СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жаңартылмалы энергия көздері" тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік талдамасы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіндегі онкүндік аясында өткізілген ашық сабақ талдамасы

Просмотр содержимого документа
«"Жаңартылмалы энергия көздері" тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік талдамасы»

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»










Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.Бейсетбаев

______________ 2017 жыл














«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясы

«Жаңартылмалы энергия көздері» тақырыбындағы

зерттеу сабағының талдамасы
































Алматы 2017

Колледж әдіскері

_________________ Г.Толымбек

_________________ 2017 жыл



"Киноиндустрия, механика және экономика" кафедра отырысында қаралды

02 қыркүйек 2017 жыл

Хаттама №1

Кафедра меңгерушісі___________М.Исмагамбетова






Құрастырған:

1 санатты оқытушы

техника және технологиялар магистрі

________Дуйсенбаева А.А

























Сабақтың мақсаты: 

Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауында қозғалған бағыттарды кеңінен тарқату,жасыл энергетика мүмкіндіктерін саралау. Электротехника, электроматериалдар,электрорадиомонтаждау және болашақ энергиясы тақырыбы арасында байланыс орнатып, мамандыққа баулу.

Көрнекілігі: бейнефильмдер,макет «FUTURE ENERGY», документ камера,интерактивті тақта, слаидтар.


Өтілетін орны: 102 аудитория

Өтілетін уақыты: 2қараша сағ: 11.20



Өткізу барысы:

Этап

Тапсырма

Уақыт

Студенттердің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Кіріспе

Жаңалықтар топтамасы

BOLAS’AQ TV

3 мин

2 студент жаңалықтар топтамасын береді, қалған аудитория тыңдайды

Пультпен басқару қызметін атқарады Бағдарлама жайлы тоқталып,студенттердің әрекетін жалғастырады..

Тренинг

Жүректен жүрекке

2 мин

Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында елге қосар үлесін айтып бір біріне жүрек тапсырады

Болашақ жаңартылмалы энергия көздерінде екенін атап өтеді.


Үй тапсырмасын тексеру барысында топқа бөлу


Топқа бөліну

7мин

ЭКСПО ның талисманы болған Сауле,Мөлдір, Қуат болып 3 топ түзіледі.

  1. Блиц сұрақ- жауап


Уй тапсырмасы бойынша интерактивті тақтада 3 түске(сары,көк,жасыл) жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы 3 топты құрау.

Жаңа сабақ

Алдыға қойылған «Табиғи ресурстардың таусылуы және жаңартылмалы энергия көздері» проблемалық сұрақ аясында зерттеу жұмысы

15мин

10 мин макет бойынша 2 студент түсіндіру жұмысын жүргізеді. Топтар оны талқыға салады,саралайды.

5мин «Табиғи ресурстардың таусылуы» бойынша проблема туындатып, студенттерге шешу жолдарын, жаңартылмалы энергия көздерін табуға тапсырма береді.

Теориялық білімді қорытындылау

ЭКСПО бізге не берді?

3 мин

Сұраққа өз ойларын 3 тілде айтып жеткізеді

Тест тапсырмасын орындау

Сұрақты ұсынады.

Диалог жүргізеді.


Тәжірибелік бөлім

Топтық жұмыс

Тізбек жинау жұмысын орындау

10 мин

1топ Дәнекерлеу жұмысын орындау

2топ Electronics Workbench бағдарламасында тізбектің электронды нұсқасын құрау

3топ Берілген резистор, конденсатор транзистордың маркасын номиналын анықтау

Қадағалайды

Қорытындылау және мамандықпен байланыс орнату

4 курс студенті студенттерден интервью алады

5 мин

4курс студенті Оператор шеберлігі пәні бойынша интервью барысында қолданылған әдіс туралы айтып өтеді

Студенттерді бағыттап отырады

Бағалау

Топтық өзара бағалау

2 мин


Басқа топтың тапсырмасын тексереді.

Кері байланыс

Эмблеманың 3 түсін әр топ біріктіру арқылы тақырыпты түйіндеу




2 мин

Жаңартылмалы энергия көздері жөніндегі ой-пікірлерін анықтау. Лидер анықталады

Сабақ барысына алған ой-пікірлері мен әсерлерін бөліседі.


