шаянтәріздестер мен ірі денелі шаянтәріздестерді салыстыр.

  4. Балықтардың желбезектерінде мекендейтін шаянтәріздестерді ажырат.

ІІІ деңгей

  1. Өзен шаянының жабынын зерттеңдер. Ол қатты ма, жұмсақ па, бұжырлы ма, әлде тегіс пе, саусақпен сипап көріңдер. Түсіндір.

  2. Сурет бойынша шаянтәріздестердің қан тарату жүйесін сипаттап көрсет. Неліктен ол ашық жүйелі?




28 тақырып

Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.

Крест өрмекшісі. Сыртқы құрылысы

І деңгей

  1. Тип неліктен бунақаяқтылар болып аталған?

  2. Өрмекшітәріздестер класының негізгі ерекшеліктерін түсіңдір.

  3. Нешеге жуық өрмекшілердің түрлері бар.

  4. Крест өрмекшінің неше аяқтары бар, және олардың атауларын ата.

  5. Өрмекшітәріздестер мен шаянтәрізтестердің айырмашылығын кесте арқылы көрсет.

ІІ деңгей

  1. Өрмекшітәріздестердің аяқтарын жіктеп, олардың қалай аталатынын дәптерге жазыңдар.

  2. Не себепті өрмекшілерде астың қорытылуы астың ішектен тыс қорытылуы деп аталады?

  3. Неліктен тыныс алу жүйесі өрмекшілерде көптүрлілігімен ерекшелінеді?

  4. Өрмекшітәріздестер қалай қоректенеді, көбейеді, дамиды? Сипаттап бер.

ІІІ деңгей

  1. Өрмекшінің суретіне қарап, берілген мүшелеріне сипаттама бер.

  2. Білетін өрмекшілерді ата. Олардың іс әрекеті мен құрылысына тән ерекше белгілерді сипаттам бер.

  3. Адам мен үй хайуанаттарына қауіп төндіретін өрмекшітәріздестер.



29 тақырып

Өрмектің құрылысы және оның рөлі. Өрмекшілердің биогеоценоздағы маңызы


І деңгей

  1. Крест өрмекшісінің улы бездері қандай қызмет атқарады?

  2. Қандай өрмекшітәріздестер адам мен үй хайуанаттарына үлкен қауіп төндіреді?

  3. Өрмекшітәріздестердің табиғатта алатын орны, маңызы.

  4. Крест өрмекшісі қорегін қалай аулайды?

  5. Өрмектің құрылысы мен атқаратын қызметі.

ІІ деңгей

  1. Неліктен өрмекауға өрмекшінің өздері түспейді, еркін жүріп тұрады да, ұшып жүрген жәндіктер шырмалып қалады?

  2. Не себепті өрмекшітәріздестер жыртқыш, паразит жәндік болып табылады?

  3. Неліктен өрмекшітәріздестерді табиғатта реттеуші болып табылады?

  4. Паразиттік жолмен тіршілік ететін өрмекшітәріздестер.

ІІІ деңгей

  1. Ойыңды түсіндір. Неліктен өрмекшітәріздестер тек қоймалжың күйде қоректі пайдалана алады?

  2. Өрмекшітәрізділер туралы баяндама жаз.

  3. Өрмекшітәрізділердің сызба суретін сал.


30 тақырып

Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы. Кенелердің ауру қоздырғыштарын тасымалдауы

І деңгей

  1. Кенелерге тән ерекше белгілерді жаз.

  2. Кенелердің сан алуан топтарын ата.

  3. Пироплазмоз дегеніміз не?

  4. Шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі қалай аталады және оның құрылысы.

  5. Қышыма кене адамға қандай зиян келтіреді?

ІІ деңгей

  1. Неліктен көптеген кенелер қанды сорған сайын көлемін үлкейте береді?

  2. Көп жағдайда дене жабысып қалған кенелерді қансорғыштарды суырып алу өте қиын. Оның басы жұлынып, терінің астында қалады. Неліктен кенелер осылай теріге мықтап қадалып отырады?

  3. Не себепті кенелер нағыз паразит жәндіктер?

  4. Жайылым кененің дернәсілін басқа нимфалармен салыстыр.

ІІІ деңгей

  1. Тасымалданатын аурулар туралы Евгений Павловскийдің жұмысына сипаттама бер.

  2. Не себепті «кансигек» аурулары мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді?

  3. Қамба кененің зиянын түсіндір.


31 тақырып

Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі

І деңгей

  1. Ең қауіпті ауру қандай, және қай кене оны жұқтырады?

  2. Өсімдіктерге зиян келтіретін кенелерді ата.

  3. Әкаяқ ауруы қай құста кездеседі? Оны қалай емдеуге болады?

  4. Қышыма кенеден пайда болған ауруды қалай емдеуге болады?

  5. Мақта жапырағын қандай кене зақымдайды?

ІІ деңгей

  1. Неліктен алма кенесі раушангүлділер тұқымдас өсімдіктерді зақымдайды?

  2. Өрмек кене мен беріш кенелер арасындағы айырмашылығын сипатта.

  3. Не себепті кене энцефалитінің вирусы жәндік арқылы таралады?

  4. Неліктен кененің ауыз мүшесі құралған?

ІІІ деңгей

  1. Тайга кенесі жүйке жүйесін зақымдайтын ауру энцефалит қоздырғышын тасымалдаушы екені белгілі. Энцефалиттің алдын алу үшін не істеу керек? Ойыңды сызбаға түсір

Энцефалиттің алдын алу шаралары






32 тақырып

Кластың жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілерді қолға үйрету

І деңгей.

  1. Бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктердің құрылымы қандай?

