СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жа?а жыл"мереке

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ош келді? жа?а жыл.Жа?а жылды ?арсы алды? ?уана б?ріміз.

Просмотр содержимого документа
«"Жа?а жыл"мереке»


4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп











«Жаңа жылым тамаша»

( 0 «В»сынып)



















Тәрбиеші:Ергебек Ж.



2015-2016 оқу жылы.



«Жаңа жылым тамаша!» 25.12.2015о.жылы.

Ертеңгілік іс - шараның тақырыбы: «Жаңа жылым тамаша!»
Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, ертегі еліндегі түлкі тапсырмасын орындау арқылы, жұмбақтар шешу, жаңа жылдық тақпақтар айту, қимылдық ойынды ата - анамен бірге ойнауға, геометриалық пішіндерден шырша мен аққала бейнесін құрастыра білуге, түстерді тану, тіл байлығын, сөздік қорын, көркемдік талғамын, ой - қиялын дамыту, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ортаға 0 «В»сынып оқушыларын қарсы алайық.(жаңа жылдық әуенмен балалар ортаға шығады.)

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті жиналған ата - аналар, тәрбиешілер және балалар! Сіздерді келе жатқан Мешін жылы, жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз! Қош келіпсіздер «Жаңа жылым тамаша!» кешімізге.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән:Аппақ,аппақ жапалақтап.
Жаңа жыл кешімізге арнап Гүлназ бен Сымбат қыздарымызды «Қызыл телпек » биіен қарсы алыңыздар!
Тәрбиеші:Тапсырма: Пішіндердің түсін, пішіннен, не құрастыруға болатынын білмеймін!
Балалар: Пішіндер дөңгелек, үшбұрыш, түстер ақ пен жасыл.
Ақ түстен үлкен – кіші шеңберден аққала жасауға болады.
Жасыл түс үшбұрышты пішіннен шырша құрастыруға болады.
Тәрбиеші: Жаңа жыл кешіне кіру үшін алдарында әр түсті жол жатады түстерін айтып үстінен басып өтеді.(Ақ, көк, сары, жасыл, қызыл)
Жолда кедергі үйілген қар жатады.
Қимылды ойын: «Қар тасу»( Екі ата - ананы шақыру) балаларға көмек беру.
Ойын шарты: Екі ыдыстағы қарды, екі бос ыдысқа тасу.
Тәрбиеші: Міне, балалар біздер ата - аналар көмегімен Жаңа жыл кешіне келдік.
Ортаға 12 жыл шығады.Ата-аналар жылдарды ретімен орналастырады.

Ескі жыл келіп балалармен қоштасып, Жаңа жыл Мешінмен таныстырып кетеді.

Тәрбиеші: Жаңа жыл қош келдіңіз, төрлет төрімізге Жаңа жыл елімізге, жерімізге, баршамызға құт, береке алып келсін, біздер сізге сенеміз»:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,

Балалар ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Ол үшін Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз дауыстап шақырайық.
Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата Ақшақар.
Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Ау, армысыңдар ма, ұлдарым,
Армысыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің.
Қандай жарқын жырларың.
Асулармен алысқан.
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Кәне, шеңбер құрайық
Шыршаның шырағын жағайық.
Аяз ата: Олай болса, бәріміз бірге:
Раз,два ,три Ёлочка гары. 2 рет
Балалар қуанып ду қол шапалақ соғады.
Ақшақар
О, жараңдар қараңдар,
Қызықтарын санаңда.
Сүйсіндірер маңайды.
Ақшақармын арайлы,
Менсіз қыстың сәні жоқ.
Кәне, балалар келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Ақшақар: Өздерің де аман - есенсіңдер ме, менің достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз ата дорбасындабарлығыңа жететін сыйлық бар.
Ақшақар: Ой, шыршаларың қандай әдемі, керемет! Шыршаны айналып бір ән айтсақ қайтеді.
Балалар шырша айналып аяз атамен ақшақар, Жаңа жыл мен бірге ән айтады.
Би: «қуыршақ биі» Асылай,Ақпейіл,Бақыт.
Ақшақар
Балалар қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі!
Қыста далада не болады?
- Қар болады!
Қардың түсі қандай?
Ақ түсті.
Ақшақар балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табыңдар.
Жұмбақтар
Аспаннан ақ ұлпа борады,
Қырқаны сейсепке орады. Ол не?(Қар)
Үстінде бар жасыл тоны, Жылда бір келеді,
Шамдары бар жайнаған, Көп сыйлық береді (Аяз ата)
Жүргізуші:. Аяз ата сізге арналған біздің балалардың тақпақтары бар
кәне, кім айтады екен, ортаға шақырайық 
Бақыт: Айкөркем:

1.Тамаша, тамаша,                          2. Жаңа жыл,жаңа жыл.   