Дереккөздер:

  1. Пит Дадли Lesson Study: нұсқаулық











Кіріспе

Жаңалықтар топтамасы BOLASAQ TV

Нұрбек:

Армысыз Мәңгілік еліміздің жарқын азаматтары!Сіздермен Болашақ news және оның тілшілері Бекмухаева Кымбат , Әбінәлі Нұрбек.

Қымбат: Елбасының мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапты. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады.

Нұрбек: Ия, Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынды. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп ,әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынып берді.

Қымбат:Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартып, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, «білім культін» қалыптастыру. Бұл бәрімізге жүктелген міндет.

Нұрбек: Осы тұрғыда, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, онкундік жарияланып, колледждің үздік оқытушылары ашық сабақ беруде.Бұл білім ордасы 1940 жылы СССР дің № 405 бұйрығымен киноиндустрия мамандарын даярлайтын кинотехникумнан бастау алады. Мінеки биыл 77 жылдық тарихы бар ордалы оқу орны әлі де кино мамандарын және сапалы біліммен қаруланған IT мамандарын даярлауда.

Колледж туралы бейнебаян

Олай болса «Туған жер» бағыты аясында жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын елімізді таныту шарасы болып табылған ЭКСПО көрмесімен байланыс тапқан «Жаңартылмалы энергия көздері» тақырыбындағы ашық сабақ бейнетүсіріліміне назар аударайық!

Оқытушы: Көріп отырғандарыңыздай, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барша Қазақстандық жұмыла іске кірісті. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… бұл менің емес Ұлт көшбасшысының сөзі! Олай болса, мен де Политехникалық колледждің электротехника пәнінің оқытушысы – табиғи байлықты қолдану бүгіннің еншісінде, ал«Жарқын болашақ – жасыл энергетикада» деген сөзбен бүгінгі зерттеу сабағын бастағым келіп отыр.Олай болса, біз бұл бағдарламаның іске асуына қандай үлесімізді тигізе аламыз? (Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында елге қосар үлесін айтып бір біріне жүрек тапсырады)

Оқытушы: Ернат мен сенің киноиндустрия саласында мықты маман болып , биік белестен көрінетіндігіңе сенемін!

Ернат:Ернұр сенің бір ғылыми жаңалық ашатыныңа сенемін!

Ернұр: Жалғас сен 3 тілді жоғарғы деңгейде меңгересің!

Жалғас: Бағдаулет сен Туған жердің кереметтігін көрсететін әйгілі фотограф боласың!

Бағдаулет: Дастан сен Қазақстанның 100 есімінің қатарынан табылатын спортсмен боласың!

Дастан: Еркебұлан сен Қазақстанның экономикасына үлес қосасың!

Еркебұлан: Ия рахмет, осы жерде атап өтетіні Елбасының ысырапшылдыққа жол бермей, үнемдеуді үйренуді тапсыруы! Қарапайым мысал келтірсек, уйдегі 100Вттық электр шамын жәй ғана 10 сағатқа өшіруге ұмытып кеттік дейік,көбіміз айтуымыз мүмкін онда тұрған ештене жок деп, ал сіздер не дейсіздер?

Қайрат: ия, ол процесстің орнына 38 кг нан пісіруге ,2 жұп аяқ киім  тігуге, 14 кг сыр өндіруге, 12 сағ теледидар қарауға,  2 сағ үйді шаң сорғышпен соруға жеткілікті .

1.Үй тапсырмасын тексеру

Оқытушы: Ия дұрыс айтасыздар. Олай болса рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Яғни ысырапшылдыққа жол бермей, үнемдеуді де үйренген , жан жақты дамып, біліммен қаруланған қоғам қалыптастыруымыз керек. Ендеше,білімнің салтанат құратынын заманның келгенін айқындайық!

Электрорадиомонтаждау тәжірибесі бойынша өткен тақырыпқа шолу жасайық!

  1. Электр тоғы соққанда қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

  2. Дәнекерлеу дегеніміз не?

  3. Дәнекерлеуіштер неше топқа жіктеледі?

  4. Флюстың түрлері

  5. Ақпарат кабельдеріне не жатады?

  6. ВВГ маркілі кабель туралы не білесіз?

  7. Дәнекерлеу жұмыстары қандай стандартпен қадағаланады?

  8. Баспа платасы дегеніміз не?

  9. Дәнекерлеуіштер қандай түрде шығарылады?

  10. Кең тараған ПОС61 белгіленуінің сыры неде?

  11. Резисторлар қандай топқа бөлінеді?

  12. Дәнекерлеу технологиясы?