  2. Бунақденелілердің қимыл қозғалыс қызметін атқаратын мүшелерін ата.

  3. Ауыз мүшелерінің құрылысының сан алуан түрлігі қандай?

  4. Бунақденелілерді неше класс тармағына жіктелген?

  5. Паразит жолмен тіршілік ететін бунақденелілер.

ІІ деңгей

  1. Бунақденелілердің дене құрылысының сызбанұсқасын көрсет.

  2. Неліктен бунақденелілердің ауыз мүшесінің құрылысы әр түрлі қоректенуге бейімделген.

  3. Ғаламшардың ең үлкен тобы – бунақденелілер. Неліктен?

  4. Неліктен бунақденелілердің көру мүшесі өте күрделі?

ІІІ деңгей

  1. Жай маса мен безгек масасын қалай ажыратуға болады?

  2. Балара мен жібек көбелегінде тіршілігінде қандай ұқсастықтар бар?

  3. Тақырыпқа сай сөзжұмбақ құрастыр.




33 тақырып

Бунақденелілердің көбейуі мен дамуы. Даму типтері


І деңгей

  1. Бунақденелілер қалай көбейеді?

  2. Толық түрленіп дамудың сызбанұсқасын көрсет.

  3. Қай бунақденелілерде аналығы жұмыртқаларын жануарлардың жүніне салады?

  4. Бунақденелілердің дамудың сызбанұсқасын жаз ?

  5. Имаго дегеніміз не ?


ІІ деңгей

  1. Бунақденелілердің үш түрлі даму жолының сызбанұсқаларын сызып, мәнін түсіндір.

  2. Бунақденелілердің дернәсілін ата, неліктен олар суда дамиды?

  3. Неліктен баларалар адамды шақса, өліп қалады, ал бунақденелілерді шақса тіршілігін жалғастыра береді?

  4. Неліктен баларалар мен құмырсқаларды қоғамдық бунақденелілер деп атайды?


ІІІ деңгей

  1. Неліктен құмырсқаның илеуін болмайды? Бірнеше дәлел келтір.

  2. Бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады ? Білетіндеріңді атаңдар ?

  3. Жәндіктердің барлығын бунақдене деп атауға бола ма ? Неге олай атау дұрыс емес деп ойлайсыңдар ?



34 тақырып

Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары


І деңгей


  1. Бунақденелілердің даму жолдары ? Неше түрге бөлінеді ?

  2. Шала түрленуге қандай жәндіктер жатады ?

  3. Толық түрленуге қандай жәндіктер жатады ?

  4. Тура даму дегеніміз не ?

  5. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы ?


ІІ деңгей


  1. Имаго дегеніміз не ?

  2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады ?

  3. Бунақденелілер қалай көбейеді ?

  4. Бунақденелілердің табиғатта рөлі қандай ?


ІІІ деңгей


  1. Бунақденелілердің үш түрлі даму жолының сызбанұсқаларын сызып, мәнін түсіндіріңдер.

  2. Оқулықтағы 132-суретке қарап, бунақдененің ішкі жүйелерін атап жазыңдар.

  3. Класс неліктен бунақденелілер аталғанын дәлелдеп, анықтамасын дәптерге жазыңдар.




















35 тақырып

Бунақденедердің ішіндегі орман және ауыршаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері


І деңгей.

  1. Кестені толтыр:

Бунақденелілердің түрлері

Отрядтар

Зияны

1

Біте

1.

2.


2

Алма жемір

1.

2.


3

Заузақоңыз

1.

2.


4

Азия көкқасқа шегірткесі

1.

2.


5

Колородо қоңызы

1.

2.


6

Қандала-зиянды тасбақа

1.

2.


7

Қырыққабат ақ көбелек

1.

2.



ІІ деңгей.

  1. Өсімдік зиянкестерімен бунақденелілермен қалай күресуге болады сызнұсқа түрінде орында:


ІІІ деңгей.

  1. Бунақденелілер мен олар келтіретін зияның арасында сәйкестік құр:

Сона

Бит

Бөлме шыбыны

Безгек маса

Бөгелек





















А) Аш сүзегі, дизентерия қоздырғышын тасмалдануы;

Ә) Ауыл шаруашылығы жануарларының паразиті

Б) Қанын сорып, адамды әлсіретеді, қышытып, мазасын кетіреді;

В) Аяқтарымен лас жердің микроптарын тағамға тасиды;

Г) Жануарлар паразиті, дамыған ауыз мүшелері жоқ, ересек кезеңінде қоректенбейді;

Ғ) Оның аналығы жануарлардың қанымен қоректенеді және шағып, малдың мазасын кетіреді;

Е) Су сүзегі ауруының қоздырғышын тасымалдайды;

Д) Көбеюі мен дамуы суда өтеді;

Ж) Бөрте сүзек ауруының қоздырғышын тасымалдаушы;

З) Аналығы жұмыртқаларын жануарлардың жүніне салады, жұмыртқалардан дернәсілдер жетелейді;

И) Дернәсіл жұмыртқадан шыққан сон сиырдың терісін тесіп кіріп алады да, тескен жерін жаралай отырып, қыс бойы онымен қоректеніп, өсіп дамиды;

К) Дернәсіл ылғалды жерде дамиды;



38 тақырып

Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша-бассүйексіздердің өкілі


І деңгей.

  1. Желілер деп қандай жануарларды атайды?

  2. Жоғары қордалы жануарлардың айырмашылығы неде?

  3. «Бассүйексіздер» деген не?

  4. Қандауыршаның қанайналым жүйесінің қандай ерекшелігі бар?

  5. Желілі жануарларға тән белгілерді атаңдар.


ІІ деңгей.

