Пән: дүниетану Сынып: 1Б | Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Менің үйім |
Оқу мақсаты | Баспана түрлерімен танысу; «жайлылық» ұғымын түсіну; өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy. |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: баспана түрлерімен танысу; Оқушылардың басым бөлігі: «Жайлылық» ұғымын түсіну; Кейбір оқушылар: өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy. |
Ресурстар: | «Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй» тақырыбына таныстырылым, әртүрлі баспана суреттері (киіз үй, ағаш үй, лашық) презентация, киіз үй суреттері, ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы, үй құрастыруға геометриялық фигуралар түріндегі үлестірме парақшалар, киіз үй макеті. |
Құндылықтарды дарыту | Ұлттық мәдениетті құрметтеу, жақындарына, туыстарына, қамқор болу, тұрмыстағы ұқыптылық сияқты құндылықтар дамиды. |
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек, математика |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация |
Тілдік құзыреттілік | Баспана, мекенжай. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, , алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейік. БАРЛЫҚ ІСТЕ САҒАН СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН! РАХМЕТ! | Жұптасу |
| -Қане, есімізге түсірейік, қандай тақырып өттік? (Менің отбасым. Отбасындағы дәстүрлер) -Өткен тақырып бойынша қоятын сұрақтарым бар. -Менің қолымдағы не? (Геометриялық фигуралар) Атаңдар: үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек -Бұлар қандай фигуралар? (Жазық фигуралар) Ендеше, осы жазық фигураларда суреттер, сұрақтар бар. Соларға жауап беріп, оларды тақтаға жапсырамыз. Үшбұрыш:Отбасы дегеніміз......... Шаршы: Отбасы мүшелерін ата. Тік төртбұрыш:Отбасындағы дәстүрлерді атаңдар. Шаршы (терезе): Отбасыңмен атап өтетін мереке. Тік төртбұрыш (есік): «Сүйінші сұрау» деген не? Геометриялық фигуралардан не құрастырдық? (Үй) -Үй дегеніміз не? «Үй» сөзі латынның «домус» деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір сүретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені. Бүгін сен: | |
Сабақтың ортасы | Бұрынғы және қазіргі баспана. Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аудару. -Мына үйлер туралы не айта аласыңдар? қандай үй түрлерін білесіңдер? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтыру. Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде елді мекеннің табиғи жағдайы есепке алынады. Әр халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).  Хата Вигвам Хоган  Типи Пальясо Изба -Үйде өздеріңнің үйлеріңнің суретін салып келуді тапсырған болатынмын. Әр оқушы өз үйін сипаттайды. Оларды тақтаға іледі.  Мәтінді оқыту. - Киіз үйді қайдан көрдіңдер?. Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б. Бейне кілем төсеген Далада тұр киіз үй Аумай аппақ кеседен. Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілік еткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған. Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты кереге мен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді. Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады. Сен білесің бе? Оқушыларға мәтінді оқып беру. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіру. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал ететінін білуі қажет. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Презентация
Кесе
«Киіз үй» презентация |
Сергіту сәті | Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Киіз үйді құрайық.  | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма Аяқталуы | Балаға көмектес. - Бала неліктен өз портфелін таба алмай жатыр?. Оқушылар балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және «өзіне-өзі қызмет көрсету» ұғымдарын түсіндіру. Үйдегі жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жылы әрі ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі. Орындап көр. Оқушыларға түрлі түсті геометриялық фигуралардан үй құрастыруға тапсырма беру.  Анықта. Бұл айдар оқушылардың «мекенжай» ұғымы бойынша білімін анықтауға көмектеседі. Бұл тапсырманы сыныпта орындайды. Мекенжайлары жазылған қағазды таратып беріп, оны өздері құрастырған үйге жапсырту. Тапсырма оқушылардың өз мекенжайларын дұрыс айту дағдысын бекітеді.  Жұмыс дәптеріндегі тапсырма картографиялық қызмет дағдыларын дамыта түседі. Өз бөлмеңнің сұлбасын сыз. 20-жұмыс парағы | Оқулық, дәптерлер.
Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы | Сен не білдің? Сұрақтарға жауап бер Үй дегеніміз не? Отбасы дегеніміз не? Қандай отбасылық дәстүрлер бар? Үйдің қандай түрлері болады? «Үйдегі жайлылық» ұғымы нені білдіреді? Оқушыларға сөйлемдерді толықтыруға тапсырма беру. Үйлер ............................ болады. Ерте заманда қазақтар .................. тұрды. Жайлылық – бұл ...................................................... | | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайликтер арқылы бағалау.    | смайликтер |
Бағалау | Оқушылар – үйлердің көптеген түрлері болатынын; – қазақтардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй екенін; – үй ішіндегі жайлылық туралы; – үй мекенжайын дұрыс жазу реті туралы білді; Оқушылар – ертедегі және қазіргі үй түрлерін салыстыруды; – өз бөлмесін сипаттауды; – өз бөлмесінің сұлбасын сызуды үйренді. | Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, математика Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сергіту сәті АКТ. Презентация Құндылықтармен байланыс (тәрбие) Ұлттық мәдениетті құрметтеу |
Қорытынды бағамдау | Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |