Сабақ "Балалар аурулары" пәнінен "Емдеу ісі" мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.
Сабақтың мақсаты:нәрестелер ауруларының себептерін, клиникалық симптомдарын, диагностикасын, емдеу принциптерін оқып зерттеу, нәрестеге реанимациялық шараларды өткізудің негізгі принциптерімен танысу.
Просмотр содержимого документа
««Жаңа туылған нәрестелердің ОЖЖ зақымдануы»»
Орал «Мақсат» медициналық колледжі ЖМ
БЕКІТІЛДІ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
__________________Трушкова М.И.
Ашық сабақтың әдістемелік жасалымы
Тақырыбы: «Жаңа туылған нәрестелердің ОЖЖ зақымдануы»
Балалар аурулары пәнінен
III курста білім алушыларға арналған
0301000«Емдеу ісі» мамандығы бойынша

ҚАРАЛДЫ | | ҚҰРАСТЫРДЫ |
№4 циклдік әдістемелік комиссия отырысында | | |
| | Сулейменова Д.Ж. | |
| | |
Хаттама | № | | | | | |
| | |
« | | » | | 2018 ж. | | |
ЦӘК төрайымы Сайгакова В.М. | | |
МАҚҰЛДАНДЫ Колледж әдіскері Коцелл С.О. | | |
| | |
2018 ж
Тақырыбы: Жаңа туылған нәрестелердің ОЖЖ зақымдануы. (Нәрестенің тұншығуы, нәрестенің гемолитикалық ауруы, босану жарақаттары.)
Өткізілген уақыты: 06.04.2018 ж.
Пән: Балалар аурулары
Мамандық: Емдеу ісі
Сабақ типі: біріккен сабақ
Сабақтың түрі: презентациялық сабағы , жаңа тақырыпты түсіндіру және меңгеру
Оқыту әдістері: интерактивті оқыту әдісі
Сағат саны: 2
Мақсаттары:
Оқу:
Нәрестелер ауруларының себептерін, клиникалық симптомдарын, диагностикасын, емдеу принциптерін оқып зерттеу.
Тұншығу кезіндегі нәрестенің жағдайын (тұншығу дәрежесін) бағалай білу.
Нәрестеге реанимациялық шараларды өткізудің негізгі принциптерімен танысу.
Нәрестенің гемолитикалық ауруы және босану жарақаттары кезіндегі нәрестені тамақтандыру және күтім ерекшеліктерімен танысу.
Балаларда жеке бастың гигиенасын тәрбиелеу машықтарын бекіту.
Тәрбиелік:
оқушыларды жұмыс алдындағы жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.
этика және деонтология қағидаларын қолдана отырып тәртіптілікке тәрбиелеу.
науқас балаға сабырлылықпен, мейіріммен қарап, анасымен тіл табыса білу.
нәрестелердің дұрыс күтімін ұйымдастыру қажеттілігін түсіну.
Дамытушы:
сабақ кезінде алынған білім тәжірибелік жұмыста қолданылып, балаларды сауықтыруға бағытталуы тиіс.
пәнаралық байланысты көрсете отырып зерттеу және емдеу әдістерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын айқындау.
Пәнаралық байланыс:
Қалыпты анатомия, қалыпты физиология,жалпы хирургия, терапия, фармакология.
Пәнішілік байланыс: ренимациялық шараларды өткізуге арналған құрал-жабдықтар және медикаментозды препараттар, нәрестелер күтіміне арналған заттар мен медикаментозды препараттар, бұлшықетке инъекция жүргізу үшін арналған инструментарий, асептика және антисептика.
Сабақтың материалдық техникалық жасақталуы:
Көрнекі құралдар: слайд презентациясы, нәрестелер күтіміне арналған заттар, электросорғыш, Амбу қапшығы және маска, дәрілік препараттар.
Негізгі әдебиеттер:
«Балалар аурулары», Мәскеу -1987, В.П.Святкина , Н.П.Кудрявцева.
«Педиатриядағы мейірбикелік іс» Ақтөбе-2011, Түсіпқалиев.Б.