  1. Суретке қарап, ланцетниктің дене тұрқын сипатта.

  2. Сұрақтарға жауап бер:

  • Қозғалыс органы деген не?

  • Қанайналым жүйесі қандай типті...

  • Сезім органы қалай дамыған?

  • Ішкі қаңқа сүйегінің рөлі қандай?

  1. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым кім?

  2. Қандауыршаның тері жабынының құрылыс ерекшелігін атаңдар?


ІІІ деңгей.

  1. Қандауыршаның тыныс мүшесі

А) демтүтік

Ә) бүкіл денесімен

Б) өкпе

В) желбезек

  1. Қандауыршаның тері қабатының өзіне тән ерекшеліктері

А) мүйізді қабыршақ

Ә) сірқабық

Б) хитин

В) дерма

  1. Қантарату жүйесі қандай типті

А) аралас

Ә) тұйық

Б) жабық

В) ашық










39 тақырып

Сүйекті, шеміршекті балықтар класы

І деңгей.

  1. Балықтардың сүзбеқанат атауларын жаз.

  2. Балықтың дене мүшелерін ата, оларға сипаттама бер.

  3. Қанның оттегімен толығуы мен көмірқышқыл газының шығуы қай органда жүретінің көрсеткіш арқылы белгіле?

  4. Сүйекті балықтардың асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін атаңдар.

ІІ деңгей.

  1. Балықтардың судағы өмірге бейімделуін көбірек жаз.

  2. «Балықтардың жаппай қырылуы» дегенді қалай түсінесін.

  3. Балықтың қабыршағын неге оның «төлқұжаты» деп атайды?

  4. «Балықтардың өрістеуі» -дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ деңгей.

  1. Балықтарға байланысты айтылған халықтың ұғымдары, мақал-мәтелдерді талдап түсіндіріңдер.

  2. Электрлі тұтас қанаттың «электрлі» органы қайда орналасқан, қандай қызмет атқарады?

  3. Шеміршекті балықтардың сан алуан түрі бар, осы кластың жетістіктерін сипатта.


40 тақырып

Балықтардың көбейуі және дамуы мінез-құлығының ерекшеліктері

І деңгей.

  1. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, қандай жұмыстар жүргізіледі?

  2. Көбею кезінде балықтарда қандай өзгерістер байқалады?

  3. Балықтың дернісілі қалай аталады?

  4. Терминдердің мағынасын түсіндір:

  • Өтпелі балықтар /өрістегіш/...

  • Балық шоғалы...

  • Уылдырық...

  1. Көбею кезінде балықтар жылыстап, өрістейді. Оны қалай түсінесін?

ІІ деңгей.

  1. Суретті пайдалана отырып, балықтардың дамуын сызбанұсқа түрде түсіндір.

  2. Неліктен итшабақ құрлықта өмір сүре алмайды?

  3. Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтар қандай өзгерістерге ұшырайды?

  4. Аквариумда жүзіп жүрген балықтардың дене пішініне көңіл бөл, балықтың бас, тұлға, құйрық бөлімдерін ажырат. Суретте дене бөлімдерін көрсет.

ІІІ деңгей.

  1. Далада, көлде, тұрып қалған суда бірнеше уақыттан сон балықтардың пайда болуы. Түсіндір

  2. Нәлім 9 млн уылдырық, тікен тәрізді балық – 180 уылдырық шашады. Балықтардың ұрықтануы неліктен әр түрлі. Түсіндір.

  3. Балықтың суда тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысындағы бейімделушілік белгілері туралы қорытынды жаса.


41 тақырып

Акулалар, скаттар. Бекіре балықтардың маңызы және оларды қалпына келтіру


І деңгей.

  1. Шеміршекті балықтардың неше түрі бар?

  2. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән белгілерді атаңдар?

  3. Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

  4. Бекіренін қандай ерекшелігіне қарап, басқа балықтардан ажыратады?

  5. Тұтасқанаттан (скат) өмір сүруге бейімділік белгілерін сызба арқылы көрсет.


ІІ деңгей.

  1. «Бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды» - деген ұғым нені білдіреді?

  2. Бекіретектес балықтардың өзіне тән қандай белгілері бар?

  3. Неліктен Қазақстанда тасбекіре сирек кездеседі?

  4. Шеміршекті балықтардың асқарыту жүйесін сипаттандар.


ІІІ деңгей.

  1. Қандауырша мен акуланын құрылысының ерекшеліктерін көрсетіп, кесте сызып толтыр.

  2. Суда белсене қозғалуына балықтардың дене құрылысындағы қандай ерекшеліктер бар, қорытынды жаса?

  3. Акула қандай жағдайда суға батып кетуі мүмкін?


42 тақырып

Балықтардың кәсіптік маңызы

І деңгей

  1. Балықтардың кәсіптік маңызы ?Балықтарды қай жерлерде өсіріледі ?

  2. 2.Неліктен майшабақтектестер отрядының кәсіптік маңызы зор ?

  3. Албырттектестер отрядында қандай ерекшелігі бар ? Қандай уылдырық алынады ?

  4. Бахтах балығы қайда кездеседі ?

  5. Трескалар орядына жататын балықтар неліктен бағалы ? Оның құрамында қандай витамин бар ?

ІІ деңгей

  1. Көзауықтар отрядының сыртқы құрылысы ? Оларды қалай аулайды ?

  2. Көзауықтың түрлерін ата ?

  3. Қазақстанның су айдындарында нешеге жуық түрлері мекендейді ? Солардың қаншасы Қызыл кітапқа енген ?

  4. Солардың ішінде біздің елімізде ғана кездесетін балықтардың түрлерін ата?

