«Жаңа жыл келді!!»
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: -Балалар мына ортада тұрған не?
Балалар: -Шырша
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі.
Жасыл шырша орманнан
Бізге әдейі келіпті
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса!
Келіңдер, келіңдер!
Тамашаны көріңдер!!
Құрметті балалар, ата-аналар, әріптестер! Жаңа жыл баршамызға денсаулық, бақ, береке әкелсін.
ӘН: «Шырша әні»
Тақпақтар:
Тәттінұр: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер!
Мейрам: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде.
Азина: Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сәлем берсе екен.
Әдия Б. Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяқ ата келеді
Балаларды сағынып.
Қоян кіреді.
Қоян: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәбіз көрдіңдер ме?
Жүргізуші: -Қандай сәбіз?
Қоян: -Маған Аяз ата сыйлық берген, үлкен сәбіз.......
Жүргізуші: -Қоян, сенің сәбізіңді қазір іздеп тауып береміз. Ал бүгін сенің туған күнің емес пе?
Қоян: -Иә.
Жүргізуші: -Балалар, сендер Қоянның құлағы неге ұзын екенін білгілерің келе ме?
Балалар: -Иә
Жүргізуші: -Ендеше қазір біз көрініс көрсетеміз. «Қоянның құлағы неге ұзын?»
Біздің байтақ далада
Аскар тауда, қалада
Биыл ғажайып іс болды
Таң ғажайып қыс болды.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде орманда аңдар өмір сүріпті. Бір күні қоян туған күніне достарын аңдарды қонаққа шақырады.
Қоян секіріп кіреді. (Музыка әуенімен) Өзі үйін әдемі безендіріп дайындық үстінде болады.
Бір уақытта тиін кіреді.(Музыка әуенімен)
Тиін: -Қоян туған күнің құтты болсын! (Жаңғақ сыйлайды)
Қоян: -Рахмет!(Екеуі қосылып билейді)
Кірпі кіреді(Музыка әуенімен)
Кірпі: туған күннің құтты болсын! (алма сыйлайды) (үшеуі қосылып билейді)
Түлкі кіреді: (Музыка әуенімен)
Түлкі: -Туған күнің құтты болсын! (апельсин сылайды)
Қасқыр кіреді. (Қоқынышты музыка әуенімен)
Қасқыр: Қоян, туған күнің құтты болсын! (бір шоқ гүл сыйлайды) (билейді төртеуі)
Қасқыр: -Аю қайда? Аю!
Аю кіреді аяғын маймаң басып.
Аю: -Қоян, туған күнің құтты болсын! – деп, қоянның құлағынан тартады. Құлағы ұзарып қалады.
Жүргізуші: -Балалар, мінекей осыдан бастап қоянның құлағы ұзарып кеткен екен.
Би: «Аңдар» биі
Аяз ата мен ақшақар кіреді:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Таратуға сыйлықты
Келіп қалдық ізіммен.
Жүргізуші:-Сәлеметсіз бе Аяз ата! Біз сізді өте көп күттік. Балалар сіздің келуіңізге дайындалды.
Маска да бар, би де бар
Ойын да бар, әнде бар.
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата: -Орманның ішінен әрең келіп едім, мына жерде толып кеткен қар екн ғой, қане жинайықшы мына қарды
Ойын: «Қар түйіршіктерін жинау»
Аяз ата: -Рахмет! Қандай тамаша балалар!
Ақшақар сөзі: .................
Би: «Ұлпалар»
Тақпақтар:
Дильназ: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Дамира: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Әлімжан: Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Аяз атадан сыйлықтар алдық
Нұрдина: Аяз ата келеді
Маған сыйлық береді
Бір қолында шоколад
Бір қолында мармелад
Әдия: Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып
Айсу: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Ән: «Аяз ата» (Ортаға тұрып айтады)
Жүргізуші: -Аяз ата, балалар ойын ойнағысы келіп тұр сізбен.
Ойын: «Қасқыр мен қояндар»
Би: «Жаңа жыл» (Хоровод)
Тосын сый:
Аяз ата: -Балалар, бүгін осы қоянның туған күні емес пе?
Балалар: -Иә!
Аяз ата: -Қоян, сен менің жіберген сәбізімді алдың ба?
Жүргізуші: -Сәбізіңіз қандай еді?
Аяз ата: -Үлкен!! бір жылға бірақ бергем.
Жүргізуші: -Еееее! Мана қоянда сұрады. (Балалар мен бірге іздеу)
(Үлкен сәбізді шыршаның астынан тауып алады)
Сыйлықтар тарату. Аяз ата мен Ақшақар қоштасады.
Жүргізуші: -Осымен ертеңгілігіміз аяқталды! Сау болыңыздар!
МКҚК «Балдәурен» бөбекжай балабақшасы
Жаңа жыл келді!!!!
«Қарлығаш» санаторлық аралас тобы
Тәрбиешілер: Амангельдинова А.З.
Кусаинова А.К.
Кішкенекөл 2015жыл