Уй тапсырмасы бойынша интерактивті тақтада 3 түске(сары,көк,жасыл) жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы 3 топты құрау. ЭКСПО ның талисманы болған Сауле,Мөлдір, Қуат болып 3 топ түзіледі.


1.Сәуле тобы – Күн энергиясын

2.Қуат тобы- Жердің күш қуатын

3.Мөлдір тобы – судың энергиясын тұтыну болашақ- альтернативті, жаңартылмалы энергия көздерінде екенін аңғартады.

  1. Жаңа сабақ

Қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс, көңіл көтеру орындарының тіршілігі, бүкіл өндіріс, өнімдерді өңдеу, басқа да қажетті заттарды жасау технологиялары электр энергиясын қолдана отырып жүзеге асатынын білеміз.

Дәстүрлі энергия көздері ретінде органикалық отын, яғни көмір, мұнай, газ пайдаланылатыны белгілі. Бірақ табиғатта қоры шектеулі: ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Дәлелденген әлемдік мұнай қорының көлемі 2015 жылдың аяғындағы жағдай бойынша, жерде 2 трл. жуық мұнай баррелі болғандығын көрсетеді. Ал мұнай өндіру қарқыны осылай жалғаса берсе, оның қоры 53,3 жылға ғана жетеді. Сондықтан бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін іздестіру өте маңызды мәселе болып отыр.

«Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз» деп атап өткен. Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне Астанада өткен ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс берді .Бәрімізге мәлім әлем назарын аудартқан ЭКСПО көрмесі биыл «Болашақ энергиясы» деген атаумен, электр энергиясын алу, тиімді пайдалану бойынша тәжірибе алмастық.Жаңалық ашылды .

1.Қайрат ЭКСПО жайлы қандай ақпаратпен бөлісе аласыз?(Қайрат презентация қорғайды).


Баламалы энергия дегеніміз не?

Баламалы энергетика – энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес Күннен, геотермиялық көздерден температураны және т.б.пайдалану арқылы алу. Қазіргі таңда баламалы энергетика қарқынды дауда. Оның себебі экологияның нашарлауы болып келеді. Баламалы энергияның көптеген түрі бар оның ішінде:

  • Күн энергиясы

  • Жел энергиясы

  • Су энергиясын пайдалануды біз қарастырған болатынбыз. Енді биоотын деген түсінік енгізсек.

Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын.

Биодизель – өсімдік, жануар, микроптытан шыққан майлар және солардың этерификацияланған өнімдері негіз ретіндегі отын. Биодизельді отынды алу үшін оған өсімдік немесе жануар майын қолданады. Шикізат ретінде рапс, соя, пальма, кокос майы немесе кез-келген басқа да шикі-майлар, сондай-ақ тамақ өндірісіндегі қалдықтар қолданылады. Биодизелді су өсімдіктерінен өндіру технологиясы жобаланып жатыр.

Сұйық биожанармайды өсімдік майынан катализаторды қосып, май айыру әдісімен алады. Негізінде сұйық биожанармайды өндіру үдерісін қарапайым адамдар көрген немесе самогон түріндегісін жеке өндіріп көрді. Шикізат әлемінде сұйық май өндіру үшін әртүрлі өнімдерді пайдаланады. Мысалы:

биоэтанол;

биометанол;

биобутанол;

диметилэфир;

биодизель.

Айта кетейік, жүгері мен қант қамысынан биоэтанолды алады. Бұл өндіріс Бразилия мен АҚШ-та 90%-ға дамыған. Осы елдерді негізгі шикізат өндірушілер ретінде атауға болады. Ал биобутанол дегеніміз қарапайым спирт. Оны өндіру АҚШ-та жақсы дамыған. Биоотынға шикізат ретінде қызылша, бидай, маниок та қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, биоотынға тән ең жоғарғы техникалық сипаттама рапс майынан алынады.

Ал сіздер биодизелді алудың тағы басқа қандай әдісін ұсына аласыздар?


Ернұр: бізде әр тұрғыда қарастырып көріп, мынадай қызықты ұсыныс тастағымыз келеді.

МАКЕТ «FUTURE ENERGY»











Аты жөнім Мухтарханов Ернұр,2курс студентімін.

Зерттеу жұмысымның аясы Үшінші буынды биоотын.