ІІІ деңгей

  1. Тұқытектестерге отряды қандай балықтар жатады ?

  2. Павлодар облысында суда тіршілік ететін балықтарды жазып келу .

  3. Қазақстанның Қызыл кітабына енген балықтар туралы реферат жазу.




44 тақырып

Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Көбеюі және дамуы


І деңгей.


  1. Класс неліктен қосмекенділер деп аталған?

  2. Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?

  3. Қосмекенділердің қантарату жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?

  4. Қосмекенділер қалай көбейіп дамуы?

  5. Бақанын дене бөліктерін ата.


ІІ деңгей.


  1. Қосмекенділердің дернәсілдері мен ересектерінің құрылыс және тіршілік әрекеттерінің қандай айырмашылықтары бар?

  2. Бақаның даму сатысын ретімен орналастыр. Балық пен бақаның ортақ қасиеттері бар ма? Түсіндір.

  3. Алдыңғы және артқы аяқтарының құрылыс ерекшеліктеріне назар аудар, кестені толтыр.

  4. Бақаның қаңқасынан негізгі бөлімдерін ажыратып, сүйектерін тап.


ІІІ деңгей.


  1. Балықтар мен қосмекенділердің өсіп-өнуіндегі ұқсастықтардың мәні неде? Қорытынды шығар.

  2. Бақаның екі көзіне, жұп танау тесігіне, дабыл жарғағына, қозғалмалы қабақтарына көңіл бөл, зертте, оларды суреттеп көрсет.

  3. Балық пен бақаның ортақ қасиеттеріне қорытынды шығар.



















45 тақырып:

Қосмекенділердің көптүрлілігі, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Адам өміріндегі, табиғаттағы маңызы. Қорғау


І деңгей.

  1. Қосмекенділер класы қандай отрядтарға бөлінеді?

  2. Қосмекенділердің қаңқа бөлімдерін атаңдар?

  3. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің негізгі ерекшеліктері қандай?

  4. Құрбақа мен бақаны қалай ажыратуға болады?

  5. Қосмекенділердің салқын қанды болу себебін ата.


ІІ деңгей.

  1. Жетісулық бақатістің құрылыс ерекшеліктерін сипаттандар.

  2. Құйрықсыз қосмекенділер отрядына жататын өкілдерінің негізгі ерекшеліктерін сипатта.

  3. Қосмекенділердің табиғат пен адам өміріндегі маңызы қандай? Кестені толтыр:

Маңызы

Адам өміріндегі

Табиғаттағы




  1. Неліктен бақаның көзі бадырақ?


ІІІ деңгей.

  1. Балықтар мен қосмекенділердің қаңқа бөлімдері туралы салыстырмалы кесте жасаңдар.

  2. Неліктен маса қосмекенділердің терісі жалаңаш болса да шақпайды?

  3. Қозғалыс әлемінің сан алуандылығы адамды үнемі қызықтырып келеді және ол оны өзі құрастырған дүниелерінде қолдануға тырысады. Адам қосмекенділерден нені көшіріп алды, нені қабылдады?


















46 тақырып

Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы


І деңгей.

  1. Қосмекенділердің ежелгі арғы тегі.

  2. Латимерияның сыртқы құрылысын сипатта.

  3. Стегоцефалдар қайда тіршілік еткен?

  4. Алғашқы рет латимерия қай жерде табылды?

  5. Не себептен стегоцефалдарды саусаққанаттылар деп атаған?


ІІ деңгей.

  1. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы негізгі ерекшеліктерді атаңдар.

  2. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су, ылғалдылық қандай рөл атқарады?

  3. Неліктен қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан пайда болған?

  4. Латимерия саусаққанатты балықтардын қазіргі кезде бір ғана өкілі, неліктен ол осы уақытқа дейін тіршілік етеді?


ІІІ деңгей.

  1. Қосмекенділердің құрлыққа шығу себебін анықта.

  2. Қосмекенділердің дернәсілдері мен ересектерінің құрылыс және тіршілік әрекеттерінде қандай айырмашылықтары бар?























47 тақырып

Жорғалаушылардың сыртқы, ішкі құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі, мінез-құлығы. Көбеюі және дамуы


І деңгей.

  1. Жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?

  2. Жорғалаушылардың жүрегінің құрылысы қандай?

  3. Жорғалаушылардың тері жабынының ерекшеліктерін атаңдар?

  4. Кесірткенің сыртқы құрылысын қарап, оның басқадан айырмашылығын көрсет. Оны қалай түсіндіруге болады?

  5. Кесіртке қаңқасының басқа қаңқасынан айырмашылығын тап.

ІІ деңгей.

  1. Неліктен бақа су ішпейді, ал кесіртке су ішеді?

  2. Жорғалаушылар дара жынысты және іштей ұрықтануы. Осыны қалай түсінесіңдер?

  3. Гаттерияның өзіне тән қандай белгілері бар?

  4. Халық арасындағы «жыланның уы тілінде» деген ұғымды қалай түсінесін?


ІІІ деңгей.

  1. Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған:

А) қосмекенділер

Ә) жорғалаушылар

Б) сүйекті балықтар

В) шеміршекті балықтар

  1. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі

А) демтүтік

Ә) өкпе

Б) тері жамылғысы

В) хитин

  1. Жорғалаушылардың қанайналымы неше шеңберден тұрады?

А) 3

Ә) 2

Б) 4

В) 1














48 тақырып

Жыландар. Сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастықтары мен айырмашылығы. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы


І деңгей.

  1. Қазақстанда улы жыландардың қандай түрлері кездеседі?

  2. Жыланның көбі неге ұйқыға кетерде өзінің ініне кіріп алып, дөңгелене жата кетеді?

