Жаңа жыл
Мақсаты:Балаларға сағындырып келіп жеткен қыс ерекшелігімен,жасыл шыршамен таныстыру.Жаңа ән орындалып,шеңберде жасыл шыршадан айналдырып жүргізіп,еркін ән айтқызып би билеуіне мүмкіндіктер жасау.Мерекені көңілді етіп,есте қалатындай етіп өткізу.
1Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз біз жылда той
Жарқын әсем ән салып
Жалғасады жылға жыл
Жаңа жылдық мерекеге
Шақырамыз достарды
Қане достар келіңіздер
Шырша тойы басталды.
2Жүргізуші:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел,балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер
Музыка әуенімен бірінің артынан бірі жүріп,шыршаның айналасына шеңер болып тұра қалады.
1Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер,қонақтар бүгінгі «Балбөбек» тобының жаңа жылдық ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Балалар қараңдаршы айналамыз әдемі безендірілген, шыршамыз қандай әдемі,қане бәріміз көтеріңкі көңіл күймен жаңа жылымызды тойлайық.Сіздер үшін ұйымдастырылған мерекеде әнге,биге,ойынға қатысып көңілді көтерейік.Қане шырша айналып ән айтайық.
Музыка әуенімен залға Аю мен Маша кіреді
2Жүргізуші:
Ой,балалар бұлар кімдер?
Балалар: Маша мен Аю
Аю:Сәлеметсіңдерме балалар,Жаңа жыл тойламақшы болып шыршамды безендірген едім,Маша үйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді.
Маша: Аю,аю (Секіріп аюдың қолынан қағып)мында шырша бар екен,қарашы өзі сондай әдемі осыны алайық
1Жүргізуші:Жоқ. Маша болмайды,бұл біздің шыршамыз.Біздер Аяз ата мен Ақшақарды көптен күтіп жүрміз.Солай ма балалар?Одан да сендер бізбен бірге Жаңа жылды тойлаңдар.
Маша: Аю,аю менде балалармен бірге болайыншы,мында көңілді екен,ойын ойнап, ән айтып,би билегім келіп тұр.(секіріп қуана бастайды.)
Аю:Жоқ маша сен қазір олардың да мерекесін бұзасың,үйге қайтайық, жүр,жүр (машаның қолынан сүйрей бастайды.Маша балаларды қимай жылай бастайды.)
2Жүргізуші:Балалар Маша бізбен қалсын ба?Маша сен мерекені бұзбауға сөз бер,сосын бірге тойлаймыз.
Маша:Жарайды,мен мерекені бұзбаймын,тек сендермен болайыншы
1Жүргізуші:Ендеше бәріміз Маша мен аюмен қосылып әдемі әсем шыршамызды айнала шырша туралы әндерімізді айтайық
Ән: «Елочка»
2Жүргізуші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,қане шешіп көрейікші
Жұмбақ Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын
Тауып көрші сен оны
Көңілді музыкамен залға Аққала кіреді
Аққала:
Емеспін мен қарапайым аққала
Көңілдімін сотқарлаумын аз ғана
Ойнағанды ұнатамын мен өте
Жүгіремін ойын ойнап тамаша
Қандай әдемі шырша,қайндай әсем балалар.Жаңа жыл құтты болсын. Менімен көңіл көтеруге қалай қарайсыздар.Мен түрлі ойындар білем,қане бәріміз бірге ойнайық,ойнаймызба?
1Жүргізуші : Қане балалар аққаламен ойын ойнайық кім шығады?
Ойын: «Қар жинаймыз» күрек,мусор шелек,қарлар
2Жүргізіуші:Балалар көңілді кешіміздің сәнін келтірер Аяз ата мен Ақшақарымызды шақырайық .Қане бәріміз дауыстап Азя ата мен Ақшақарды шақырайық
Балалар: Аяз ата аууу,Аяз ата аууу
Осы кезде Музыка ойналып,таяқтың тарсылдаған даусы естіледі.
1Жүргізуші:
Армысыз Аяз ата, бармысыз сұлу Ақшақар біз сіздерді асыға тағатсыздана
күтудеміз.Біздің Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер.
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым
Амансыңба қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Ақшақар: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа орап алды маңайды
Армысыңдар халайық
Бармысыңдар халайық
Жаңа жылда жұп жазбай
Бірге қарсы алайық.
Ал кәнекей балалар
Ән мен жырға басайық
Шыршамызды айналып
Би билейік асыр сап
1 Жүргізуші:Балалар Аяз ата мен ақшақарымызды ортамызға алып шырша айналып ән айтайық.
