|
Ұйымдастыру – іздестіру
|
Үстелде жол жүрудің макеті орналасқан. Сұрақтар қояды:
- Балалар не көріп тұрсыңдар?
- Оларды қандай ортақ сөзбен айтуға болады?
- Бұл көліктер қайда жүреді?
«Қандай көлік?» ойыны
Көшеде жүріп жүрген мәшинелердің дауысы естіледі.
-Бұл қай көліктердің дауысы?
Бұл көліктердің арасында ұшақ жоқ болғандықтан Түлкішек ренжіп отырғанын айтады. Оны қуанту үшін «Көңілді тіл орталығына» барып, ұшақ туралы өлең тыңдауға шақырады.
Жұмбақ шешеміз
Құстан аумайды,
Көкке заулайды.(Ұшақ)
Артикуляциялық жаттығу
Ұшақ
Ұшақ жайды қанатты,
Ұшуға дайындалып.
Оң жаққа мен қараймын,
Жу-жу-жу...
Сол жаққа мен қараймын
Жу-жу-жу...
Балалар белгілер бойынша орталықтарға бөлінеді.
Құрастыру орталығында ұшақты құрастырады.
Өлеңді тыңдаймыз
Ж.Нұрхановтың «Ұшақ» өлеңін оқып береді.
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қояды:
- Өлеңде автор не туралы жазды?
- Ұшақ қайда жүреді?
- Оны кім жүргізеді?
Мнемокесте арқылы өлеңді жаттайды.
Сергіту сәті
Ақ бұлттардан асатын,
Аппақ ұшақ жасадым.
Алыс елге мен енді,
Жылдам ұшып, барамын.
«Жүреді, жүзеді, ұшады» дидактикалық ойыны
Көліктердің суреттерін көрссетіп, атап тұрады «Жүреді, жүзеді, ұшады» деп айтып тұрады.
Балалар тірек сызба арқылы әуежай жайлы сөйлем құрастырады.
3-4 баланы өлеңді жатқа айтуға шақырады.
|
Мәшинелер.
Жедел жйрдем, өрт сөндіру, жұқ мәшинесі.
Көліктер.
Жерде жүретін көліктер.
Жедел жйрдем, өрт сөндіру, ұшақ.
Түлкішектін көнілін көтеруге келіседі.
Ойын шарттарын орындайды.
Жұмбақ шешеді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап алады. Қайталайды.
Екі орталыққа бөлінеді.
Мұқият тындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Кесте арқылы өлеңді жаттайды.
Жаттығуларды орындайды.
Ойын шарттарын орындайды.
Суреттер арқыры сөйлем құрастырады.
|