Ұйымдастырушылық ізденістік.
Рефлексиялық түзетушілік. | Шаттық шеңбер: Балалар біз қазір әдемі шеңбер құрып бүгінгі күнге алғысымызды білдіріп,бір-бірімізге жылы лебіздер айтып,шаттық сыйлайтын боламыз,сөйтіп көніл-күйімізді бір көтеріп аламыз. (Аспан ашық болсын, күлкі көтеріңкі,көніл күй, шаттық мол болсын, ауырмайық т.с.с.) Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жаңбыр тамшылары» Тәрбиеші: Мен сендерге жұмбақ жасырам сендер шешуін тауып көріндер. - Тақтадағы суретке мұқият қарандаршы, бұл не -Түсі қандай Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі Қәне, тындап көрейік. Тәрбиеші үстел үстін саусақтармен тарсылдатып жаңбыр дыбысын бейнелейді. -Ой, жаңбыр құйып жауып кетті. Көркем сөз оқу. Жауын-жауын-жауады Бәрін суға малады. Біз қарындаш аламыз Тамшыларды саламыз. -Жаңбыр жаумас бұрын, алдымен аспанда не пайда болады. - Олай болса қағаз бетіне алдымен бұлтты салып аламыз. Бұлт қоюланғанда түсі сүр болады. Енді жаңбыр тамшыларын қағазға былай түсіреміз (салу тәсілін көрсетеді).Губканың бір бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреді.Қылқаламмен сүйкей жағып, дақтар түсіру тәсілімен де орындауға болады.Қағаз бетіне біркелкі шашырата салуларын қадағалайды. Жұмыстарына басшылық жасйды, аяқтаған жұмыстарын ауызша бағалайды. Сергіту сәті Бала-бала балақан, қане қайсы аляқан, Саусақтарым әйбат, былай –былай ойнат. Тәрбиеші балалардың салған суреттеріне баға береді. Балалар қазір сендер бір-бірінің салған суреттеріне баға бересіндер. Балалар бүгінгі сабаққа бәрін өте жақсы қатыстындар. Суреттіде дүрыс салып көрсете алдындар. Барлықтарын суретші екенсіндер. | Балалар шаттық шеңберге тұрады Бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
Балалар жүмбақтың Шешімін табады.
-Бүгін күн салқын Жаңбыр жауып түр. Аспанды бұлт торлаған.Күн бұлттанса жаңбыр Жауады. -Бұлт. Түсі көк. -Тырыс-тырыс еткен дыбыс шығады. Балалар жаңбыр Тамшылары тыңдайды.
-Тырыс-тырыс Тамып тұр.Балаларөздеріде апайдың әрекетің қайталап жасап көреді -Бұлт пайда болады. Балалар суретін салуга кіріседі. Сұр түске бояиды.Балалар өздері жаңбыр тамшыларын бейнелеу үшін сүйкей жағу тәсілімен немесе бастыру арқылы дақтар түсіреді.
Балалар өздерінің енбектері туралы әнгімелеп береді,достарыңың салған суреттерін тамашалап баға береді. |