Жаңашылдық- заман талабы.
Шымболат Айсұлу Құдайбергенқызы
Қобда ауданы «Талдысай орта мектебі» ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі мектепте мұғалімдерге қойылған жаңа технологияны ғылыми түрде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мәселесі қолдау табуда. Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдап жатады. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екіндігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады. [1, 5-б] Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Сондықтан өзімнің тәжірибемді жетілдіру, арттыру және кәсіби даму мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия» курсына келіп, көптеген жаңалықты естіп, жан-жақтан келген әріптестермен тәжірибе алмастым. Мен өзім базалық курстан 2012 жылыдың сәуір айында өттім. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолданамын. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Білім берудегі деңгейлік оқыту бағдарламасының теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері –7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.
Осы курсқа келгенімде менде бір үрей болды: қайда келдім, не білемін, не үйренемін, әріптестеріме оны қалай үйретемін? «Тренер деген кім?» - деген сұрақты қоя отырып, оқып, білім алғаннан кейін, «Мінсіз тренер» кім деген сұраққа былай жауап берер едім. Ол – өз тобындағы мұғалімдерді оқуға ынталандырады, оларға оқу мен дамуға қолдау көрсетеді, өз бетінше оқу және зерттеу жүргізеді, өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды тиімді жүргшізеді. [1,9-б] Бағдарламаның мазмұнымен таныса отырып, білімімді жетілдірдім, бірақ әлі де көп оқып, көп іздену қажет екенін түсіндім. Тренер үздіксіз ізденіс үстінде болатынын нақты түсіндім. Осы Бағдарлама жалпы білім беру ұйымдарының кәсіби дамуға қолдау көрсету мақсатында әзірленген және де мектеп тәжірибесін дамытуда ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың өткен мұғалімдердің әлеуетін толыққанды пайдалануды көздейді. [1, 7-б]
Тәжірибе жүзінде іске асыру және жоспарлау сатысында топта коучингтер өткізе отырып, оқу жоспарының әріптестерге тиімділігін білдім. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді, тренингтер, топқа бөлу тәсілдердін бұрын да өз тәжірибемде қолданатынмын, бұл жолы жаңа әрі ерекше түрлерін үйрендім. Өз тәжірибемде қолдана отырып, мектептегі әріптестеріммен бөлісемін.
Осы курста өз білімімді жетілдіру мақсатында менталдық карта, SWOT, кері дизайн әдістерінің пайдасы зор екен білдім.
Бағалау – бір нәрсенің маңызды құндылығын анықтау мақсатында пайдаланылады. Жұптық жұмыста өткізілетін коучингтердің ықшам жоспарын жасадық. Менің ойымша, бұл коучинг жоспары алдағы уақытта өзіміздің тәжірибемізде зор пайдасы болады деген ойдамын. Курстың маңыздылығы оқытудың тиімді бөлігі болып табылады.
Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп текке айтпаған. Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда болсын, жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. ал мұғалім үнемі өзгеріп отырса, жаңалыққа жаны құмартып, оны тәжірибеде пайдаланып, басқалармен бөлісіп отырса – нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге дайын маман ретінде таныту үшін қажет. [1, 401-б]
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деген болатын халыққа жолдауында. Ендеше ұрпақ тәрбиесі қолымызда тұрғанда неге біз салғыр оқытуға тиіспіз. Президент көтерген тұғырдан нық орын тауып, қазақ халқының өркендеп, өсуіне үлес қосайық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 «Бастауыш-білім негізі» ғылыми-әдістемелік журнал шілде 2016ж
2. «Бастауыш мектеп» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал қаңтар2014ж
3..Деңгейлі бағдарлама бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігінарттыру курстарындағы оқыту үдерісінде «Бірлескен ортаны құру». Астана 2015ж
4. Педагогикалық рефлексия. Астана 2015ж
Просмотр содержимого документа
«Жаңашылдық-заман талабы (баяндама)»

Қобда ауданы
Талдысай орта мектебі
Әдебиеттік оқу
3-класс
Тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын.
(грузин ертегісі)
Шымболат Айсұлу Құдайбергенқызы
Қобда ауданы «Талдысай орта мектебі»
ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.
2016-2017 оқу жылы