Пән мұғалімі: _Жанаева М.М.
| Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырыбы: | Азық-түліктер Зат есімнің көпше түрі | Пәні: қазақ тілі Күні:10.11.2016ж |
| Сілтеме: | Оқулық | Сынып: 3 |
| Сабақтың мақсаты:(білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) | Азық-түліктер туралы мәлімет беру және осы тақырып төңірегінде тапсырмаларды орындатып, лексикалық материалды оқып-үйренуге, мазмұнын ауызша әңгімелеуге, әрі қолдана білуіне жағдай туғызу. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып талқылауына, сауатты жаза білуіне, еркін сөйлеуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Білімдерін арттыруға, рухани тәлім-тәрбие алуға, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға тәрбиелеу. |
| Оқыту нәтижесі | Жаңа тақырыптың жалпы мазмұнымен танысады; Тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар жасайды; Тапсырмалардың мазмұнын түсініп, меңгереді. Ұжымда, шағын топта бір-бірін тыңдауды сыйлауды үйренеді. |
| Түйінді идеялар: | Берілген ақпараттар балалардың ойлауына және өзіндік пікірлерін қалыптастыруына, өзіндік түсініктерін ортаға салуға мүмкіндік береді. Балалардың жауабын бақылау,жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді. |
| Сабақ барысында нені ұстанамыз? | Бір-бірімізді тыңдаймыз! Пікірлерімізді сыйлаймыз! Уақытты тиімді пайдаланамыз! Тапсырмаларды бәріміз орындауға тырысамыз! |
| Сабақтың әдіс-тәсілдері: | Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, талдау әдісі, айтылым, сөйлесім,оқылым, жазылым, тыңдалым ,сұрақ-жауап, постер жасау. |
| Сабақтың көрнекіліктері: | Тірек сызба,үлестірмелі қағаздар,слайд,қосымша материалдар |
| Сабақтың барысы: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже |
| I.Ұйымдастыру кезеңі | Амандасу, түгендеу,сабаққа дайындау. | Амандасу.Сабаққа қажетті құралдарды әзірлейді. | Сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады. |
| II.Психологиялық ахуалды қалыптастыру Топқа бөліну Таныстыру | «Шаттық шеңбері» «Қайырлы күн, досым, Қайырлы күн болсын! Күнделікке бүгін Кілең бестік толсын». Оқушылар топқа бөлініп өздерін таныстырып өтеді. Үй тапсырмасын тексеру: 2) «Кім жылдам?» блиц турнир. | Оқушылар қолдарын ұстап бір-біріне тілек айтып, өлеңмен көңіл-күй ахуалын қалыптастырады Есімдеріне сын есім жалғап, өздерін таныстырады. Оқушылардың есте сақтау қабілетін және жылдамдығын тексеру. | Оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі және сабаққа деген қызығушылығы оянады. Өзі ойлана отырып сұрақтарға тез жауап береді. |
| III. Мағынаны тану | Ой түрткі: Мына жоспар бойынша баяндау 1. Ребус беріледі. 2.Жаңа сөздермен жұмыс. 2.Оқушыларға ой тастау; (Балалар, сендер азық-түлік туралы не білесіңдер? Зат есім дегеніміз ше?) 3. Азық-түліктер (Презентация) Кітаппен жұмыс. 1-тапсырма Азық-түлік түрлері (2 топ кесте толдырады) 2-тапсырма. Жазылым.(Берілген сөздерді көпше түрінде жазу) 3-тапсырма (Сөйлеп үйрен) 4- тапсырма Айтылым.( берілген сөздерді қазақшаға аударып айт.) 5-тапсырма. Сұраққа жауап беріп үйрен, жаз. 6-тапсырма Сөзжұмбақ шешу (2 топқа сөзжұмбақ парақтары беріледі) | Оқушылардың тапқырлығын тексеру. Оқушылар өзіндік ойлау қабілетімен сөздік қорын қаншалықты дәрежеде екенін көрсетеді. Оқушылар берілген тапсырманы талқылайды, өз ойларын ортаға салады, топпен белсенді жұмыстар атқарады.  | Оқушылар ребус арқылы жаңа тақырыпты анықтап алады. Түсінуге және нақтылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтарға топ болып жұмыс жасап, өз ойларын айтады. Жауаптар тыңдалып, талқыланады, қателер түзеледі. |
| IV. Ой толғаныс | Балалар, енді әр топ мүшелері өзінің тобының атына сәйкес постер жасайды. | Оқушылар азыө – түліктердің сүреттерін салады, пайдалы жағын түсіндіріп өтеді. | Өздерінің және өзге оқушылардың іс-әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді. |
| V. Сергіту сәті | Видеоролик арқылы жаттығу жасату. Қарашы, балақай, «Ақылды» тақтаға. Сергіп бір қаласың, Би биле, тоқтама. | Би билеп, жаттығу жасайды. | |
| VІ. Бекіту. | Азық-түлік дүкенінен тапсырмалар арқылы азық-түлік сатып алу. (Сұрақ-жауап арқылы бекіту.) | Сұрақтарға жауап береді. | |
| Рефлекция Кері байланыс | Балалар,бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? «Бас бармақ әдісі» Өзіңді – өзің қалай бағалайсың? Егер барлық тапсырманы өзім дұрыс орындадым десең қызыл смайликті белгіле. Егер кейбір тапсырмаларда қате жібердім десең, сары смайликті белгіле. Егер маған тапсырмаларды орындау қиын болды десең, жасыл смайликті белгіле. | Өз әрекетінің нәтижесін оқушылар өзіндік қорытынды жасайды.бағалайды. | Өзін және өзгені бағалауда дәйектемелер Өз ой-пікірімен бөліседі.келтіре алады. |
| VIІ. Бағалау | Стикерлер арқылы бағалау. | | |
| VIIІ. Үйге тапсырма | Нан, шұжық, қант сөздерін септіктерде жазу. | | |