СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазір педагогика жаңалықтарын қолданылып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай пайдалана білу оқытудың мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Өз тәжірибемізде алдымызға қойған мақсатымыз студенттің сабаққа деген өзіндік қызығушылығын арттыру, ынта-қабілетін арттыратын жағдай туғызу, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту. Қазір педагогика жаңалықтарын қолданылып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай пайдалана білу оқытудың мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Өз тәжірибемізде алдымызға қойған мақсатымыз студенттің сабаққа деген өзіндік қызығушылығын арттыру, ынта-қабілетін арттыратын жағдай туғызу, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту»

Астана қаласының білім басқармасы «Гуманитарлық колледж» МКҚК

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы


ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ


Дюсекеева Айжан Абетовна

Мектепке дейнгі жеке

әдістемелер оқытушысы


Кусаинова Айгуль Амангельдиновна

Мектепке дейнгі жеке

әдістемелер оқытушысы



Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. оқытушылар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі - сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан тұлға қалыптастыру. Тұлға- қалыптастыруда - оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Инновациялық технология бойынша оқыту білімді меңгертуге емес, жеке әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, субъектінің өзіне тән жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін назарға алып дамыту – басты міндеттердің бірі. Асхат Әлімов инновациялық технологияларға интербелсенді оқу/оқыту деген атау береді. Интербелсенді оқу дегеніміз – өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни үйретуші-үйренуші, үйренуші-үйренуші, үйренуші-өзімен-өзі форматтарында жасаған қарымқатынас (әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттері). Өзара бірлескен әрекетке құрылған бұл оқыту  технологиясының  тиімділігі шәкірт өзі ғана үйреніп қоймай, оны басқаға түсіндіре білу деңгейіне жетеді. Құрастырылған білім (конструктивизм) іздену, тану және ойтолғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекетттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды игеру сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекетттер арқылы зерттейді.

Қазір педагогика жаңалықтарын қолданылып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай пайдалана білу оқытудың мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Өз тәжірибемізде алдымызға қойған мақсатымыз студенттің сабаққа деген өзіндік қызығушылығын арттыру, ынта-қабілетін арттыратын жағдай туғызу, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, студенттердің оқудағы іс-әрекеті арқылы оқу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуда бірлесе әрекет ету.

Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы мақсат, міндеттерді іске асырады. Сын тұрғысынан ойлау студенттің өзіне сенімділігін; әртүрлі ортада өзін еркін ұстауын; топтағы өзара көмекті; тілдік құзіреттілігін; мәтіндегі мәселелерді байланыстырып, салыстыруын, тірек сөздерді таба білуін; іскерлік дағдыларын; өз бетімен ізденісін дамытады.

Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, колледждеде енуде.

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ұйымдастырылған 3 - күндік курстар өткеннен кейін әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып жұмыс жоспары құрылды. Арнайы «Фокус топ» ұйымдастырылды, әр қайсында модераторлар тағайындалды, бұйрықпен бекітілді.

Ұйымдастыру бойынша оқытушылар мақсатты түрде зерттеумен айналысты және өздерінің сабақтарында тәжірибе ретінде еңгізді.

Жұмыс барысында бізде біраз сұрақтар туындаған болатын.

«Фокус-топ» құрамына мектепке дейінгі және шығармашылық бірлестігінің 4 оқытушылары кіреді.

№ п \п Оқытушылар аты -жөні Лауазымы
1
Дюсекеева А.А.
Мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер оқытушысы
2 Койшыманова А.М. Мектепке дейінгі пәндер оқытушысы
3
Кусаинова А.А. Мектепке дейінгі жеке әдістемелер оқытушысы
4 Муталипова Н.Б. Мектепке дейінгі жеке әдістемелер оқытушысы

Оқытушыларының алдында мынадай міндеттер тұрды:

  1. Студенттерді зерттеу және бақылау;

  2. Бір топ студенттерінің оқу іс -әрекетін бақылау;

  3. Арнайы оқу процесін басымдығын байқау;

  4. Жалпы оқу процесінің мазмұнын бақылау.

Мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер оқытушысы Дюсекеева А.А. мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы, 217кг тобымен психология пәнінен 3 сабақ өткізді:

  1. «Сөйлеудің түрлері»

  2. «Темперамент туралы жалпы түсінік. Темпераментің физиологиялық негізі»

  3. Мінез туралы түсінік. Мінездің типтік және даралық қасиеттері.

Ұйымдастыру кезеңі, Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары

Тренинг «Сергіту сәті»

1. Қол ұстасып амандасыңыз;

2. Құшақтасыңыз;

3. «Заряд алу» - 3 рет толқын жасау;

4. Бір әннің қайырмасын айтып беріңіз

Білімдерін тексеру Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.

«Бір минуттік әңгіме» тәсілі арқылы студенттер қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген «Темперамент туралы түсінік, темперамент түрлері» тақырыпты айтады, өз ойларымен бөліседі.

Топты жұптастыру, «Шахмат» әдісі бойынша бос ақ ұяшықтарды (32 ұяшық) сұрақтарға жауаптар арқылы толтыру:

Анаграмманы шешу арқылы дәйексөзді табу, тақырыпты ашу.

Психологиялық процесстерді анықтау әдістеме бойынша тест өткізу

«Реттік сан 1,2,3,4» әдісі арқылы 4топқа бөлу

«Өсу шәкілі» карта- жаңа тақырыпты қаншалықты денгейде түсінгенін анықтау.

топпен жазбаша шығармашылық, жұмыстарды орындау, кітаппен жұмыс

«Галереяны шарлау» әдісі

Тірек- сызба бойынша постерлер әзірлеу

1-топ – 4-топ

Студенттер кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талқылайды, жапсырма қағаздарға сұрақтар немесе пікірлерін жазады, шолу жасайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Әр топтың өкілдері өз жұмыстарымен таныстырады, постер қорғайды.

Тақырыпты бекіту

«Өсу шәкілі» карта, әрі қарай сергіту сәтін өткізу «БЭКРОНИМ» әдісін қолданылды
Сөзде берілген әр бір әріптер арқылы мағыналы сөйлем немесе топтың қасиеттерін анықтайтын сөздер құрастыру керек, сөздер бастапқы әріптермен басталуы тиіс. Рефлексия барысында Студенттерді параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Әр сабақтан кейін "бақылаушылар" тобы өздеріне белгілеп алған студенттерді бақылауын пысықтап, сабақты талдады.

Бақылаушылар «+» және «-» критерияларына оқытушы мен студенттердің іс әрекетін жазды, зерттеу сабақтың кестесін толтырды және әліде сабақты жақсартуға болады деген ұсыныстар айтылды.

Сабақ құрылымы бойынша әр түрлі әдіс- тәсілдер қолдана отырып топтарға бөлінді, әрі қарай тапсырмалар берілді.

Үй тапсырмасын сұрау барысында топтастыру стратегиясы арқылы қызығушылықты оятуға талпыныс жасадық. Бұл жұмысымыз студенттерді үйге берілген тапсырма негізінде 4 топқа бөлу арқылы жүзеге асырылды. Әр топтың мүшелері сабаққа толық қатысып, өзге топтардың сұрақтарына жауап берді.

Әр топтың мүшелері өз тапсырмаларын тақтаға шығып белсенділікпен қорғай білді. Әрбір топтың топ басшылары бағалау бетшесіне топқа бөлінуден бастап бағалауды орындайды. Бағалау критерийлері топтағы студенттің тақырыпты аша білуі, сөйлеу шеберлігі, таныстырылымның безендірілуі, сұрақтарға жауап беруі, белсенділігі негізінде жалпы бағасы шығарылады, топ басшысы сабақ соңында бағалауға түсініктеме береді.

Шығармашыл, ізденімпаз, танымы кең тұлға қалыптастыру – қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі, оның жолы – студенттің танымдық ізденісін тиімді ұйымдастыру. Осы тұрғыда студентпен әртүрлі тапсырмалар орындауға болады. Ендігі кезекте жаңа сабағымызға көшу үшін «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы алдын-ала дайындалған слайдтар көрсетіледі. Студенттерден тақтаға назар аударып: экрандағы суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауларын сұраймын. Содан кейін «Интервью» стратегиясы арқылы сұрақтармен жұмыс істеймін.