  3. Мүмкіндігінше жыландардың көп түрлерін ата.

  4. Жорғалаушылардың көбеюіндегі қандай ерекшеліктер бар және олардың тіршілік ету бейімділігі қандай?

ІІ деңгей.

  1. Сызбаға жыланның кесірткеден айырмашылық белгілерін жаз.

  2. Жылан өсіретін орынды не деп атайды? Жыланның адам өміріндегі, табиғаттағы маңызы қандай?

  3. Улы жылан шаққанда не істеу керек? Көрсетілетін алғашқы көмек қандай?

  4. Неліктен жылан нашар көріп, нашар естісе де, аң аулауға түнде шығады?


ІІІ деңгей.

  1. Кесірткенің сыртқы құрылысындағы қандай белгілері оның құрлықта тіршілік етуге бейімделгендігін көрсетеді? Қорытынды жаса.

  2. Кесірткенің қаңқасында қандай өзгерістер пайда болды және неге? Қорытынды жаса.

  3. Кесірткенің тері жабының зертте. Не себепті дене жамылғысы мүйізді түзілістер?
























49 тақырып

Жорғалаушылардың басқа отрядтары. Маңызы. Қорғау


І деңгей.

  1. Тасбақанаң терісі немен қапталған, ол нені білдіреді?

  2. Тасбақа мен кесірткенің демалу мүшесі немен ерекшеленеді?

  3. Терпетология деген не?

  4. Қызыл кітапқа тіркелген жорғалаушылар.

  5. Адам өмірінде, ауыл шаруашылығында жорғалаушылардың маңызы.


ІІ деңгей

  1. Сызбаға қолтырауынның басқа жорғалаушылардан ерекшелігін жаз.

  2. Кесірткенін құйрығы үзілгенде, жарасы неге қанамайды? Түсіндіріңдер.

  3. Тасбақаның сауыты жаудан қорғауға кепілдік бола ала ма? Түсіндіріңдер.

  4. Неліктен батпақ тасбақасы жайық өзенінің аңғарында кең тараған?


ІІІ деңгей

  1. Саны аз әрі өте пайдалы қандай жануарды білесіңдер?

  2. Ежелгі жорғалаушылардың жоғалу себебі неде?

  3. Қазақстанда кездесетін жыландар туралы хабарлама дайындандар.





























51 тақырып

Құстардың тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Ұшуға бейімділігі


І деңгей.

  1. Құстардың денесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

  2. Құстардың қарнының құрылысының қандай ерекшеліктері бар?

  3. Ауа қапшықтары деген не?

  4. Терінің қосалқы бөлімдерін атаңдар?

  5. Құс қаңқасының өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

ІІ деңгей.

  1. Құстардың тынысалу ерекшеліктерін сипатта.

  2. Құстың омыртқа мен басқа жануарлардың омыртқа жотасындағы айырмашылықтарды тап.

  3. Құстардың қаңқасына назар аудар, ұшуға бейімділікке байланысты белгілерді тап және оларды жүйелі түрде жаз.

  4. Құстардың жылықанды жануар екеніне бірнеше дәлелдер жаз.

ІІІ деңгей.

  1. Құстардың белсенді қозғалуына байланысты сыртқы және ішкі құрылысындағы өзара байланысқа қорытынды жаса.

  2. Сурет бойынша құстардың ішкі құрылысын зертте.

  3. Құстардың қауырсынын зердем, оның қаламын, желпуішін, ұшын тап. Оларды суреттен тап.


52 тақырып

Құстардың көбеюі мен дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы мен маусымдық құбылыстары. Құстардың қайтуы


І деңгей.

  1. Көбеюдің қандай жолдары бар?

  2. Құстар қандай жолмен көбейеді?

  3. Жылдық тіршілік циклы дегеніміз не?

  4. Тауық жүмыртқасын неше күннен кейін шығарады?

  5. Ұрық қабықшасы дегеніміз не?

ІІ деңгей.

  1. Жынысты және жыныссыз көбеюдің айырмашылығы неде?

  2. Ширақ және қызылшақа шығаратын балапан құстарды ажырат. Керекті сөздер: бөдене, бүркіт, тауық, қарлыған, бозторғай, торғай, үйрек, құр, қыран

  3. Құс пен жорғалаушылардың көбеюінде қандай?

  4. Құс жұмыртқасының құрылысын талдау

ІІІ деңгей.

  1. Жұмыртқа құрылысындағы ұрық табақшасы үнемі сарыуыздың жоғарғы бөлігіне жатады? Не себепті?

  2. Жұмыртқа ішіндегі ұрық қалай тыныс алады?

  3. Үй құстарынын өзінін тұрған жеріндегі қамқарлығы жайлы әңгімеле.


53 тақырып

Құстардың (көптүрлілігі) ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы


І деңгей.

  1. Ертедегі көне құс қалай аталады?

  2. Археоптерикс қай заманда тіршілік етеді?

  3. Протоавис дегеніміз не?

  4. Құстардың ең ежелгісі арғы тегінің қаңқасы неше жыл бұрын жер қыртысынан табылған?

  5. Мезозой заманы неше кезеңнен тұрады?


ІІ деңгей.

  1. Көне құстың қазіргі құстардан айырмашылығы неде?

  2. Неге орхеотерикс құсын ертедегі жорғалаушылардан пайда болды делінеді?

  3. Не себептен протоавистері құстарды арғы тегі деп есептелген?

  4. Протоавис қыртөстілерге жатады.


ІІІ деңгей.

  1. «Археоптерикс» сөзіне ребус құрастыр.

  2. Археоптерикс пен протоавистың қай жылдары тіршілік етеді?