Ән: «Шырша жыры»
2Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар біз сіздерді күтіп,мерекемізді бастап кеттік.Алыс жолдан шаршап келген боларсыздар, сіздер демалып отырып,біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.Біздерде шетінен әнші,биші балапандар
Қане ортаға өз өнерлерін көрсетуге тобымыздағы микки маустарды шақырамыз
Би: «Микки маустар»биі
1Жүргізуші: Енді ортамызға өздерінің әзірлеген тақпақтарын айтуға көңілді,әдемі сайқымазақтарымызды шақырайық
Абылай:
Дала нұр,қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл
Жасыл шырша жанында
Барлық бала билеп жүр
Сұлтан:
Аппақ қарға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
Замир:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет ,төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Марлен:
Міне қызық тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Бағдат:
Аспан жерге төгеді
Ақ күміспен уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Нұрғазы:
Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып
Әнуар:
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны
Жылдамырақ келсе екен
Бізге ойыншық берсе екен
Надир:
Шыршамызда керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған
Бекарыс:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты шыршаны
Той маскарад басталды
Аяз ата оны басқарды
М.Амир:
Алақай Жаңа жыл
Бәрі аппақ ой мен қыр
Шыршада біз ойнаймыз
Жаңа жылды тойлаймыз
Қ.Амир:
Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары
Енді дала алақай
Ақ күміске толады
Нұрдәулет:
Өлеңде әзір,ән әзір
Ойында әзір,бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл Жаңа жыл
Б.Амир:
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Нұрәлі:
Асығып жүрміз бәріміз
Жасымыз үлкен кәріміз
Жап-жаңа жылға лайық
Болсын деп ән мен сәніміз
1Жүргізуші:
Аяз ата біздің тек бүлдіршіндеріміз ғана емес,сонымен қатар ата аналарымыз да сізге өз өнерлерін көрсеткісі келіп дайындалып келіпті,ендеше өнерлі ата аналарымыздың өнерін тамашалайық
Би: Қуыршақтар
2Жүргізуші:Ая зата біздің тобымыздың көңілді сайқымазақтарымыз өздерің өнерлерін көрсеткісі келіп тұр,қане тамашалайық
Би: «Сайқымазақтар» биі (балалар)
2Жүргізуші:Кезекті микки маустарымыздың тақпақтарына берсек,қане қане ортаға шақырамыз.
Айша:
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Айзере:
Жаңа жыл,Жаңа жыл
Төгілсін Жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп
Келді міне Жаңа жыл
Айшабибі:
Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары
Енді міне алақай
Ақ күміске толады
Калима:
Аяз ата жол салып
Ақ боранмен алысқан
Балаларға базарлық
Алып келді алыстан
Мадина:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Кел шырқайық баршамыз
Жасмин:
Жаңа жылмен,Жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді анамызды
Қонақтардың бәрінде
Амина:
Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейін
Ортамызда шыршамыз
Ойнап бірге күлейік
Аружан:
Біздің Аяз атада
Дорба толы кәмпит бар
Біздің бөбекжайымызда
Шырша толы ойыншықтар
Мейрамгүл:
Жаңа жыл,Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп
Келді міне Жаңа жыл
Жанель:
Көрікті шыршамыз
Шамдары самсаған
Көңілді ортамыз
Айтамыз шырқап ән
1Жүргізуші:
Аяз ата мен Ақшақар сіздер келеді деп бар өнерлерін дайындап келген тағы бір топ өнерлі ,биші ата аналарымыздың өнерін тамашалаңызшы.
Би: Сайқымазақтар биі
2Жүргізуші: Балалар өздеріңіз білетіндей Аяз ата мен Ақшақарды күтіп жүрген балалар көп,ендеше оларды ортаға алып шырша айналып ән айтып,би билеп шығарып салайық.
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым.Мені бүгін қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің де қандай әдемі.Өсе беріңдер,өркендей беріңдер. Мынау ақшақар екеуміздің сыйлығымыз. Келер жылға дейін,сау болыңдар.
1Жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөзді бөбекжайымыздың меңгерушісі Н.Абуқызына береміз.
2Жүргізуші: Құрметті ата аналар,әріптестер,бүлдіршіндер мерекеге ат салысып,бар өнерлеріңізді салғандарыңыз үшін сіздерге көп көп рахмет айтамыз.
Жаңа жыл әр отбасыға жаңа нұр,жаңа шуақ,табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты - деп мерекені аяқтаймыз
Мерекелік құттықтау сөз ата аналарға беріледі.