«Педиатриядағы мейірбике ісі», Қарағанды-2014, Кнашина С.А, Блялова А.А
Қосымша әдебиеттер:
«Балалар ауруларының пропедевтикасы» ,Қарағанды-2012, Баймуханбетова Б.Н, Садвакасова М.А.
«Педиатрия»», Алматы-2005, Хабижанов Б.Х, Хамзин С.Х.
«Балалар аурулары», Мәскеу-2015, Баранов А.А, Тукбекова Б.Т.
«Пропедевтика детских болезней», Фолиант, 2000,Мазурин А.В, Воронцов И.М.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру сәті - 2 минут.
Меңгерілген білімнің көкейтестілігі – 15 минут.
Жаңа материалды оқу - 50 минут.
Оқылған материалды бекіту - 20 минут.
Сабақты қорытындылау - 3 минут.
Сабақтың сатылығы:
І. Ұйымдастыру сәті-2 мин.
Оқытушы аудиторияның, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілейді.
ІІ. Меңгерілген білімдердің көкейтестілігі-15 мин.
Оқытушы алдыңғы тақырыпты қайталау және оқушылардың материалды толық меңгергенін анықтау мақсатында оқушыларды ауызша түрде сұрастырып шығады:
«Балалардың қанайналым және қан түзу жүйелерінің, зәр шығару және эндокринді жүйелердің анатомиялы-физиологиялық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары:
Қан және оның құрамы?
Қан түзу мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
Қанның негізгі қызметтерін атаңыз?
Эритроциттер және олардың негізгі қызметін атаңыз?
Гемоглобин және оның негізгі түрлерін атаңыз?
Жаңа туған нәрестедегі эритроциттер мен гемоглобинің деңгейі?
Емшек жасындағы балалардағы эритроциттер мен гемоглобинің деңгейі?
1 жастан асқан балалардағы эритроциттер мен гемоглобинің деңгейі?
Лейкоциттер және олардың қандай түрлері бар?
Лейкоциттер қандай қызмет атқарады?
Әр түрлі жастағы балаларда лейкоциттердің деңгейі?
Тромбоциттер және олар қандай қызмет атқарады?
Әр түрлі жастағы балаларда тромбоциттердің деңгейі?
Жаңа туған нәресте қанының негізгі ерекшеліктерін атап кетіңіз?
Емшек жасындағы бала қанының негізгі ерекшеліктерін атап кетіңіз?
1 жастан асқан бала қанының негізгі ерекшеліктерін атап кетіңіз?
Жаңа туған нәрестенің жүрегінің салмағы және оның әрі қарай өсуі?
Пульс және оның негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
Балаларда тамыр соғысын есептеу қалай жүргізіледі?
Әр түрлі жастағы балаларда тамыр соғысының жиілігі?
1 жасқа дейін систолалық қан қысымы қалай өзгереді?
1 жастан 5 жасқа дейін систолалық қан қысымын қалай анықтайды?
5 жастан кейін систолалық қан қысымын қалай анықтайды?
Балаларда қан қысымын өлшеу қалай жүргізіледі?
Балалардағы бүйректің негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
Қуықтың негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
Несепағар түтігінің негізгі ерекшеліктерін атаңыз?(ер балаларда, қыз балаларда)
Балалардағы зәр шығарудың негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
Эндокринді жүйенің негізгі қызметі және оған қандай бездер жатады?
Гипофиздің негізгі қызметтері?
Эпифиздің негізгі қызметтері?
Қалқанша безінің негізгі қызметтері?
Айырша бездің (тимус) негізгі қызметтері?
Бүйрек үсті бездерінің негізгі қызметтері?
Ұйқы безінің негізгі қызметтері?
Жыныстық бездерінің негізгі қызметтері?
ІІІ. Жаңа материалды оқу- 50 мин.
Оқытушы интерактивті тақта, видеоматериалдарды және көрнекі құралдарды қолдану арқылы жаңа тақырыпты келесі сұрақтарға бөліп түсіндіреді:
Тұншығу (асфиксия) анықтамасы.