  3. Ертедегі құстар туралы түсінігінді жаз.




54 тақырып

Құстардың көптүрлілігі. Түйеқұстар. (қыртөссіз құстар) Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі. Құстардың экологиялық топтары


І деңгей.

  1. Құстар дене құрылысына қарай қандай топтарға бөлінеді?

  2. Қыртөссіз құстарды ата.

  3. Пингвиндер қай жерлерде көптеп кездеседі.

  4. Қай ауылда құстарға сақина салу орталығы бар?

  5. Тіршілік орта жағдайына байланысты құстар қандай экологиялық топьарға бөлінеді?

ІІ деңгей.

  1. Қыртөстілер мен қыртөссіз құстардың айырмашылығы.

  2. Жүзетін құстар неліктен суда батпайды?

  3. Жыл құстарының тіршілік әрекетін сипатта.

  4. «Саһар» сөзіне түсініктеме бер.

ІІІ деңгей.

  1. Саятшылық дәстүрі туралы не білесіндер?

  2. Саятшылықпен айналасқан кімдерді білесіңдер?

  3. Саятшылық сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.


55 тақырып

Бунақденелілер мен жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасы. Құстарды қорғау және қолға үйрету. Құстардың биогеоценоздағы және адам өміріндегі маңызы. Кәсіптік құстар, оларды тиімді пайдалану және қорғау


І деңгей

  1. Бунеқденешек және жануартектес азықтармен қоректенетін құстарды ата.

  2. Қолға үйретілген құстарға ....жатады.

  3. Беогеоценоз деген не?

  4. Құстардан қандай пайдалы өнім аламыз?

  5. Құс шаруашылығы дегеніміз ...

ІІ деңгей

  1. Қолға үйретілген үй құстардың ең ірісі..., ол алғаш рет ... және оңтүстік өңіріңде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында .... мол

  2. Виандот және легорн тауықтарының ерекшеліктері неде?

  3. Мекиен тауық 1кг жемді 0,4кг жұмыртқаға айналдыра алады. Ал 2 кг жемді ше?

  4. Құстардың беогеоценоздағы маңызы неде? Түсіңдір.

ІІІ деңгей

  1. Дүкенде неге үйрек жұмыртқасы сатылымда жоқ?

  2. Тауықтар жұмыртқасын қабықсыз алып жүре ала ма?

  3. Сен құстарды қорғауға қандай жұмыстар ұйымдастарар едің?



56 тақырып

Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы


І деңгей

  1. Үй құстарын атаңдар.

  2. Тауықтың, үйректің жабайы арға тегі не?

  3. Құстарды қандай бағыттарда өсіреді?

  4. Құстың пайдасы туралы толығырақ жауап берсеңдер.

  5. Қолтұқымдары дегеніміз не?


ІІ деңгей

  1. Биологиялық диктант

Етті бағытта өсірілген тауық қолтұқымдарының балапандары ... , әрі қарқынды ..., онда ... апталық балапандар орташа ... - ...салмақ тартады. Балапандарды ... деп атайды.

  1. Бройлер балапандарын неге көп өсіреді?

  2. Бройлер балапандарын шығару тәсілдері жөнінде не білесіңдер?

  3. Асыранда қаз бен жабайы арғы тегі сұр қаздың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?


ІІІ деңгей

  1. Қай құс қазақтың 12 мүшесіне кіреді?

  2. Үй тауықтары ненің нәтижесінде шығарылған?

























57 тақырып

Кластың жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі


І деңгей

  1. Сүтқоректілерді қандай ғылым зерттейді?

  2. Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрі таралған.

  3. Көкет деген не?

  4. Өсімдікпен қоректенетін жануарлардың қарны неше бөліктен тұрады?

  5. Сүтқоректілердің сыртқы дене жабыны не?

ІІ деңгей


  1. Кестені толтырыңдар:

Мүшелер жүйесі

Құрылысындағы күрделілік

1

Қаңқасы


2

Асқорыту жүйесі


3

Тыныс алу жүйесі


4

Бөліп шығару жүйесі


5

Жүйке жүйесі



  1. Құстар мен сүтқоректілердің жүрек құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықта.

  2. Иттің қаңқа суретін пайдалана отырып, кестені толтыр

Қаңқа бөліктері

Қандай сүтқоректілерден тұрады?

1

Бассүйек


2

Омыртқа жотасы


3

Алдыңғы саусақ белдемшесі


4

Алдыңғы аяқ белдесшесі


5

Артқы аяқтары


6

Кеуде қуысы



  1. Сүтқоректілерді жорғалаушылармен салыстырғанда жүйке жүйесінің күрделігі неде?


ІІІ деңгей

  1. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүтқоректілер туралы мәліметтер жинақтау.

  2. Сүтқоректілердің жорғалаушыларға , құстарға ұқсастық және айырмашылық белгілерін көрсететін кесте сызыңдар.



58 тақырып

Көбейуі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары


І деңгей

  1. Сүтқоректілер қандай жолмен көбейеді?

  2. Ұрық жолдас дегеніміз не?

  3. Қоянның буаз мерзімі

  4. Сүтқоректілердің тіршілік циклында қандай өзгерістер болады?

  5. «Шу» дегеніміз не?


ІІ деңгей

  1. Ашық жерлерде тіршілік ететін сүтқоректілер мен жер астында тіршілік ететін сүтқоректілердің айырмашылығы мен ерекшеліктерін сипаттап бер.

  2. Биологиялық диктант: Ұрық аналық жыныс мүшесі ... дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше ... пайда болған.

  3. Жануарлардың түлеуінің маңызы неде?

  4. Ұсақ және ірі аңдардың көбеюі несімен ерекшеленеді?