Яғни биоотынмен өз өзін энергиямен қамтамасыз ететін шағын 10 мыңдай тұрғыны бар жылжымалы қала- дирижавльдар.Бұл қалалар өз платформасында суда жүзе алады, ауада ұшып, басқа да платформаларға қона алады. Ішінде жеке пәтерлер, дүкен, ойын сауық кешендері, сұлулық салон барлығы бар.Қазіргі кезде 3дМАХта 3д тур жасауға кірістік. Ал бұл туынды энергияны қайдан алады? Үшінші буынды биоотын балдырлардан алады.Қазақстанда балдырлардың 3000 дай түрі бар. Бұл дирижавльда балдырлар сыртын қаптай контейнерларға өсіріліп, шағын ферма құраған.

Балдырлар сулы,жарық жерде жылдам қарқынмен көбейгендіктен бұл ең тиімді әдіс. Өсе отырып, атмосфераны оттегімен байытып, пар эффектісінен құтқарады.

Балдырлар «майлы» болып келеді, мысалы балдырлар штаммында майдың құрамы 75-85% құрғақ салмағын құрайды..Ал бұл май мұнайдың қасиеттерімен пара пар. Балдырды өңдеу салдарында пальмалы майға қарағанда3,5 есе, қант таяқшасына қарағанда 5 есе,жүгері майына қарағанда 8 есе көп биоотын алынады.. Бұл фермада балдырлар күніне 1м2 ауданға 50 гр. нан өседі деп жоспарланып отыр.












Атым Бейбарыс,2курс студентімін. Зерттеу жұмысымның аясы Графен негізіндегі күн энергиясын жинақтаушы панелдер













Күн энергиясы – жаңартылмалы энергияның қайнар көзі.Сол себепті, кремнилі энергия жинақтаушы панелдерге қарағанда, наноматериал графен негізіндегі панелдерді пайдалану әлдеқайда тиімді. Мына макеттегі панел- ағашты әрі энергия жинақтаушы әрі түнде керемет сәуле шашатын қала көркі ретінде қолдануға болады.Бұл пластиналар өте жұқа , жеңіл және жарықты екі жағынан да жұту мүмкіндігі бар.Графен көміртегінің 1 атом қабатынан ғана тұратын уникалды материал.Бұл жерде тиімділікті айту үшін бір физикалық жайтқа тоқталсақ. Кун сәулесімен келген фотондар панел бетіне түсіп, ондағы бос электронды ытқытып шығарады, ал ол электрондар ағынынан тоқ пайда болады.Олай болса кремнийлі пластинада бир фотонға бир электрон ытқыса, графенде бірнеше электрон бірден ытқып шығады .екі материалдың ерекшелігі КазНТУ технопаркінде наноэдюкейтер сканерлеуші микроскопында қаралды.Тағы бір ерекшелігі жаңбыр жауғанда да, тамшылардан энергия алынады.


Оқытушы:Жаңартылмалы энергия көздері арқылы электр энергиясын өндіру бүгінгі таңда 420 миллион киловатт-сағат болып отыр.Бұл өткен жылмен салыстырғанда тек

5 % өскен. «Жасыл энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады, яғни:

● ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресуге;

● балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготи;імділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу;

● энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;

● энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару;

● тұрақты қуат көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету

Осы орайда биоотын мен нанотехнология жетістіктерін дұрыс бағытта қолдана алуымыз қажет.Рахмет сіздерге!


Оқытушы In English: Көрме жайында көп айтуға болады, дегенмен бәріміз көрмені тамашалап, танысып қайтқанбыз, тек қорытындыға тоқталсақ.

About the exhibition we can talk endlessly, but lets focus on the results of the EXPO,because we went there with you and witnessed grand and historically important event of our country.

WHAT did EXPO give us?

Жалғас In English:

Firstly its an infrastructure.All the beauty whichwas built for the exhibition will be used as a technology park for the development of IT technology and a scientific center for the implementation of green energy.

Біріншіден инфрақұрылым, яғни ғимарат IT саласындағы стартап проектілерді дамытатын технопарк және жасыл технологияларды зеттейтін орталық ретінде қызметін жалғастырмақ.

Бағдаулет орысша :Во вторых по мониторингу экпертов, более 150 научных открытий, 68 технологий из них начнут внедрять в Казахстане.

Екіншіден сарапшылардың мониторингі бойынша 150 дей ғылыми жаңалықтар ашылды, соның ішінде 68 технологияны Қазақстан енгізуге қадам жасады.