Тұншығудың негізгі себептері.
Тұншығу патогенезі.
Тұншығу кезінде Апгар шкаласы бойынша нәрестенің жағдайын бағалау.
Тұншығу дәрежелері.
Тұншығу кезінде Апгар шкаласы бойынша нәрестенің жағдайын бағалау.
Асфиксия кезінде нәрестелерге реанимациялық шаралар өткізудің негізгі этаптары.
Асфиксияның негізгі алдын алу жолдары.
Босану жарақаты туралы түсінік.
Босану жарақатына әкелетін қауіп факторлары.
Босану жарақаттарының жіктелуі.
Босану ісігі, кефалогематома туралы түсінік, негізгі клиникалық белгілері.
Бас сүйек ішілік босану жарақаты туралы түсінік.
Бас сүйек ішілік босану жарақатына әкелетін қауіп факторлары.
Негізгі клиникалық кезеңдері.
Емдеу принциптері.
Босану жарақаттарының негізгі алдын алу жолдары.
Нәрестелердің гемолитикалық ауруы туралы түсінік.
Патогенезі.
Нәрестелердің гемолитикалық ауруының негізгі клиникалық түрлері.
Емдеу принциптері.
Нәрестелердің гемолитикалық ауруының негізгі алдын алу жолдары.
ІV. Оқылған материалды бекіту- 20 мин.
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқытушы оқушыларға графологиялық диктант жаздырады, оқушылар жазып болғаннан кейін, оның жауаптарын слайд ретінде тақтаға шығарып талдайды :
Гипоксия – бұл тіндердің оттегінсіз ашығуы.
Иә Жоқ
Орташа дәрежелі асфиксияда Апгар шкаласы бойынша бағалау 1 минутта – 0-3 баллға тең.
Иә Жоқ
Блок А ұзақтығы – 50 секунд.
Иә Жоқ
Өкпені жасанды желдету жиілігі минутына 30-50 рет болуы керек.
Иә Жоқ
Нәтиже болмаған жағдайда реанимациялық шаралар 30 минуттан кейін тоқтатылады.
Иә Жоқ
Қан тамырларында тікелей емес билирубиннің жиналуы сарғаюдың дамуына әкеледі:
Иә Жоқ
Нәрестеде гемолитикалық ауру дамиды, егер анасының қаны резус оң, ұрықтың қаны резус теріс болса.
Иә Жоқ
Нәрестелер гемолитикалық ауруының 3 түрі бар: ісіктік, сарғайған, нефротикалық.
Иә Жоқ
Нәрестеде гемолитикалық ауру дамиды, егер анасының қан тобы - O(I), ұрықтың қан тобы - A(II).
Иә Жоқ
Нәрестелер гемолитикалық ауруының анемиялық түрінің негізгі симптомы – ерте сарғаю.
Иә Жоқ
Қанды алмастырып құю – нәрестелер гемолитикалық ауруының ауыр түрінде қолданылатын ең нәтижелі ем.
Иә Жоқ
Нәрестелердің бас ми ішілік жарақаттарында байқалатын белгілері – баланың емуі әлсіз, іздеу рефлексі жоқ, тырысу болуы мүмкін.
Иә Жоқ
Бас ми ішілік жарақаттарда жиі кездесетін асқыулардың бірі – церебральді паралич, парез, энцефалопатиялар.
Иә Жоқ
Бас ми ішілік жарақаттарда ауру ағымы 3 кезеңге бөлінеді:өткір кезең, ерте қалпына келу кезеңі, кеш қалпына келу кезеңі.
Иә Жоқ
Бас сүйек ішілік жарақаттарда кеш қалпына келу кезеңі 1-2 жылға дейін созылады.
Иә Жоқ
V.Сабақты қорытындылау- 3 мин.
Оқытушы сабақты қорытындылай отырып, оқушылардың дайындығына нақты тоқталып баға қоюмен аяқтайды. Әлсіз жауап берген оқушылардың қателіктерін түзей отырып оларға қосымша сабақ тағайындайды.