Шыршамыз тұр жараса.                    Жаңа  жылда жаңа жыр ...

Басында әсем жұлдызы                     Жасыл  шырша жанында

Көз тоймайды қараса.                        Билеп  барлық  бала жүр.  

 Асма К.Жаннұр

3.Жасыл  желек жамылған,            4.  Тамаша,тамаша,

   Асыл  моншақ  тағынған                  Шыршамыз тұр жараса.... 

   Міне ,сұлу шыршамыз                     Басында әсем жұлдызы

   Көптен күтіп сағынған.                    Көз тоймайды қарасаң.

 Бейбарыс: Ақтілек:

1.Келді міне жаңа жыл,                           2. Жаңа жылды қарсы алып,

    Қарсы  алайық, бәріміз.                         Жасаймыз той жылда біз.

    Күліп, ойнап,би  билеп                           Жарқын,жарқын ән салып,

     Ән  салайық  бәріміз.                             Жалғасады жырға жыр.

Мұстафа: Нұрдәулет:

3.Аппақ  тонға оранып,                             4.Әкелсін жыл ырыс-құт, 

   Базарлықты  мол алып.                            Әлемде  болсын тыныштық.

   Келді алыс сапардан,                               Ән салайық жаңаша,

    Аяз ата оралып.                                       Жаңа  жылым тамаша!

Гүлназ: Жаннұр:

5.Тамаша сый алып,                             6. Жасыл желек жамылған, 

  Кеді  Аяз атамыз.                                   Асыл моншақ тағылған

   Шаттанып,қуанып,                              Міне, сұлу шыршамыз

    Шырқап  ән айтамыз.                        


Иляс: Райымбек:

1.Сақалы аппақ күмістей                        2.Аппақ ,аппақ кар аппақ

   Тістері аппақ күріштей                             Аппақ,аппақ дала аппақ

   Қызыл ала шапаны                                  Қырау қырау тал аппақ

  Сағындым аяз атаны!                               Айналаның бәрі аппақ.

 Сымбат: Ерназ:

   3.Келіңдер, келіңдер                              4.Қараңдар  мынау шыршаға,

    Тақпақ айтып  беріңдер                           Неткен әсем көрікті.

     Жомарт Аяз атадан                                Жаңа жылдық  думанға,

    Сыйлық алып көріңдер!                          Аяз ата келіпті.

Нұрайна:

Тілеймін мен бар әлемге,



Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ана-әке

Құтты болсын жаңа жыл!

Ортада би. «Ай будеть круто» Нұрайна,Жаннұр,Гүлмаржан.

Гүлмаржан:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

Асылай: Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.

Шапағат:

Аппақ-аппақ жапалақтап,

Қар жауады тым бастан.

О алақай ,келе жатыр.

Аяз-ата алыстан.

: Тәрбиеші:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша! 
Шыршамыз тұр жараса. 
Басында әсем жұлдызы, 
Көз тоймайды қараса. 
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс, тілейік ісімізге,
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін!
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Ән: Ёлочка
Ортада би: «Қасқыр мен қояндар» (Ұлдар)

Тәрбиеші:
Ата – аналармен бірге ойын ойнаймыз. Сіздер іштеріңізден бес ата - ананы ойынға қатысуға ортаға шақырамыз.
Қимылды ойын: «Көлеңке»
Жүргізуші:. Ата - аналар үлгідегі ертегіні тауып рөлге бөліп ойнау. Ертегі кейіпкерінің дауысын салып көмекке келу.
Ойын: Шалқан ертегісін рөлге бөліп ойнап беру.( Ата, Әже, қыз, ит, мысық, тышқан. )
Аяз ата мен ақшақар ата - аналар ойынды жақсы ойнағандары үшін сыйлық береді.

: Тәрбиеші: Енді балалар тек сендер емес аяз –атаға өнерлерін көрсеткісі келетін сендердің ата-аналарынды ортаға шақырамыз.

Би: Флешмоб ата-аналардың қатысуымен.

Аяз ата мен Ақшақар балалармен қоштасып кетіп қалады.
Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай, әрбір күнің әр айың.
Жүргізуші:
Тойларыңыз құтты болсын, балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Тәрбиеші:
Құрметті: ата - аналар, қонақтар, Жаңа жылымыз құтты болсын, еліміз тыныш, деніміз сау, нанымыз көп болсын және де балаларымыз шаттық күлкіге бөлене берсін.
«Жаңа жылым тамаша» атта ертеңгілік іс - шарамыз өз мәресіне жетті, сау болыңыздар, бүлдіршіндеріміз аман болсын.



Тәрбиеші :Ергебек.Ж.Ә.