3 студент қазақша:Ия дұрыс айтасыздар,үшіншіден энергияны өндіру саласы ғана емес, үнемдеу эффективтілігі де өз нәтижесін берді.Мысалы, университеттерде энероаудит, энергоменеджмент деген мамандықтар да ашылды.Жастардың интеллект деңгейі көтеріліп, сананың жаңғыруы басталды.


Оқытушы: Өте жақсы, мұндай жаңалықтар ашып, оны жетілдіру үшін электротехника, электрорадиоматериалдар, электрорадиомонтаждау пәндерін жақсы меңгеру қажет.

Сіздерге тәжірибелік тапсырма беріп, қаншалықты бұл пәндерді игергендеріңізге көз жеткізсек.

1топ Дәнекерлеу жұмысын орындау

2топ Electronics Workbench бағдарламасында тізбектің электронды нұсқасын құрау

3топ Берілген резистор, конденсатор транзистордың маркасын номиналын анықтау

Тілші: Кайырлы күн, алаш қауымы! Көріп отырғандарыңыздай студенттер тәжірибелік жұмысты аяқтап қалған тәрізді,сұхбаттасып көрсек...

1 топқа сұрақ: Дәнекерлеу барысында қандай қиындық болды және тізбек іске қосылды ма?

2топқа: Қандай бағдарламада жұмыс жасадыңыздар?

Студент: Кез келген радиоэлектронды құрылғыны жасау физикалық және математикалық моделдеумен қатар жүреді. Electronics Workbench бағдарламасы аналогты және цифрлық тізбектерді моделдеуге мүмкіндік береді.

Тиімділігі:

  • қауіпсіз және ешбір элемент қателескен жағдайда істен шықпайды

  • қателік болмайды

  • уақытты үнемдейді

3топқа: Резисторлардың қандай моделге номиналы кандай екенін қалай анықтауға болады?

Студент:Оны қолдағы анықтамалық ақпарат арқылы анықтауға болады немесе қазір цифрлы заманның дамуына байланысты түрлі электронды приложениелер арқылы да анықтай аламыз. Интерактивті тақтадан мысал келтіріледі.

Тілші:Жауаптарыңызға рахмет, тәжірибелік бөлімді қортындыладық сіздердің алып жатқан мамандықтарыңызға байланысты осы түсірілім барысында қолданылған әдіске де біраз тоқталсақ.

Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі.

Бүгінгі қолданған түріміз:Хабарламалы интервью — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ-жауап түріндегі диалог интервью .

Репортаж ең алдымен болған оқиға, байқалған құбылыс жайында бастан-аяқ баяндау. «Репортаж» сөзі латын тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Репортаж – оқиғаларды орнынан жедел және көркем етіп беретін жанр. Жанрдың негізгі қасиеті – «болу эффектісі» - бұл оқырман, тыңдаушы, көрермен болған оқиғаны репортердің көзіменкөруі және естуі.

Сегіздік әдісі туралы айтып өту

  • Kahoot кешенінде өткен тақырып бойынша тест алу.



7.Бағалау Топтық өзара бағалау

8.Кері байланыс Эмблеманың 3 түсін әр топ біріктіру арқылы тақырыпты түйіндеу Жаңартылмалы энергия көздері жөніндегі ой-пікірлерін анықтау. Лидер анықталады




1 топ:

– Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды, – деп білімді жұрттың болашағы жарқын болатынын айтқан. Жаһанданып бара жатқан жаңа заманның ағымына ілесеміз десек,біз білімге талпынуымыз керек. Өйткені, кемел келешек бүгіннен басталады.



2топ:

Жасыл энергетика басты мақсат біз үшін

Өз көмегін берері анық сіз үшін

Жеті бағыт жоспарланды мінеки

Пайдамызды тигізейік ел үшін!



3топ: Болашақ энергиясы – жаңартылмалы энергия көздерінде! Оған бәріміздің көзіміз жетті деп ойлаймыз!

Жаңалықтар тілшісі Қымбат:

Әр қырынан танылған колледж студенттері бүгінгі іс шара барысында қоржындарын қажет біліммен толықтырып, білім кеңістігінде тағы бір саты көтерілді.

Нұрбек:Ендеше білім жолындағы сапарлары сәтті болғай! Сіздермен болған Бекмухаева Кымбат , Әбінәлі Нұрбек. Жағымды жаңалықтар көп болсын!

Ү.27 СМЖАМПККСТ 11 1Басылым


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!