СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 16.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жанды және жансыз табиғат (Әңгіме)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу қызметін балаларға әңгімелеу. Түсіндіру

Просмотр содержимого документа
«Жанды және жансыз табиғат (Әңгіме)»


Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Жанды және жансыз табиғат»

Мақсаты: Жанды және жансыз табиғат,олардың белгілері туралы түсінік беру:Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру ,табиғатты көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: жанды және жансыз табиғатқа жаттатын заттардың суреттері, қима карточкалары.

Сөздік жұмыс: жанды, жансыз табиғат.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Өлең оқиды:

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер

Жер- ана, көл, теңіздер.

  • Әр адамның өзі үйі бар. Әр жануарлардың да өз үйі бар.Жәндіктер, гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар.

Балалар осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды ?



Тәрбиешімен өлең жолдарын қайталайды.






-Бәріне ортақ үйді жер деп атаймыз.

Іздену-ұйымдастырушы

Біз Жер бетінде өмір сүреміз.

Табиғат туралы түсінік беру.

Табиғатқа не жататынын ажырату.

Табиғат екіге бөлінеді.Жанды және жансыз табиғат болып.

Суретпен жұмыс:

-Ағаш, гүл,құстар мен аңдарды, баланы т.б неге жеке бөліп алдыңдар?

-Олардың қалай дамитындарын айтып беріңдерші?

Сұрақтар қоя отырып жанды және жансыз табиғат туралы толық мағлұмат беру.

Сергіту сәті.

Мен жанды табиғат заттарын атасам, әртүрлі қозғалыстар жасайсыңдар. Ал жансыз табиғат заттарын атасам, тыныш отыра қаласыңдар.

Дәптермен жұмыс:


Жеке жұмыс жүргізу:


Проблемалық сұрақтар қою:

  • Табиғаттағы кейбір заттар жоқ болып кетсе, не болар еді?

«Адам бәрін табиғаттан үйренеді» деген сөйлемді дәлелдеп көрейік.

Дидактикалық ойын.

  • Біздің үйіміз түнде қалай жарық болып тұрады?

  • Шамды немен салыстыруға болады?

  • Күн жарық қана бермейді, жылу да береді.

  • Ал үйді қыста қалай жылытамыз?

  • Табиғатта жаңбыр жауады, ал үйде ше?

Жеке жұмыс.

  • Табиғатта қар жауады, мұз қатады, ал үйде ше?

  • Ұшақты неге қарап жасады?

  • Тікұшақты неге қарап жасады?

  • Суасты кемесін ше?

Назары тәрбиешіде мұқият тыңдайды.


Табиғат туралы түсінік алады.



Суреттердің атын атап ,олардың табиғатқа жататынын дәлелдейді.

Жанды және жансыз табиғатты атап береді.




Сергіту жаттығуына сәйкес қимылдар жасайды.


Жұмыс дәптеріндегі

тапсырмаларды орындайды.



Проблемалық сұрақтарға жауап береді.





  • Шам жарық береді.

  • Күнмен.

  • Пешпен, жылытқыш құралдармен.

  • Краннан, душтан.


  • Мұздатқышта,

Тоңазытқышта.

  • Құстарға.

  • Инелікке.

  • Китке

Рефлексті коррекциялаушы

Балалардан бүгінгі оқу іс–әрекетінен алған әсерлерін, қандай тақырыпқаәңгімелескендерінсұрайды. Сұрақтар қою арқылы оқу іс–әрекетін қорытындылау.

Балаларды бағалап,мадақтау.

Сұраққа жауап беру арқылы естеріне түсіреді.



Күтілетін нәтиже:

орындайды: жанды және жансыз табиғат нысандарын және адам қолымен жасалған заттарды ажыратады;

түсінеді: жансыз және жанды табиғатқа тән белгілерді;

қолданады: адам мен табиғаттың тығыз байланысы туралы білімді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Поделитесь с друзьями
ВКонтактеОдноклассникиTwitterМой МирLiveJournalGoogle PlusЯндекс