Бағалау: әр студенттің берген жауабын объективті түрде талдау. Топбасшылары өз тобындағы студенттердің бүгінгі сабақтағы алған бағаларын айтып береді. (Мұнда неліктен, неге?) сұрақтарға жауап беретіндей, бағаларды  дәлелдеп шынайы, нақты бір-бірін бағалайтын болады.

Топтық жұмыс студенттерге бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырып қана қоймай, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Топқа бөлініп бірлесіп жұмыс жасау-ынтымақтастықты қалыптастырудың бір жолы. Сол себепті күнделікті сабақтарда студенттерді топқа бөліп отырғызуды қалыптастыру керек. «Жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,демекші.

Сабақта топпен орындалатын тапсырмалар жиі берілу керек. Мысалы, постер дайындау, мәтін беріп бір-біріне түсіндіру, «Велосипед» әдісі бірлесіп топта талқылау  т.б. Осындай тапсырмаларды орындау барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығы оянып, шығармшылық белсенділіктері артып,  әр берген жауабына ұпай жинау арқылы, сабақ соңында топ басшысының бағалауына әсер ететінін біліп, сабаққа белсене қатысуға барынша талпынып отырады. Топ мүшелерінің кезекпен сөйлеуі бұрын сабаққа көп қатыспайтын студенттердің де назардан тыс қалмай ашылуына септігін тигізеді. Топпен бірлесе жұмыс жасау барысында студенттер алған білімдерін қорытындылай, талдай, жүйелей отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Өз бетінше және бірлесе жұмыс істеу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік, дағдыларын қалыптастырады, тілдік құзіреттіліктерін арттырады.

Бақылай отырып, студенттердің іс әрекетіне мынадай тұжырымға келді:

- студенттер жандандырылды, ойлағыштық қызметтері жақсарды, барлық студенттер жұмыс жасайды. Студенттер белсене қатысады.

Сабақтың жақсы жақтарын атап өтсек: оқытушы әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып топтарға бөлуі.

Рефлексия кезеніңде студенттердің эмоционалдық жай-күйін басында және сабақ соңында қандай болғаны көрінді, яғни сабақтың басында смайликтерді таңдау ұсынылды содан кейін сабақ соңында басқа смайликтерді тандап алды, студенттердің жалпы көңіл күйлері көтереңкі болды.

Бақылаушылардың тұжырымы бойынша, сабақ өз мақсатына жетті.

Яғни студенттер: ажыратады, атай алады, топтастырады, салыстырады, шешім қабылдайды, жіктейді және т. б..

Сондай-ақ Бақылаушылар студенттердің постерлерді қорғау барысында олардың баяндамасы жүйелі және мазмұнды болғанын атап өтті. Басқа да топтар өзге топтар постерін бағалай алғанын бақылаушылардың оң пікірлерін тудырды.

Бақылаушылар бақылауға алынған үш студенттерді зерттеп, анықтады:

А студент – өте белсенді және құмарлық танытады. Ол зияткерлік байқауларға қатысқысы келетінін айтты. Көшбасшылық қасиеті басым. Өзінің ойын анық, айқын, толық жеткізе біледі.

Ә студент –өте жақсы жұмыс жасады, топта бірден қиын тапсырмаларды алды, топта мінез-құлқы тыныш, бірақ жауап айтқанда студенттер аяқ асты сұрақтар қойған кезде, бірден жауап беруге қиындыққа соққаны сезілді, шапшандылығы аз етті. Кейде сабақ кезінде немесе үй тапсырмасын орындау барысында оған көмек қажет.

Б студент - танымдық белсенділігі орташа деңгейде. Барынша ынтасын салады, бірақ өздігімен сабақта дербестік танытпайды, біршама қиындықтары бар жоқ, көп жағдайда жабырқаулы.

