Үй тапсырмасын талдау. Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды. Өткен тақырыпты қайталау. Слайд № 1. Мұғалім оқушыларға анаграммалар ұсынады. қандрокоиатыл әлсуе насқа ыбас рікблі нісекід лаарса нса ажй өблкше Анаграмманы шешіп болғаннан кейін мұғалім сұрақтар қояды: - Осы ұғымдардың анықтамаларын кім айта алады? - Осы ұғымдарға мысал келтіріңіз? - Олар қалай байланысуы мүмкін? - Сабақта біз қандай тақырыпты қарастырамыз? - Сабақтың мақсаты қандай? Слайд № 2. Оқушылар сабақ тақырыбын, мақсатын қорытып, оны дәптерге жазады. Дарытылатын құндылық: қарым-қатынастағы ашықтық.. Жаңа материалды енгізу. Мұғалім оқушыларға дәптерлерінде практикалық жұмысты орындауды тапсырады. Оқушыларға орындау үшін нақты инструкциялар беріледі. 1) Ұзындығы 10 торкөз АВ кесіндісін салыңыз. 2) АВ кесіндісінің бойынан АС кесіндісінің ұзындығы 3 торкөз болатындай С нүктесін белгілеңіз. 3) АВ кесіндісінің бойынан АD кесіндісінің ұзындығы DВ кесіндісінің ұзындығына тең болатындай D нүктесін белгілеңіз. 4) АВ кесіндісінің бойынан DЕ кесіндісінің ұзындығы 4 торкөз болатындай Е нүктесін белгілеңіз. Слайд № 3. Оқушылар дайын сызба бойынша инструкцияны дұрыс орындағанын тексереді. Оқушылар дәптерге келесі сұрақтардың жауаптарын жазады: - AC кесіндісі АВ кесіндісінің қандай бөлігін құрайды? - AD кесіндісі АВ кесіндісінің қандай бөлігін құрайды? - AE кесіндісі АВ кесіндісінің қандай бөлігін құрайды? Жауаптарды тексергеннен кейін оқушылар пратикалық жұмыстың екінші кезеңіне көшеді. Мұғалім дәптерде санақ басы О нүктесінде болатын, бірлік кесіндісі 10 торкөз болатын координаталық сәуле сызуда тапсырады. Слайд № 4. Оқушылар өз шешімдерін тексеріп, келесі сұрақтарға жауап береді: - Қалай ойлайсыңдар, нүктесінің координатасы қай жерде болады? Оқушылар өз нұсқаларын ұсынады. - нүктесін қайда белгілеу керек? - нүктесін қайда белгілеу керек? - нүктесін қайда белгілеу керек? - нүктесін белгілеу үшін бірлік кесіндіні қандай етіп алу керек? Слайд № 5 - Мына суретті қалай түсіндіре аласыздар? Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеудің ережесін өз бетінше қорытуға бағдарланады. Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге жаттығулар орындайды. Бір – созыламыз, созыламыз, Екі – жиырыламыз, жазыламыз, Үш – алақанды үш соғамыз, Басымызды үш иеміз. Төрт дегенде – қолды жаз. Бес – қолды сермейміз, Алты – отырамыз. Фронталды жұмыс. Слайд № 6-11. Оқушылар жауаптарын «мини тақталарға» жай бөлшек немесе аралас сан түрінде жазады. Тексеру слайдтағы дайын жауаптар бойынша жүргізіледі. Бекіту Оқушылар бөлшектерді координаталық сәуледе бейнелеу дағдыларын бекітуге бағытталған тапсырмаларды орындайды. Сабақ соңында мұғалім оқушылар өздерін өздері тексеру үшін жауап парағын таратады. Дарытылатын құндылықтар: оқушылар бір-бірін сыйлауды, академиялық адалдықты дарытады. Дескриптор: Білім алушы - дұрыс және бұрыс бөлшекті айырады; - сәуле бойын бөлшек сандарды белгілейді; - сәуле бойына дұрыс бөлшек және аралас сандарды белгілейді. Үй тапсырмасы. Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді. |