А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебі
«Жақсы мінез- жан сұлулығы»
Өткізген : Кажиева Замира
Жетекшісі : Абдинурова Айжамал
Мақсаты:
білімділік: адам мінезін жақсы және жаман түрлерін ажырата білуге үйрету.
дамытушылық: адам бойындағы жаман мінездерді жою, жақсы мінездерін ізгілікке дамыту
тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:топтық , ұжымдық, ойын, тренинг, ой қорыту, сұрақ-жауап, сезімін, тілегін білдіру.
Көрнекіліктер: белсенді тақта, бейнематериал, күн және бұлт суреттері, плакат, маркер, стикерлер.
Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Оқушыларды топқа бөлу :
- Мейірім
- Жомарт
- Адал
- Шыншыл
Үй тапсырмасын тексеру. « Ар – намыс керек адамға » тақырыбындағы мәтінді сұрақтар қою арқылы мазмұнын әңгімелеу. (ия және жоқ)
Абай. Отыз алтыншы қара сөзі
Сұрақтар:
- Шын ұят шындай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады
- Отанды сүю, оны қорғау менің міндетім емес
- Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде иман сонда» деген
- Жаным – жанымның садағасы
Малым – арымның садағасы
- Ұят өлімнен күшті
- Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, кісілігі оның адамдық ар – намысты ардақтауынан, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан басталады
- Ар – намыс керек адамға
Жаңа сабақ
«Жақсы мінез- жан
сұлулығы»
Мінез дегеніміз – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Рухани дүниесі бар, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, қоғамдық ұйымдар, т.б) тығыз байланысты. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала тумысынан еңбексүйгіш немесе жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Мінез ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие үрдісінің ықпалымен қалыптасып отырады.
Оқушылардың өлең шумақтары
«Мінездерге » берілген карточкалардағы сөйлемдерді оқып қорытынды шығару
Тұрақты тіркестер
Мінезді тәрбиелеу жолдары мен мінез жөніндегі білімдер
Характерология –
Жұлдызнама (гороскоп) –
Физиогномика –
Хиромантия –
Дерматоглифика –
Графология –
Зерделе
Жақсы мен жаман- сюжетті суреттер. Оқушылар карточкалардан жақсы мінез бен жаман мінезді ажыратып жабыстырады
Ұлағатты сөздер
Ойланайық, пікірлесейік!
Шығармашылық жұмыс . мінездерге берген түсініктерін сәйкестендір
Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)
1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».
?
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.
Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
4. Көлденең шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».
Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
Үйге тапсырма: В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөзі. Кесте (Мінезімнің жақсы жақтары/ Мінезімнің міндері)
Рефлексия: (кері байланыс) «Білім ағашы» (алма, гүл, жапырақ)
Алма – мен бүгін көп үйрендім
Гүл – маған ұнады / ұнамады
Жапырақ- маған ұнамады
мен бүгін көп үйрендім
маған ұнады /әліде сұрақтар бар
маған ұнамады
Жүректен –жүрекке « Жылы сөз»
«Жақсы мінез- жан сұлулығы»