ІІІ деңгей

  1. Сүтқоректілер өз ұрпақтарына қандай қамқорлық жасап, оларды дұрыс тіршілік етуге үйретеді? (1,2 мысал келтіріңдер)

  2. Сүтқоректілердің жылдық цикліндегі өзгерістерді сипатта.

  3. Қандай сүтқоректілердің өнімдері қымбат бағаланады?






















59 тақырып

Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі


І деңгей

  1. Неліктен Сүтқоректілерді ертедегі жорғалаушыларан пайда болған дейді?

  2. Қазақстанда сүтқоректілердің қанша отряды, қанша үрлері бар?

  3. Оның қанша түрі Қызыл кітапқа (1996ж ) тіркелген?

  4. Отряд түрлерін тірек сызбаға салыңдар.

  5. Қазақстанда сүтқоректілердің қандай отрядтарының өкілдері таралған?


ІІ деңгей

  1. Ілбіс пен барыстың тіршілігінде қандай айырмашылықтар бар?

  2. Қай отрядтың өкілі қарыңы інінен еш уақытта шықпайды?

  3. Бағалы дәрі дәрмектерді қандай сүтқоркетінің мүйізінен жасайды?

  4. Жорғалаушылар мен сүтқоректілердің арасында өтпелі кезең болғанын дәлелдейтін белгілерді анықта.


ІІІ деңгей

  1. Өз елдеріңде сирек кездесетін жануарлар туралы деректер жинап, дәптерлеріңізге жазыңыздар.

  2. Тақырып бойынша сөзжұмбақ жасап,мақал мәтелдер, қызықты мәліметтерді жинақтап жазыңдар.
























60 тақырып

Жұмыртқа салушы ілкі аңдар, қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуан түрлілігі


І деңгей

  1. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер неше класс тармағына жіктеледі?

  2. Алғашқы аңдарды атаңдар және қазіргі аңдарды атаңдар.

  3. Қалталы сүтқоректілер неше жыл бұрын пайда болды?

  4. Үлкі аңдар қай жерлерде таралған?

  5. Қазіргі сүтқоректілерді қандай топқа бөлуге болады?(сызба арқылы көрсет).


ІІ деңгей

  1. Алғашқы аңдар мен қазіргі аңдардың айырмашылығы неде?

  2. Неліктен қалталы сүтқоректілер ұрпақтарын ерекше қалтаға салып жүреді?

  3. Қалталы сүтқоректілер қоршаған ортаға қалайделген?

  4. Кестені толтырыңдар:

Жануарлар

Мекені

Көбеюі

Төлдерінің тамақтану тәсілі

Үйректұмсық




Кенгуру





ІІІ деңгей

  1. Қалталы сүтқоректілердің балаларының тіршілігі жөнінде не білесіңдер?

  2. Не себепті қалталы сүтқоректілер төменгі сатыға жатады?

  3. Алғашқы аңдардың зәр шығару жүйесінде құстарға ұқсас белгісі бар ма?






















61 тақырып

Ұрық жолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер. Қолқанаттылар. Кемірушілер. Қаянтәрізділер


І деңгей

  1. Ұрықжолдастылар дегеніміз не?

  2. Кемірушілердің құрылысында қандай негізгі белгілер бар?

  3. Биік таулы алқаптарда сүтқоректілердің қандай түрлері кездеседі?

  4. Сүтқоректілер қандай отрядқа бөлінеді?

  5. Қоянтәріздес отрядтарға қандай түрлер жатады?


ІІ деңгей

  1. Қолқанаттылар ұшуға қалай бейімделген?

  2. Қызыл кітаптан кірген қолқанаттыларды анықта

  3. «Құндыз – суда, құлан – қырда» деген мателді қалай түсінесің?

  4. Кәмшәтті неге көптеп аулайды?


ІІІ деңгей

  1. Өз тұрған жерлерде сирек кездесетін сүтқоректілер бар ма?

  2. Сүтқоректілер отрядтарын пайдалана отырып «отрядтар» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр

  3. Баянауыл ұлттық табиғи саябағында қорғалатын жануарларды ата

























62 тақырып

Жыртқыш (ит, аю, мысық, сусар тұқымдастары. Ескекаяқтылар. Киттәрізділер. Жұптұяқтылар. Тақтұяқтылар. Приматтар


І деңгей

  1. Жыртқыш жануарларды ата.

  2. Жыртқыштардың қанша түрі елімізде кездеседі?

  3. Жылқының

  4. Таутан дегеніміз не?

  5. Ескекаяқтыларды атаңдар.


ІІ деңгей

  1. Неліктен ит, мысық, аю, сукар жыртқыш тұқымдастарына жатқызады?

  2. Неліктен Каспий теңізіндегі түлендер саны азайып бара жатыр?

  3. Приматтар отряды деп аталу себебі не?

  4. «Жезкиік» сөзінің мағынасын түсіндіріңдер?


ІІІ деңгей

  1. Сүтқоректілер күн суықта көпшілігі неге дөңгеленіп ұйықтайды?

  2. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген ұғымды қалай түсінесіндер?

  3. Қазақстанда ақбөкен санының күрт азаюына қандай жағдайлар әсер етіп отыр?


63 тақырып

Cүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары. Ормандардың, ашық кеңістіктердің, су қоймалары мен олардың жағалауларының сүтқоректенуі. Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер


І деңгей

  1. Сүтқоректілердің тіршілік етуіне байланысты қандай экологиялық топтарға бөлінеді?

  2. Ашық жерлерде мекендейтін сүтқоректілерді ата.

  3. Көртышқан, соқыр тышқан қай жерлерде мекендейді?