АӘБ студенттерден басқа жалпы топ студенттердің сабаққа белсене ат салысқаны қызықтырды. Топта тапсырмалар берген жағдайда студенттер жұмыла жұмыс істеді, талқылады, бағалады, бір пікірге келіспей дауға салғандары да болды.

Бұндай нысандағы сабақтар студенттерге өте ұнайды.

Сондай- ақ «-» атап өтті, миға шабуыл кезінде студенттердің белсенділігі аз, постер қорғау кезінде уақытты сақтай алмағандары да болды.

Жалпы оқытушылар үшін бір тәжірибе алмасу сабағы болды.

Сабақты бақылау қорытындысы бойынша ұсыныстар:

1. Студенттердің постер қорғау кезінде араласпауға, өз ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру.

2. Постерлер қорғауда белгілі критерийлері болуы тиіс

3. Сабақтың әр кезеңінде рефлексиянын болуын ұсынды.

Жалпы өз жұмысымды, іс әрекетімді мұқият жоспарлауды қолға ала отырып, 3күндік курста алған теориялық білімдер мен ресурстартар көмектеседі деген ойда. Және тізбектелген сабақтар принципі бойынша орта-мерзімді жоспарлауды көздеп отырмын.

Бақылау кестесі:

Студенттер

Бақылаудың басында

Бақылаудың соңында

А

Өте белсенді және құмарлық танытады. Ол зияткерлік байқауларға қатысқысы келетінін айтты. Көшбасшылық қасиеті басым. Өзінің ойын анық, айқын, толық жеткізе біледі. Бірақ топтас студенттермен көп жағдайда дауласады өз пікірінен қайтпайды.

Әлі де белсенді, әр тапсырманы мұқият орындайды. Ойының ұшқырлығы байқалады. Сонымен қатар көшбасшылығы басым. Үйренгені топтас жолдастарына көңіл бөліп, мен мендігі басылды, олармен тіл табыса алады.

Ә

Пән бойынша жақсы білімі бар, жауапты, жақсы жұмыс жасады, топта бірден қиын тапсырмаларды алды, топта мінез-құлқы тыныш, бірақ жауап айтқанда студенттер аяқ асты сұрақтар қойған кезде, бірден жауап беруге қиындыққа соққаны сезілді, шапшандылығы аз етті. Кейде сабақ кезінде немесе үй тапсырмасын орындау барысында оған көмек қажет, қарапайым. Өздігімен, жеке жұмыс жасағанды ұнатады.

Барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды, белсенді қатысады, көшбасшылыққа ұмтылысы бар. Топпен бірлесе жұмыс атқарады, өзіне сенімді. Шапшандылық танытады.

В

Ойы ұшқалақ, бірден оқу үрдісіне сіңісе алмайды. Кейде сабақта басқа іспен айналысып отырады, ол үшін сабақ қызық емес. Барынша ынтасын салады, бірақ өздігімен сабақта дербестік танытпайды, біршама қиындықтары бар жоқ, көп жағдайда жабырқаулы.


Белсенділігі арта түсті, Өз ойын жинақтады, өз пікірін дұрыс анық жеткізеді. Топтық, бірлескен жұмысқа қірісті. Сабаққа деген ұмтылысы арта түсті. Көңіл күйі көтереңкі



Қорыта айтқанда, әрбір сабақта оқыту технологияларын пайдалану арқылы студенттер бірлесе жұмыстануда өз ойымен қатар өзгенің де ойымен санаса отырып, бір-біріне түсіністікпен қарауды үйренеді, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін жетіле түседі.

Ұжыммен бірлесе еңбектеніп, өздерінің осы жұмысқа өз үлесін қосқандығын сезінгендері олардың қандай да болмасын жетістікке жеткендігін аңғартады.


Қoлдaнылғaн әдебиетттер:

  1. Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұсқayлық. Үшінші (негізгі) деңгей /. 3 басылым. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2012 – 306 б;

  2. «Жаңаша оқыту – заман талабы» Ғ.Сұлтанова, З. Сатқаева, Алматы, 2011 -7-17бб

  3. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011ж -45б

  4. «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» «Қазақстан мектебі»журналы №3, 2012ж- 18б.

  5. 370 әдіс