ОРАЛ «МАҚСАТ» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ
(жалпыколледждік ашық сабақ)
Тақырыбы: «Науқастың жеке басының тазалығы»
Пәні: «Клиникаға кіріспе»
Мамандығы: « Стоматология» , 2 курс 3 семестр
Тақырыбы: «Науқастың жеке басының гигиенасы»
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес дәріс
Оқыту мақсаты:
Науқастың жеке бас тазалығының науқастың күтіміндегі маңызын;
Науқастың жеке басының гигиенасын сақтау ережелерін оқыту;
Қалі ауыр науқастардың күтімінің негізгі элементтерін, емшараларды орындау шеберлігін жетілдіру;
Қалі ауыр науқастарға төсекте өткізілетін гигиеналық шараларды, ойылудың алдын- алу шараларына үйрету, т.б.
Дамыту мақсаты:
Науқастың жағдайына қарап, белсенділік режимін, қалпын анықтай білу, тері күтімін өткізу, ойылуды болдырмау. Күтім барысында мейірбикелерге өздігінен шешім қабылдауға білімін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды науқастың жеке бас тазалығын өткізудегі жауапкершілікке тәрбиелеу, науқастармен қарым-қатынаста, күтім жүргізу барысындағы мейірбикенің этика мен деонтология ережелерін пайдалана білуге, науқасқа деген мейірімділікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістемелік мақсаты:
Сабақта тақырыпты игерту үшін жаңа әдістерді пайдалана білу;
Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу;
Науқастың жағдайын анықтап, күтімді жүйелі ұйымдастыру;
Ойықтардың кезеңін анықтап, сәйкес емін жүргізу .
Пән аралық байланыс:
Анатомия
Фармакология
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру – 2 мин;
Тақырып бойынша оқушылардың әзірлігін тексеру – 10 мин;
Сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру – 5 мин;
Көрсету бөлімі – 30 мин;
Оқушылардың өз беттерімен жұмысы – 20 мин;
Сабақты қортындылау – 20 мин;
Үйге тапсырма – 3 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа әзірлігін, топтың толықтылығын тексеру. Дәптер және жазу құралдарын тексеру.
Бүгінгі сабақ тақырыбын хабарлау және оқушылардың әзірлігін тексеру – оқушылардың тақырып бойынша дайындығын, түсінбеген сұрақтарын талқылау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру: оқушылар, біз бүгін осы дәріс сабағымызда науқастың төсектегі қалпын, белсенділік режимімен, сонымен қатар «Науқастың жеке басының тазалығын» өткізу, яғни тері, ауыз, мұрын құлақ қуысы күтімі және жуындыру шараларын жүзеге асыру үшін іс-әрекет ізділігімен танысамыз.
Осы сабақта сіз
Білуіңіз керек:
Науқастың режим белсенділігі;
Науқастың төсектегі қалпы;
Іш киімін және төсек жаймаларын ауыстыру;
Науқастың жеке бас гигиенасына қойылатын талаптар;
Ойылудың пайда болу себептері;
Ойылудың белгілері және оны емдеу;
Ойылудың алдын- алу;
Қалі ауыр науқастарды төсекте күту ерекшеліктері;
Дәрет ыдысын беру ережелері, оларды дезинфекциялау.
Істей білуіңіз керек:
Науқасқа төсекті әзірлеу;
Функционалды кереуеттің көмегімен ыңғайлы қалып беру;
Режим сақтауын қадағалау;
Науқастардың іш киімін және төсек жаймаларын ауыстыру;
Науқасқа таңертеңгілік туалет өткізу;
Науқасқа төсекте гигиеналық шараларды өткізуді ұйымдастыру;
Тері күтімінің элементтерін, ойылудың шараларын өткізу;
Көзді жуу, тамшы тамызу, май жағу;
Құлақ күтімін өткізу (жуу, дәрі тамызу, турунда салу);
Ауыз қуысының күтімін өткізу;
Мұрын қуысының күтімін өткізу (жуу, майлау, тамызу).
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары: «Инфекциялық бақылау»
«Инфекциялық қауіпсіздік»
Асептика дегеніміз не?
Антисептика дегеніміз не?
Дезинфекцияның анықтамасы, түрлері, әдістері?
АІИ туралы түсінік, түрлері, жұғу механизмі?
Зарарсыздандыру заттектілерінің құрамы?
Залалсыздандырудың анықтамасы, түрлері?
Залалсыздандыруға қойылатын бақылау әдістері?
Қолдың өңдеу деңгейі, механизмі?
АІИ-дың алдын алу шаралары?
Негізгі бұйрықтар, қалдықтар класы ?
ІІ. Көрсету бөлімі: презентация слайд жаңа сабақ түсіндіру
Тақырыптың этикалық деонтологиясы.
Функционалды төсектің құрылысы мен алғашқы дайындығы
Тері күтімі, Ойылудың алдын алу шаралары
Төсек жаймаларын ауыстыру
Көз күтімі (жуу, тамшы тамызу, май жағу);
Мұрын күтімі.
Ауыз қуысының күтімі.
