Қазақ тілі. 8 – сынып
Сабақтың тақырыбы:
ЖАЙ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖАҚТЫ СӨЙЛЕМ
Мақсаты :
1. Жай сөйлем түрлеріне шолу жасау.
2. Жақты сөйлем туралы түсінік ала отырып, жасалу жолын меңгеру.
3. Өз бетімен талдап үйрену.
ТОПҚА БӨЛУ
І вагон
Бақыт
ІІ вагон
Шаттық
ІІІ вагон
Қуаныш
ІV вагон
Ынтымақ
Нақыл сөздер
- Қазір бой жарыстыратын заман емес,
ой жарыстыратын заман.
Назарбаев Н.
- Сені түсінсе, бұл – бақыт,
Сені сүйсе, бұл – үлкен бақыт,
Ал сен өзің сүйсең, бұл – нағыз бақыт.
Конфуции
3. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.
Әуезов М.
Жабық тест
№
Сұрақ
1
Жауап
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері .................................
2
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.................................
3
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз ........
4
Оқшау сөздер дегеніміз ...........................................
5
........................................... бірыңғай мүше болады.
6
Оқшау сөздердің ....................... деген түрлері бар.
7
Қаратпа сөз дегеніміз ...............................................
8
Қыстырма сөз дегеніміз............................................
9
Айқандауыш мүшенің ........... деген түрлері бар.
10
Одағай сөз дегеніміз ................................................
Жауаптары
№
1
.... сөйлем құруға негіз болатын сөйлем мүшелері. Олар бастауыш пен баяндауыш.
2
.... өздігінен сөйлем құраалмайтын, тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін сөйлем мүшелері. Олар анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
3
.... сөйлемде кейде бір сөзді заттық жағынан айқындап, түсіндіріп тұратын сөздер я сөздер тобы.
4
....сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестері.
5
Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер......
6
.......қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз деген түрлері бар.
7
сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер.
8
Сөйлеушінің көзқарасын-күмәнділікті, сенетіндікті,өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылатын сөздер.
9
...оңашаланған айқындауыш ж/е қосарлы айқындауыш деген түрлері бар.
10
...сөйлеушінің сезімін, көңіл күйін – қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын білдіру қажет болған жағдайда қолданылатын сөздер.
Бағалау
“ 5” – 9-10
“ 4” – 7-8
“ 3” – 4-6
“ 2” – 1-3
Жаңа ақпарат
Жай сөйлемнің түрлері жайында түсінік
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.
Алатау тауында көптеген жеміс-жидектер ағаштары өседі деген сөйлемде тұрлаулы мүшелер түгел қатысып тұр. Айғанымның киім сататын дүкенге барғысы келді деген сөйлемде бастауышы жоқ, тек баяндауыш қана қатысып тұр. Жаз. Ерке жаз деген сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек атап қана тұр.
ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ
ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ
АЙТЫЛУЫНА ҚАРАЙ
ЖАҚСЫЗ
ЖАҚТЫ
ХАБАРЛЫ
СҰРАУЛЫ
ТОЛЫМСЫЗ
ТОЛЫМДЫ
ЛЕПТІ
ЖАЙЫЛМА
ЖАЛАҢ
БҰЙРЫҚТЫ
АТАУЛЫ
ЖАҚТЫ
СӨЙЛЕМ
Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.
Кесек оқ тып-тынық көлшектің астан-кестенін шығарды.
(Біз) Кесек оқты үсті-үстіне жаудыра бердік.
Оқулықпен жұмыс
71 – жаттығу
Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің бастауышын баяндауыш арқылы тауып, жақша ішіне қойып айтыңдар.
( ) Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, ( ) оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жылғыз алыстым, кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. ( ) Өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ( ) шам-шырақтай сәуле төкті және таң атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ( ) біз үшін жұмбақ па?
(М.Әуезов)
72 – жаттығу
Берілген сөздерді бастауыш етіп, баяндауышын әртүрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңдар.
Өзім, олар, бұл, сіз, жер, ел, оралмандар, үшеуміз.
Сергіту сәті
- Теңізде қандай тас болмайды?
2. Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады ?
3. Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады?
4. Аңшы орманға аң аулауға барып, ағаштың басында отырған сауысқанды атыпты, қарға құлапты. Неге?
5. Аңшы орманға барса, ағаш басында 10 қарға отыр екен. Біреуін атып түсіреді. Ағашта неше қарға қалды?
6. Мэридің әкесінің 5 қызы бар: 1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо. Бесінші қызының аты кім?
І деңгей.
Жақты сөйлемді табыңыз.
Ауа райы салқындай бастады.
Менің бұл сөзге қосылғым келмеді
Біздің ашық сөйлесуіміз керек
Оның бүгін келуі мүмкін.
Олардың бұл араға қонғысы келмеді.
Деңгейлік
тапсырма
ІІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда 1.Бір күні біздің үйге үлкен ағам келді. 2.Сұлтан жайлауды екі күн аралады. 3.Сабақ оқу – оқушының міндеті. 4. Мен онымен емін-еркін сөйлестім. 5. Кеш болғанын білмей қалыппын.
ІІ деңгей.
Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің бастауышын қойып көшіріп жаз.
- Ормандағы жан-жануардың мазасын алғалы келді.
- Мектептегі барлық іс-шараларға белсенді қатысқанды ұнатамыз.
- Жайдарлы жазда Алакөл көліне барып демалғанды ұнатады.
Қорытындылау
Тест
1. Жай сөйлем айтылуы мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а ) үш түрге
ә) төрт түрге
б) бес түрге
2. Жай сөйлемнің сөйлем мүшелерінің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
а ) алты түрге
ә) жеті түрге
б) сегіз түрге
3. Жақты сөйлем дегеніміз не?
а) Бір ғана интонациямен айтылатын, бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
ә) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін айтамыз.
б) Бастауышы бар, жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы табуға болатын
сөйлем
4. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
а) Әр елдің салты басқа.
ә) Бұл қандай дәстүр.
б) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін.
5. Жақты сөйлемді анықтаңыз. а) Кітап алғым келеді. ә) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. б) Бүгін демалыс.
Тест жауаптары
1-Ә
2-Ә
3-Б
4-Ә
5-Ә
Қорытындылау
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Бағалау парақшасы
№
Оқушының аты жөні
Жабық тест
(балл)
Жат-мен жұмыс
(-,+)
Деңгейлік тапсырма
(балл)
Ашық тест
(балл)
Қор.
баға
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:
ЕРЕЖЕЛЕРДІ ОҚЫП, ЖАТТАУ.
БАСТАУЫШЫ АЙТЫЛМАҒАН 5 СӨЙЛЕМ ҚҰРАП КЕЛУ.
БЛОБ АҒАШЫ