СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жа?а жылды? мерекелік іс-шара сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Жа?а жыл мерекесі

Кейіпкерлер: ж?ргізуші, Мешін жылы, ?ой жылы, Шайтан, Аяз ата, А?ша?ар, Алдар к?се.

Ойындар: ?арды жинау, ?ол?апты? сы?арын табу, шелектермен эстафета.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а жылды? мерекелік іс-шара сценариі»

(Фанфары)

Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мешін жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Армысыздар, қонақтар, балалар! Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық!

Ән: «Орманда шырша туыпты»

(Әннен кейін күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.

Шайтанның музыкасы)


Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
өзіммен алып қайтармын.


Жүргізуші: Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ,  сәнімізді бұзба!
Шайтан: Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап қамап қойдым. Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп,  ешқандай мереке өткіздірмеймін. Мереке болмайды, маған мереке ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ екен, сен сондай әдемісің! Сондай аппақсың. Мені әкетпей-ақ қойсаң  қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: Маған бір көңілді би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Жүргізуші: Балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып  көрелік.

Би: 4 А сынып


Шайтан: Билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны ай.  Өткіздірмеймін дедім, өткіздірмеймін.
Жүргізуші: Тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалармен ойын ойна, егер олар жеңсе бізге бөгет болмай өз  жолыңмен жүре бер. Ендеше мерекемізді ойынмен жалғастырамыз.
Ойын: «Сыңарыңды тап»

(Ойынға музыка)

Ойын ойнап болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып:«Ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.

(Алдардың музыкасы)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
                       Қытайға да барғанмын,                                
                      АҚШ қа да барғанмын,
              Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Қытай базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: Өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Шайтан: Мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған  жазаң ауыр болды. Балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін,  босатшы мені, Алдар!босата көр, Алдареке!
Алдар көсе: шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар. Бүгін мереке, ұрыспайық. Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе:  Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға би биле. Егер балаларға ұнаса мен сені босатамын.
Шайтан: Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік.
(Шайтанның биі)

Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні,

ойнамапты күлмепті,
Уа, халайық, той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.
Таусылмайды бұл тойдың, 
Дүбірімен дүрмегі.
Келе жатыр әнекей,
кетер жылдың иесі.
Міне ендеше балалар, қой жылы
Тойдың жайын білгелі, өздеріңді көргелі,
Батасын бергелі келіп түр.
(Қойдың дауысы. Қойдың музыкасы)

Қой: Шырша тойы құтты болсын ағайын,
Жыр тойында би билеп ән салайық.
Күлкінің керуеніне біз де ілесіп,
Езу жимай бір жарасып қалайық.
Ескі жылың есіркеп.
Жаңа жылың жарылқап,
Еліңде болсын жақсылық,
Бейбіт күнің жарқырап
Қоштасамын бүгін мен,
Сіздерді қимас көңілмен,
Келер мешін жылына.
Жақсылығымыз көп болсын,
Ашық болсын аспаның.
Аман болсын жас-кәрің.

Жүргізуші: Аяулы да құрметті 2015 жыл!Сен құтты жыл болдың.Біз ризамыз саған ескі жыл!Сен қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың.Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз. Сау бол,Ескі жыл!
Ескі жыл:мен сендерге сенемін балалар,ұмытпаймын сендерді, сау болыңдар.
Хормен:Қош ,сау бол 2015жыл!

(Қойдың дауысы. Қойдың музыкасы)

Жүргізуші: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
                     Тондырады қасындағы тірі жанды.
                     Үсті-басы  - ақ қырау, демі суық,
                     Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
-    Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Шайтан: мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!

Шайтанның музыкасы)


Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.

Бәрі: Аяз ата, Ақша қар!

(Аяздың музыкасы)
Аяз ата: Ау, амансың ба ұлдарым,
              Ау, амансың ба қыздарым!
              Қандай жарқын жүздерің, 
              Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен  қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
              Халдеріңді білуге,
              Асулардан асып,
              Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!

Жүргізуші: Тамаша! Балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
«Шырша тойы» әні орындалады.


Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар,
               Ол да ренжіп қалмасын.
               Балаларым тілерім,
               Оған да бір ән сыйлаңдар.


Ән: «Жаңа жыл» 3А сынып


Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа. Өз кезегімде мен де сендерге  арнап әкелген көңілді сыйлығым бар.
 (Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.)


Ойын: Қарды жина.

Аяз ата:  Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.


Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар. Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.

Би: 3 А сынып

Ән: «Жаңа жыл» 4 а сынып

Жүргізуші:  Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін уақыты жақындап қалыпты.Қарсы алайық Жаңа Жылды.
Мешін жыл келеді қарсы алайық,
Көңілденіп күлейік шаршамайық.
Міне, Жаңа Жыл да келді.

(маймылдың музыкасы)


Мешін :Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.                                                                 
Уа құдайым оңдасын,
Қызыр бабам қолдасын.                                                              
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Ойға толып санамыз,

5-тік болсын бағамыз,
Баласындай бір үйдің,

тату босын арамыз.
Жамандыққа баспайық,

қиындықтан қашпайық,
Еркеліктен аулақ боп,

жаңа бір іс бастайық.
Келген Жаңа Жылымызда ақ тілектер орындалсын!Әумин.

Жүргізуші: Бәрі тамаша, тек шыршамыз неге жанбай тұр? Кәне бәріміз шыршаны жағайық.

Бәрі: Шырша, шырша жарқыра.
(Шыршаны жандыру .)
Жаңа жылдың құрметіне «Орманда шырша туыпты» әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей тілегімізді айтайық.
        Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!
        Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
        Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
        Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады. Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы  базарлықты сендерге таратып берсем балалар. (Сыйлықтарды таратады)

Сендермен қоштасатын сәт  туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Жүргізуші:  Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.