СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жаңа жыл келді" сөйлеуді дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жаңа жыл келді»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная:  зейінділікке  тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая:  есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3.Оқыту – обучающая: өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу; балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету; балалардың мерекелік көңіл күйлерін көтере отырып жаттату.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл келді" сөйлеуді дамыту»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Тақырыбы/Тема: «Жаңа жыл келді»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: зейінділікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3.Оқыту – обучающая: өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу; балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету; балалардың мерекелік көңіл күйлерін көтере отырып жаттату.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, сиқырлы таяқша.

Көптілділік/Полиязичие: мереке-праздник - holiday, шырша- елка - Christmas tree, Жаңа жыл – Новый год - New year.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Балалар терезеге қарайықшы, айнала қандай?

- Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өтеміз?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

-Адамдар жаңа жылды неге асыға күтеді?

-Жаңа жылда қандай тілектер айтылады?

-Ендеше осы берілген сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.(1-2 баланың әңгімесін тыңдау).

Қыс келді.Ағаштар ақ қырауға оранып, әдемі болып тұр.

-Суретте балалар қандай мерекеге дайындалып жатыр?

-Мерекеде бізге қонаққа кім келеді?

-Жаңа жылда біз нені айналып ән шырқаймыз?

Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде тойланады. Жаңа жылда жасыл шыршаны безендіріп, ойыншықтармен сәндейміз. Жаңа жыл мерекесі отбасылық мереке. Әндер айтып, би билейміз. Жаңа жылда біз достарымызға, жақындарымызға сыйлықтар сыйлаймыз.

Көптілділік: мереке-праздник - holiday, шырша- елка - Christmas tree, Жаңа жыл – Новый год - New year.

Балалар ендеше, Жаңа жыл мерекесіне дейін біз өлең жаттап алайық.

«Жаңа жыл келді»өлеңді жаттау.

Ескі жылмен қоштасып,

Шығарып сап келеміз.

Жаңа жолмен достасып, 2 - рет

Алға баса береміз.

Келді, келді жаңа жыл,

Қуана қарсы аламыз.

Қол соғады дала, қар, 2 - рет

Билейміз, ән саламыз.

Жеке жұмыс: Маликаға з әріпі бар сөздерді қайталату.

Ал енді балалар Аяз атаның сиқырлы таяқшасымен ойын ойнап жіберейік.

Аз қимылды ойын: «Мұздатам»

Ойынның шарты:

Боран борайды - 1,

Боран борайды - 2,

Боран борайды - 3,

Түрлі фигура боп қат.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін қандай өлең жаттадық?

Өлең не туралы?

Жарайсыңдар, балалар. Аяз ата алыс сапардан сендерге жақындап қалды. Өлеңді жақсы айтсаңдар, ол сендерге сыйлықтар беретін болады.

Балаларды мадақтау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!