  4. Түлен

  5. Ұшатын сүтқоректілерге нелер жатады?

ІІ деңгей

  1. Түлендердің көбеюі, төлдеуі кезіндегі ерекшеліктері неде.

  2. Неге киттерді сүтқоректілер класына жатқызады?

  3. Бұлғын, тиіп, сусар несімен бағалы болып есептеледі?

  4. Кестені толтырыңдар:

Отрядтар

Өкілдер








ІІІ деңгей

  1. Не себептен көртышқандардың көзі көрмейді?

  2. Қызыл кітапқа кірген орманда тіршілік ететін сүтқоректілерді анықта.

  3. «Қарақұйрық» қандай аймақтарда таралғаның қартадан көрсетіңдер?






















64 тақырып

Қолға үйретілген аңдар. Қолтұқымдарының әртүрлілігі және оларды адамның пайдалануы. Жабайы ататектерден шығуы


І деңгей

  1. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары.

  2. Қолтұқым дегеніміз не?

  3. Жабайы жануарлар неше жыл бұрын қолға үйретіле бастады?

  4. Иттің жабайы тегі не?

  5. Үй жануарларының ғу орталықтарын ашқан ғалымдар.


ІІ деңгей

  1. Кестені толтыр:

Үй жануарлары

Тұқымы

Жабайы тегі

Қолға үйрету мақсаты



























  1. Ертеде көшпелі тайпалар неге жылқыға табынған?

  2. Түйені неліктен «шөл дала кемесі» деп атаған?

  3. Арқар миранос қойы қалай шығарылған?


ІІІ деңгей

  1. Сүтқоректілер үйретуге тез көндігеді, неліктен?

  2. «Ат-ер қанатты» дегенді қалай түсінесіндер?

  3. Сиыр сүті тілінде» сөздің мағынасын түсіндіріңдер.




65 тақырып

Сүтқоректілердің маңызы, олардың табиғаттағы және антропогендік ландшафттардағы сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіпшілдік және кәсіптік аңдар. Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау


І деңгей

  1. Антропогендік ландшафт дегеніміз не?

  2. Қандай аңдар кәсіптікке жатқызады?

  3. Аңдарды жерсіндіру дегеніміз не?

  4. Балара қандай отрядқа жатады?

  5. Жібек көбелегін ең бірінші қай жерлерде өсірген?

ІІ деңгей

  1. Жібек көбелегін негедеп атайды?

  2. «Понтокрин» дәрісі қалай алынады?

  3. Қара күзен көгілдір, күміс түсті түлкілер т.б қалай қолдан өсіреді?

  4. Бұғы шаруашылығымен айналысатын облыстарды анықтаңдар.

ІІІ деңгей

  1. Үй қояндарын үйде өсіргенде қалай күту керек?

  2. Қазақстанда шошқанын қандай қолтұқымдары өсірілген?

  3. Ауылдағы қара малдардың тұқымдарын анықта, қалай аталады?



66 тақырып

Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы. Жерде жануарлар дүниесі тарихи дамуының дәлелдемелері. Эволюция туралы түсінік. Жануарлар дүниесінің сан алуандылығы тірі табиғат эволюциясының нәтижесі


І деңгей

  1. Эволюция ілімінің негізін салған кім?

  2. Тіршілік пайда болған неше заманнан тұрады?

  3. Ең алғаш суда пайда болған жануарлар.

  4. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеген ғалым кім?

ІІ деңгей

  1. Эволюцияның нәтижесі неге әкеледі?

  2. Жануарлардың пайда болған заманынан бастап қазіргі заманға дейінгі дамуын сипатта.

  3. Не себептен судағы жануарлар құрылыққа шыға бастады.

  4. Жануарлардың мүшесі қандай организмдерден пайда болған?

ІІІ деңгей

1.


2.


3.



67 тақырып

Табиғи және мәдени организдер. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі. Биогеоценоздардың және экожүйелер туралы түсінік. Табиғи бірлестіктердегі трофикалық байланыстар

І деңгей

  1. Экожүйе дегеніміз не?

  2. Биогеоциноз дегенді қалай түсінесіңдер.

  3. Қоректік тізбекке не кіреді?

  4. Трофика дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

  5. Продуценттерге нелер жатады?

ІІ деңгей

  1. Табиғи және мәдени организмдердің айырмашылығы неде?

  2. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі қандай?

  3. Қоректік тізбектің маңызы неде?

  4. Табиғи бірлестіктегі трофикалық байланыстарды түсіндір.

ІІІ деңгей

1.


2.


3.


68 тақырып

Жануарлар дүниесі организмдердің популяциялары мен түрлердің және бірлестіктердің көптүрлілігінің көрінісі. Тірі табиғарттың құрылым деңгейлері. Жануарларды қорғау және олардың көптүрлілігі, оларды сақтаудағы адам мен қоғамнын рөлі

І деңгей.

  1. Популяция дегеніміз не?

  2. Тірі табиғат деңгейлерін атаңдар.

  3. Қазақстанда неше қорық бар?

  4. Организмдік деңгейден кейін қандай деңгей қалыптасады?

  5. Ең жоғары деңгей туралы толығырақ айтып беріңіз.

ІІ деңгей

  1. Түр мен популяцияның айырмашылығы неде?

  2. Түрі табиғат деңгейлерінің ерекшеліктерін сипаттағдар.

  3. Адамның жануарларды қорғауда қандай үлестері бар?

  4. Табиғи бірлестік дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ деңгей

1.


2.


3.




















Ж.А.Караевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі»

педагогикалық технологиясы бойынша

биологиядан дайындалған деңгейлік

тапсырмалар жинағы

/7 сынып/
















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!