СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жаңаша мектепке-қазіргі заманғы ұстаз" эссе

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімдердің қазіргі заман талабына сай болуы керек. Үш айлық курстың берері көп.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңаша мектепке-қазіргі заманғы ұстаз" эссе»

«Жаңаша мектепке –қазіргі заманғы ұстаз»
«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал

оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады»

(К. Д. УШИНСКИЙ)

Мен бүгінгі таңда білім беру саласында 11 жыл еңбек етіп келемін. Бұл аз ба, көп пе, бірақ мен үшін ұмытылмас, қызықты жылдарым.
Әр бала бір әлем ғой. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін сезінемін. Сондықтан да менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым да өте жоғары. Бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы дәл осындай. Педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілікпен жетілдіруге болатынына еңбек жолымда көзімді жеткіздім. Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Бала жанын түсіну,оған өміріне қажет білім беру,саналы азамат етіп тәрбиелеу әрбір ұстаздың қоғам алдындағы жауапкершілігі деп білемін. Жаңа қоғамға жаңашыл ұстаз тәрбиелеу мақсатында жаңа міндеттерді жүзеге асырып жатқан бұл үш айлық курстан үйренгенім көп.Сергіту сәттерінен топқа бөлу,тағы түрлі топқа бөлу әдістерін түрленіп өткіземін. Әр күн сайын жаңа топпен жұмыс жасағанда оқушыларды жақыннан танып,күнде жаңа идеяларға куә болдым. Тапсырмаларды әр түрлі флипчарттармен орындау барысында топта талқылаулар жүргіздік. Сабақтар құрылымының дәстүрлі түрден айырмашылығы үнемі топпен, жұппен жұмыс істеуде. Топта бір-бірінің идеяларымен бөлісіп,оқушы өз ойын топқа еркін жеткізе біледі. Бұл ынтымақтастықпен жұмыс жасау барысында балалар проблемаларды шеше білуге үйренумен бірге бірлесе отырып өзіндік көзқарас қалыптастырады,оқушы өзін танытуға мүмкіндік алады.

Мұғалім неліктен өзгеру керек? Мінсіз оқушы қандай болу керек? Әр ұстаз білім беріп жүрген оқушыларының мінсіз болғанын қалайды.Сол мінсіз баланы тәрбиелеу үшін мұғалім де үнемі даму үстінде болу керек.Шетел мемлекеттерінің баланың мақсатқа бағытталған және тез тіл табысатын қасиеттері барынша маңызды деген мәліметтері қызықтырды.Осындай болжауларға қарай отырып мен өз елімізде балаға қалай назар аударылатынына көз жүгірттім. «Тәрбие басы-тал бесіктен» деген бабаларымыздың дана сөзінің мағынасы тереңде жатыр.Ата-ананың өз ұрпағының тәрбиесіне аса көңіл бөлуі оның дұрыс азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.Тәрбиелі,білімді адам ғана өз мақсатына жете алады деген түсінігімізге өзгешелік енді.Бүгінгі таңда баланы қарым-қатынас жасай білуге көп үйрету қажеттігін ұғындым.Сыныптағы диалог менің пәнім үшін өте тиімді деп ойлаймын.Диалогтік әңгімелердің түрлерін сабақта тиімді қолдануға тырысамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы маған таныс технология болғандықтан оның курстағы ерекшелігін табуға тырыстым. Сыни тұрғыдан ойлау баланың берілген тапсырманы талқылау нәтижесінде сыни көзқарас қалыптастырады.Сын тұрғысынан ойлаудың ережесінде бала үнемі жұппен жұмыс жасайды,ал бұл жерде ол ереже болмайды.Әр топта оқушы санының қандай болуы маңызды емес.Ол топқа берілетін тапсырмаларға байланысты болады екен.Бағалаудың көптеген түрлеріне тоқталдық.Біз дәстүрлі сабақта баланың мүмкіндіктерін ескермей ортақ бір бағамен тоқталушы едік.Енді формативті және жиынтық бағалау түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы ынтасын жоғарылатыды деп ойлаймын. Өзгенің жетістігін бағалау балалар үшін қызықты.Оқытуда АКТ пайдалану жолдарын дұрыс ұғындым.Дәстүрлі сабақта интерактивті тақтадан балаларға мәлімет қана көрсетіп отырсақ бұл модульде оның түрлі жақтарын жүзеге асыруға болады.

Курстан алғаным мен үшін көп болды.Алдағы тәжірибемде дұрыс қолдана аламын деген сенімдемін. Әрқашан мектеп көшбасшысы болып,оқушыларымды да соған жетелеуге тырысамын.