Құлақ күтімі
Науқасты жуындыру (сыртқы жыныс мүшесі)
Анимациялық бейне фильмдер
ІІІ. Осы сабақтың тақырыбы бойынша оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру:
Графологиялық диктант
Ия Жоқ
1.Қалі ауыр науқастардың киімін кірлеген сайын ауыстырады.
2. Науқастың жағдайына байланысты тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді.
3. Науқастардың төсегін 7-10 күн ішінде 1 рет, ал ауыр науқастардың ақ жаймасы кірлеуіне байланысты ауыстырылады.
4. Құлақтағы құлықты тазарту үшін 960 этил спирті алдын ала тамызылады.
5. Ауыз қуысын шайғанда 5% калий перманганат ерітіндісі қолданылады.
6. Қатаң төсек режиміндегі науқастардың төсектегі қалпын ауыстыруға болмайды.
7. Науқастың төсектегі қалпын әрбір 2 сағат сайын ауыстыру ойылудың алдын-алу шараларына жатады.
8. Қалі ауыр науқастардың тері күтімін күнделікті өңдеу үшін 10 % камфор спиртінің ертіндісі пайдаланылады.
9. Әлсіз және жүдеген ауыр науқастардың бір қалыпта ұзақ жатқандығына байланысты құйымшақ, жауырын, шынтақ, қара құс, жамбас буыны маңайында ойықтар пайда болады.
10. Мейірбикелер ешбір ескертусіз қалі ауыр науқастардың жеке бас тазалығын өткізуге құқы жоқ.
IV. Оқушылардың өз беттерімен жұмысы:
№1 Тапсырма
Науқастың кірлеген іш киімін ауыстырып жатқанда мейіркеш оның құйымшақ тұсының қатты қызарғанын байқады.
Мейіркеш қандай шара қолдануы тиіс?
№2 Тапсырма
Бөлімшеге ауыр қалдегі науқас түсті, селқос (пассивті) қалыпта.
Тері ойылуын болдырмау үшін не істеу керек?
№3 Тапсырма
Мейіркеш науқасқа ертеңгілік тазалық өткізгенде оның құлағындағы құлықты байқады.
Оны қалай шығару керек?
№4 Тапсырма
Науқас мұрын қуысы кеуіп, қабыршақ пайда болғанына шағым жасады.
Науқасқа қалай көмектесу керек?


V.Сабақты қортындылау. Тест
Тақырып:
«Науқастың жеке басының тазалығы»
1.Ауыр науқасты адамдардың киімін ауыстыру:
а) күнде;
ә) кірлеген сайын;
б) 2-3 күнде 1 рет;
в) 7-10 күнде 1 рет
2.Ауыр науқасты адамның денелерін күнде сүрту керек. Ол үшін:
а) 10% перманганатты калий ерітіндісімен;
ә) 1/500 фурацилин ерітіндісімен;
б) жартылай су қосылған 70% этил спиртімен;
в) 10% мүсәтір спирті ерітіндісімен.
3. Науқастың төсек орнын қай кезде ауыстырады?
а) 14 күнде рет;
ә) 7-10 күнде 1 рет;
б)күнде;
в) 2-3 күнде 1 рет.
4. Ауыз қуысын өңдеу үшін не қолданылады?
а) 5% бор қышқылы ;
ә) 1:5000 фурацилин ерітіндісі
б) 10 % марганцовка ерітіндісі
в) 10 % камфор спиртінің ерітіндісі
5. Көзді жуу үшін қажетті ерітінді:
а) 5 % марганцовка;
ә) 3 % борқышкылы;
б) 3 % сутегі қышқылы;
в) 96 % бірдей мөлшерде сумен араластырылған этил спирті
6. Көзді өңдегенде қас пен кірпіктерді мына бағытта сүртеді:
а) ортадан шетке қарай;
ә) сыртқы жақтан ішке қарай;
б)өз бағытында;
в)ішкі бұрыштан сыртқа қарай.
7.Шашты жуу өткізіледі:
а) 3 күн сайын
ә) Ластануына қарай
б) аптасына бір рет
в) Науқастың қалауымен
8. Қолы жарақаттанған науқастарды қалай шешіндіреді:
а) Бірінші сау қолын, кейін жарақаттанған қолын
ә) Бірінші ауыратын қолын, кейін сау қолын
б) Маңызды емес
в) Екі қолынан бір уақытта
9. Науқасты жуындыру (дәрет алу) өткізіледі:
а) Жыныс мүшесінен тік ішекке қарай
ә) Тік ішектен жыныс мүшесіне қарай
б) Дезинфекциялық ертіндімен
в) Салқын сумен.
10. Науқастың астына салатын дөңгелекті неге қатты үрлеуге болмайды?
а) ол тез істен шығады
ә) оған төсекте тұрақты жағдай беру қиын болады;
б) науқас қозғалғанда, ол өзінің қалпын өзгертуі керек
в) қатты үрілуі керек, науқасқа ыңғайлы болады.
VI.Оқушыларға баға қою.
VII. Үйге тапсырма: