Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения: 24.01.2020
Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Әлеуметтік орта
Пән / Предмет:Өзін-өзі тану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Қысқы қызықтар»
Тақырыбы / Тема: «Жақсы сөз жанды жадыратар»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Өзіне деген сенімділігін дамыту.
3. Оқыту – обучающая: Балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсері туралы үйрету.Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение :
Көптілділік : Қыс - зима-winter, қар – снег-snow, жақсы –хорошо-ok, жаман-плохо-badly
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт)
Дымбілмес қонаққа келеді.
2.Негізгі бөлім
-Балалар,қазір орындаған «Не деу керек?» өлеңінен не түсіндіңдер?
-Балалар,өзімізден жасы үлкен адам кездескенде қалай амандасамыз?
-Сәләматсыз ба.
-Көшеде адамдармен байқаусызда соқтығысып қалғанда немесе досыңыз- дың ойыншығын бүлдіріп алсаңыз не дер едіңіздер?
Кешіріңіз,кешірім өтінем.
-Біреулер сендерге көмектессе,мысалы: көше қиылысынан өткенде,сүрініп құлап қалған жағдайдаойыншығымен бөлісіп ойнаса қандай сыпайы сөзді айтар едің?
Рахмет.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Бұл өлеңнен сыпайылық және әдептілікті білдіретін сөздерді есімізге түсірдік.
Отбасында ата-аналарың немесе туысқандарың сендерге қандай жақсы,жылы сөздер айтады?
Ботақаным,құлыным ....
Өте жақсы ,балалар.Сонымен біз жанымызға жақсы көңіл- күй сыйлайтын жылы сөздерді айтып үйрендік.Олар: Сәлеметсіз бе,кешіріңіз,рахмет,сау болыңыз,көріскенше.
-Біз бүгінгі іс-әрекетімізде әрбір сөздің айналамызға әсер ететіндігі туралы адамдармен қалай сөйлесу керектігі жөнінде әңгімелесеміз.
Көктілділік: Қыс - зима-winter, қар – снег-snow, жақсы –хорошо-ok, жаман-плохо-badly
Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрамыз
қолды белге қоямыз
Оңға бір, солға бір бұрылып
бір отырып, бір тұрып,
бой сергітіп аламыз.
Жақсы сөз –жанға қуат» екенің түсіну мақсатында «Жақсы-Жаман» әңгімесін оқып берейін. Балаларға әңгімені толық оқып беремін. Балалардан сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын сұраймын.
Мақал-мәтел
«Жақсымен дос болсаң жетерсін мұратқа,
Жаманмен дос болсаң ,қаларсың ұятқа»- деп тегін айтылмаған. Үнемі бір-бірімізге жақсы ойлап жүрейік.
Балалар білесіңдер ме біздің айналамыздағы туған- туыстарымызды.отбасы мызды,достарымызды.туған жерімізді,Отанымызды жақсы көру сүйіспеншілік деп аталады.Ал сүйіспеншілік болса жүрегімізде туындайды
«Жақсы –жаман» ойыны
Мақсаты:жақсы істерден үлгі алып,жаман істерден жиренуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс:
Сейіткерей Сезім не туралы әңгімелестік ?
И.Дамир бүгінгі сабақтан не түсіндік?
Хадия бізбүгінгі сабақтан не үйрендік?
3.Қорытынды
соны мен балалар бүгінгі оқу қызметі жақсы өтті деп ойлаймын.
Біз бір-бірімізге жақсы сөз айтуды үйрендік. Жақсы сөздің адамдарға қуаныш, шаттық сыйлатынын түсіндік.
Жарайсыңдар балалар!
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Білім саласы-Образовательная область-Educational area:Әлеуметті орта,Өзін-өзі тану.
Тақырыбы-Тема-Theme: «Жақсы сөз жанды жадыратар»
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес)
Тәрбиеші : Садвокасова В.А.
Костанай қ 2018-2019 оқу жылы